«мәдениеттану пәнінен» «0103000 Дене тәрбиесі және спорт»


тақырып Ислам мәдениеті



бет32/37
Дата31.12.2021
өлшемі174,75 Kb.
#23727
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
19 тақырып

Ислам мәдениеті

Жоспар:

1.Ортағасырдағы Еуропа мәдениеті: христиандық ортағасыр мәдениетінің негізі.

2. Қайта өрлеу мәдениетіндегі адам және гуманизм идеалдары.

3. Жаңа заманның мәдениқұндылық бағдарламалары.


Ислам дінінің ерекшеліктері:

1. Ислам – соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамадарға жеткізіп, баяндаған Хазіреті Мұхаммед (алейһіссәлем) соңғы пайғамбар. Одан басқа пайғамбар келмейді.

2. Ислам – дүниежүзілік дін. Алдыңғы пайғамбарлар жеткізіп, баяндаған діндер тек қана белгілі бірұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл дүние жүзіндегі халықтарға жіберілген.

3. Ислам дінінің үкімдері барлық адамдардың мұқтаждарына жауап бере алатындай кәміл. Сондықтан басқа діндерге сенуге ешқандай қажеттілік қалмаған.

4. Ислам діні өзінен бұрын Аллаһ тарапынан жіберілген пайғамбарлар мен діни кітаптардың бұзылып бұрмаланбаған түп нұсқаларын растап мойындайды.

5. Ислам діні алдыңғы пайғамбарлар баяндаған діндердің үкімдерінің күшін жойған. Өйткені олар белгілі бір халыққа, әрі белгілі бір уақытқа жіберілген. Ал Ислам діні болса, барлық халыққа жіберілген және қиямет күніне дейін жалғасатын дін.

Исламның негізгі екі бағыты – сүннизм, шиизм және бірнеше тармақтары, секталары бар. Ислам – бұл тек дінге сену ғана емес, сонымен қатар өмір сүру мен сананың ерекше түрі. Исламның негізгі ақиқат – бір құдайға табыну.

Мистицизм – нақты ақиқатқа ақыл-оймен жету мүмкін емес, оны тек интуитивті сезінуге болады дейтін көңіл-күй. Философтар Платон мен Аристотельдің саяси теориясымен таныс болды, кейбіреулері, әл-Фараби сияқты ойшылдар саяси трактаттар жазды.

Қазақстан территориясында исламның таралуы бірнеше жүз жылдарға созылды.

Оңтүстік Қазақстандағы көшпенділер арасында исламның тарлуына үлкен үлес қосқан сопы орденін құрушы – Қожа Ахмет Йассауи. Оның өлеңдері құдайдың құдіретінің күшті екендігі жөнінде және оған мойынсұнудың қажеттігін уағыздайды.

Ислам мұсылмандықты қабылдаған басқа халықтар сияқты қазақтарда да ислам діні пайда болғанға дейінгі әртүрлі салт-дәстүрлермен қоян-қолтық араласып кетті. Қазақтар өздерін мұсылманбыз деп сезініп, бұрыңғы ата-бабаларынан қалған салт-дәстүрлерді мұсылмандық деп санады.

Ислам мәдениетіндегі мемлекеттер Батыс мәдениеті-нің шекараларын Әмәуилер, Аббаситтер мен Осман импе-риясының шарықтау кезең-дерінде өздеріне қосып алуға тырысқан, бұл жаулап алу әрекеті, әсіресе, түріктердің Исламды қабылдауынан кейін өрши түсті. Анадолының басып алынуынан кейін крестшілер жорықтарының себебімен және мұсылман түріктердің Батыс елдеріне жасаған шабуылдарының нәтижесінде Ислам мәдениеті мен Батыс мәдениеті бетпе-бет кездесті.

Фараби, Ибн Сина, Ғазали сияқты Ислам философтарының және Аристотельдің шығар-маларын Еуропа, латын тілдеріне аудару еңбегімен қатар, Батыс әлемі өзге ғылымдармен де шұғылдану керектігін байқады. Тіпті университеттерінде де ХІІ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап медицина сабақтарының тақырыптарын Ибн Синаның «Канон» және Ибн Рушдтің медицина жайындағы еңбек-терінен алды.

Римдіктер және олардың ізбасарлары болып табылатын византиялықтар Шығыс мәде-ниетінің Батысқа өтуіне себепкер болды. Ислам дінінің келуінен бастап Батыс әлемі Шығыс мәдениетін Ислам мәдениеті арқылы алуға және жаюға мәжбүр болды.

Ескі Шығыс мәдениетінің және антикалық (ежелгі) дәуір ғылымдарының Батысқа өтуіне мұсылмандар себепші болған. Ежелгі замандарда шыққан ғылымдарды сол елдерге барып үйренген мұсылмандар, бұл ғылымдарға көптеген өз үлестерін қосып Батысқа жеткізген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет