Мазмҧны кіріспе



Pdf көрінісі
бет55/144
Дата01.04.2022
өлшемі2,17 Mb.
#29506
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   144
2. ШӘКӘРІМ ҚҦДАЙБЕРДИЕВ 
(1858-1931) 
Шығармашылық ғҧмырнамасы 
 
Шәкәрім  шығармашылығы  –  қазақ  әдебиетінде  Абайдан  кейінгі  ірі 
құбылыс. Ол – Абайдың жақын інісі болумен бірге, тікелей Абай мектебінен 
ӛткен  нағыз  шәкірті.  Шығыс,  Батыс  классиктерінің  шығармашылығын  жете 
танып, мұсылмандық ілім-білімді де еркін меңгерген. Түрткі халықтарының 
тарихын  терең  білетін,  діни,  тарихи  тақырыптарға  еңбектер  жазған 
(“Мұсылмандық шарты”, “Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханылар шежіресі”, “Үш 
анық”) ғұлама ғалым. 
Ұзақ  жылдар  бойы  солақай  саясат  кесірінен  ескерусіз  қалып,  әдебиет 
тарихына  енбеді.  Шәкәрім  –  әдебиеттің  кӛптеген  жанрларында  туындылар 
жасаған  қаламгер.  Шығармашылығының  басты  тақырыптары  сол  кездегі 
қазақ  қоғамының  бар  саласын  қамтыған.  Ол  әсіресе,  Абай  үлгісін  шашуда 
елеулі еңбек етті. Сондықтан Абай дәстүріндегі кӛркемдігі жоғары, мазмұн, 
түр  жағынан  сонылығы  басым,  үлкен  қоғамдық-әлеуметтік  мәні  бар 
лирикалар  туғызды.  Абай  ұстанған  ағартушылық,  гуманистік  кӛзқарасты 
қатты қолдады. 
Алғашқы  жинағы  “Қазақ  айнасындағы”  (1912)  ӛлеңдері  қамтитын 
тақырыптардың  бастысы  –  адам  тағдыры,  адам  ӛмірінің  мәні,  адамгершілік 
тәрізді  философиялық  ой-таным.  Жанға,  тәнге,  кӛңілге,  ӛлім  мен  ӛмірге 
байланысты  ӛлеңдер  (“Ӛзіме”,  “Ӛмір”,  “Талап  пен  ақыл”,  “Адамшылық”, 
“Адам  немене”,  “Кӛңіл”,  “Тәңірі  мен  жан”,  т.б.)  Шәкәрім  поэзиясының 
негізгі  желісі.  Ӛлеңдерінде  ой  тереңдігі  мен  ақындық  танымның  кеңдігі 
(“Ӛлген кӛңіл – ындынсыз ӛмір”, “Тіршілік, жан туралы”, “Жан менен дене, 
һәм кӛңіл”) кӛзге айқын шалынады. 
Шәкәрім  халқының  санасын  тұмшалаған  отаршылдық  қасіретін  ашып 
кӛрсететін,  елім  деген  жүрек  бұлқынысын  танытатын  ӛлеңдерді  де  кӛптеп 
жазды.  Оларда  азаматтық  сарын  басым  болып  келеді.  “Қазағым”,  “Қазақ”, 
“Тағы  сорлы  қазақ”,  “Партия  адамдары”,  “Бостандық  туы  жарқырап”, 
“Бостандық таңы атты” ӛлеңдерінде ой тереңдігі арқылы замана шындығын 
ашудағы ізденістері байқалады. Шәкәрім лирикасын шартты түрде кӛңіл-күй 
және ой-толғаныстар деп екі салаға бӛлуге болады. 
Ш.Құдайбердиев  1858  жылы  11  шілдеде  Шыңғыс  тау  бӛктерінде,  қазіргі 
Шығыс  Қазақстан  (бұрынғы  Семей)  облы-сының  Абай  ауданында  дүниеге 
келген.  Шәкәрімнің  әкесі  Құдайберді  –  Құнанбайдың  Күңке  дейтін 
бәйбішесінен  туған  жалғыз ұлы. Құдайбердінің Дәметкен  (Тӛлебике) дейтін 
бәйбішесінен  Омар,  Мұртаза,  Шаһмаржан,  Шәкәрім  туған.  Ол  –  Абайдың 
немере інісі. 


146 
 
Шәкәрім  бес  жасында  ауыл  молдасынан  хат  таниды.  Әкесі  Құдайберді 
1866 жылы отыз жеті жасында дүниеден ӛтіп, Шәкәрім жеті жасында жетім 
қалады. Бұған оның мына ӛлең жолдары куә: 
  
Бесімде оқу білсін деп
Ата-анам берді сабаққа. 
Жеті жаста жетім боп, 
Түскендей болдым абаққа 
40

 
Шәкәрім әкеден жетім қалғанымен, жетімдік кӛрмеген, Құнанбайдың ерке 
немересі болып ӛскен. Ӛзі “Қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта 
алмай,  ғылымнан  мақрұм  қалып,  ойыма  не  келсе  соны  істеп  әдепсіз, 
ғылымсыз  ӛстім.  Әйтсе  де  түркі  танып,  орысша  хат  танып  қалдым”,  –  деп 
жазады  “Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм  ханлар  шежіресі”  атты  туындысында. 
Сӛйтіп  білім-ғылымның  қадір-қасиетін  кештеу  болса  да  терең  түсініп,  ӛз 
бетімен оқып-үйреніп, рухани қазыналарға кӛп үңіледі. Қазақ халқының бай 
әдеби  мұрасына  қоса,  ӛзге  жұрттың  да  әдебиетін  жетік  білген  Шәкәрім  кӛп 
тілді  (араб,  парсы,  түрік,  шағатай,  орыс)  меңгерген.  Шәкәрімнің  азамат 
ретінде  қалыптасуында,  Абай  тәрбиесінің  ӛзіндік  орны  бар.  Оның  ӛз 
заманының  білімді  де,  парасатты  азаматы  дәрежесіне  кӛтерілуіне  Абай 
ерекше  әсер  еткен.  Бұл  туралы  жоғарғы  еңбегінде  Шәкәрімнің  ӛзі  былай 
дейді: “Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза – қа-зақ ішінде Абай 
деп  атайды  –  сол  мұсылманша  һәм  орысша  ғылымға  жүйрік,  һәм  алланың 
берген  ақылы  да  бұл  қазақтан бӛлек дана  кісі  еді,  ержеткен  соң  сол  кісіден 
тағылым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, аз ғана ғылым-
ның  сәулесін  сездім.  Ибраһим  мырзаның  тұрағы  қазақ  болғандықтан,  қадірі 
азырақ білінді. Алай болмағанда дәнішман, хаким, философ кісі еді. Қор елде 
туды да, қорлықпен ӛтті”. 
1904  жылы  ұлы  ұстазы  Абайдың  дүниеден  ӛтуі  Шәкәрім  санасына,  оның 
ӛмірге  деген  кӛзқарасына,  шығармашылық  болмысына  ерекше  ӛзгерістер 
әкеледі.  Ӛзінің  Абайға  арнаған  “Жастарға”  деген  ӛлеңінде  ендігі  ұлы 
мақсатын: 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет