Айдын байыс қҰланиек сәт сапар



бет1/23
Дата29.08.2022
өлшемі106,89 Kb.
#38301
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Айдын БАЙЫС
ҚҰЛАНИЕК

СӘТ САПАР

Жас ақын өз буына піскен палаудай ісіп-кеппей, шығармашылық денсаулығы мен тазалығын бұзып алмай, дәл осы бағыт-бағдардағы көркемдік пен суреткерліктің бастауы тіл мен образ, музыканы игерген қазіргі қадыр-қасиетін жоғалтып алмаса ұзаққа барады. Сосын, маған оның шашыраңқылықтың бастауы - көпсөзділік пен боссөзділіктен ада, жыр жолындағы логикаға негізделген жинақылығы да ұнайды. Меніңше, Айдын нағыз ақында артық өлең болмауы керектігін сезініп, білетін секілді. Мына өлеңдерінен білімділік пен біліктілікке ден қойған ізденісі де сезіледі. Үлкен жолға түскен ақын, енді, өлеңге үстірт әрі атүсті қарамас деп ойлаймын. Жортқанда жолың болып, жолдасың Қыдыр болсын, жас досым!




Аманхан ӘЛІМҰЛЫ, ақын

АННОТАЦИЯ

Жас ақынның тұңғыш жинағына махаббат, табиғат, өмір жайлы толғаныс-тебіреністерге, сыршыл сезім мен сағынышқа толы өлеңдері, балладалары, сондай-ақ аудармалары еніп отыр. Оның жырлары оқырман қауымды өзінің шынайылығымен баурап аларына сеніміміз мол.



ХАТ

Не біледі, мына жұрт, не біледі?


Кеудемді көптен бір ой кеміреді!
Ана жайлы асыл сөз айта алмасам,
Аузымнан ат тебердей көрінеді!

Үлде мен бүлде болмай төңірегі,


Бейнетті көрудей-ақ көріп еді.
Жетеме жетіп бүгін соны ойласам,
Менің жаным екі есе егіледі!

Қадіріңді мен сонда, ұққаным жоқ,


Көз жасыңды көрсетпей сыққаның көп!
Түйедей болсам да әлі уайымдайсың,
Түніменен түсімнен шықпадың деп.

Керуен-күн кідірмей аз орнында,


Жарытып бір жақсы өлең жаза алдым ба?!
Қиынның қиыны екен қайран анаң,
Қартайып бара жатса көз алдыңда...

Жаңғырып жасын-мұңым шатырлады!


Шамалы ғой ұлыңның қатырғаны.
Балқашта қалып қойған бала бейнем,
Кеудеңде құндақталып жатыр ма әлі?

Көндіре алмай ноқтаға ой ырғағын,


Байыптаймын мен, байғұс, кейін бәрін.
...Ұлылықты тағы бір ұғындырып,
Маңдайымнан сипашы мейірбаным!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет