Мазмұны: кіріспе Аналитикалық бөлім



бет1/3
Дата14.10.2023
өлшемі56,33 Kb.
#114326
түріРеферат
  1   2   3


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Темір жол көлігі үшін ақпараттық технологиялар-ды дамытудың әлемдік тәжірибесін талдау.



Орындаған: Өзбеков Д.Т
Тексерген: Доштаев К.Ж
Тобы: Л-20-2к
Мазмұны:

  • 1 Кіріспе

  • 2 Аналитикалық бөлім

  • 3 Теміржол көлігінде жергілікті жұмыстардың АБЖ-ң технико-экономикалық тиімділіктер есептеулері

  • 4 Қорытынды

  • 5 Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1 Кіріспе
Теміржол көлігі – халық шаруашылығының ірі салаларының бірі , оның үлесіне мемлекеттің өндірістік қорының 10%. Теміржол көлігінде 148 мың.км желіге 10 млн. астам басқару объектілірі бар. Теміржол көлігінің жұмыстарын ұйымдастыру үшін алдымен жүк тасымалының жоспарын құрастыру керек. Көлік түрлері арасындағы жүкағымын тиімді ұйымдастыру керек, желіде локомотив және вагон парктерін орнату, сұрыптау стансалары арасында тасымал жұмыстарын бөлу және т.б. Осы қиын, көпнұсқалы тапсырмалар тек ЭЕМ көмегімен ғана шешілуі мүмкін. 
Теміржол көлігіні пайдалану есептерін шешу үшін ЭЕМ қолдану 50 жылдардың соңында болды. 60 жылдардың басында машиналарда бағыттарда пойыздарды құрастыру жоспарының есебі, жоспарлы тәулікте түсіру болжамы және т.б. есептелді. 60 жылдардың соңында лабораториялар, содан кейін Свердловск, Донецк жолдарында есептеу орталықтары ашылды.
ЭЕМ қолдану жылжымалы құрамның жұмысы және күйі, орнеасқан жері туралы оперативті және статистикалық ақпараттарды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Құжатайналымы, есептеу, жоспарлау және басқаруды жаңартуға жағдайлар болды. Еңбек өнімділігін бірден жоғарылатуға және қол операцияларының көлемін қысқартуға мүмкіндік болды.
ТЖБАЖ басты мақсаттары: басқару жұмыстарын және ең бастысы оны пайдалану саласын жаңарту; барлық жоспарлау түрлерін және кәсіпорын жұмыстарын басқару; негізгі қорларды,материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану; сала жұмыстарының техникалық-экономикалық көрсеткіштрін жақсарту.
Сонымен бірге ақпараттандыру саланың негізгі стратегиялық міндеттерін – тасымал көлемін өсіру, бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру, көлік щығынын төмендетуді шешуге арналған құрал ретінде қарастырылады.
Құрылымдақ реформалар шеңберінде тасымал процесін басқарудың дәстүрлі құрылымы қайта қарастырылады, басқару деңгейлері арасында функциялар қайта үлестіріледі, шұғыл диспетчерлік қызметкерлер және олардың жауапкершіктегі аудан шекараларының лауазымдық міндеттері өзгереді. Тасымалды шұғыл басқару процесінің ажырамас бөлігі болып әр түрлі автоматтандырылған жүйелерді қолдану табылады.
Автоматтандырылған басқару жүйесі – экономикалық-математикалық әдістер, техникалық құралдар (ЭЕМ, байланыс құралдары, ақпаратты суреттеп көрсету құралдыры, мәліметтерді жіберу және т.б.) және күрделі объектілерді (мысалы, кәсіпорын, технологиялық процесс) рационалды басқаруды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған кешендердің жиынтығы.
Автоматтандырылған басқару жүйесін құрудағы ең маңызды мақсаты –басқарудағы еңбек өнімділігінің өсу негізінде және жоспарлау әдістерін толық жетілдіруде және басқару процесін икемді реттеуде объектіні басқару тиімділігін күрт көтерілуі (өндірістік, әкімшілік және т.б.).
Берілген жүйелердің дамуы олардың құрамында қазіргі заманға сай, ең дұрыс және берілген мәліметтерінің өзінің толықтығы мен тәптіштеулігі бойынша ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-басқару міндеттерін; тұтынушыларға – шұғыл диспетчерлік қызметкерлерге құрал-саймандарды құруға мүмкіндік беретін – диалогтік режимде басқарылатын шешімдерді қабылдау және дайындауды жүзеге асыру олардың орындалу бақылауын қамтамасыз ету; жоспарланатын және басқарылатын пайдаланушылық шешімдерді, олардың техникалық-экономикалық бағасымен қолдау көрсетуді тұспалдайды.
Темір жол көлігін ақпараттандыру – бұл теміржол көлігіндегі ақпараттық қызмет пен ақпаратты барлық жерде қолдану және тарату, көптеген тәсілдерді енгізу және құралдарды өңдеу, ақпаратты жіберу және сақтау негізіндегі өндіріс үрдісі.
Ақпараттандырудың басты мақсаты – барлық технологиялық үрдістерді және темір жол көлігіндегі қызмет көрсету қабаты, жарық экономикасы жағдайларында жұмыс саласын максималды тиімді ету үшін ақпараттық негізді құру. 
Ақпараттандырудың 2 деңгейін қарастырылады: қолданбалы және қамтамасыз етуші. 
Қамтамасыз ету деңгейі ақпаратты ортаның құрылуымен және ақпараттандырудың инфрақұрылымын дамытумен байланысты. Ақпараттық орта – бұл деректер базасы жүйесіндегі ұсынылған ақпарат, нысанды функциялауды қамтамасыз ететін басқару органдары мен жеке қолданушылар теміржол көлігімен байланысты. 
Әрине, ақпараттық ортаны жобалау мақсаты әрбір қолданушының барлық жері бойынша қажетті сенімді ақпараттармен керек уақытында және қолайлы түрде қамтамасыз етуге бірыңғай ақпараттық кеңістік құру.
Ақпараттық инфрақұрылым мынаны өзіне қосады:

  • тасымалдау үрдісін басқаруда, барлық талап бойынша маркетингтік және экономикалық қызмет өткізу үшін қамтамасыз етуші мен қолданушы деректер базасы бар басты есептеу орталығы;

  • жолдағы ақпараттық есептеу орталықтары, ақпараттық қызметтің кешенді түрін ұсыну;

  • ақпаратты қамтамасыз ету оталарын орындау, есептеу, телекоммуникациялық қондырғылар;

  • деректерді беру жүйесі;

  • ақпаратты ортада пайдалануға арналған, ақпараттық құралдар құрылғысы.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет