Мәңдерінің бірі –заттар салмағының сақталу заңын ашқан кедергі деңгейінде қалыптасып,әрі қарай даму дәрежесі жетті


МАССАЛАР ӘРЕКЕТТЕСУ ЗАҢЫ - АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ



бет17/46
Дата27.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#24446
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
МАССАЛАР ӘРЕКЕТТЕСУ ЗАҢЫ - АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Массалар әрекеттесу заңының қайтымды реакцияларға қолданылуы
Аналитикалық реакциялардың көбісі қайтымды болады.

Реакцияларды қайтымды және қайтымсыз деп бөледі. Қайтымды реакциялар екі бағытта жүрсе, қайтымсыздары – тек бір бағытта жүреді. (Бертолле ережесі бойынша).



Д-затының түзілуі (1) тура бағытта (оң), ал А, В заттары түзілетін бағыт (2) – кері бағыт (сол).



Егер осы екі реакцияның жүру жылдамдықтары теңессе, осындай күйді химиялық тепе-теңдік деп атайды, бұл жағдайда υтура = υкері болады.

(1)
(2)

(3)

Тепе-теңдік константасындағы заттар концентрациясы үшін осы тепе-теңдік орнаған кездегісі алынады, ол әрине заттардың бастапқы концентрацияларынан не соңғысынан өзгеше болады, сондықтан тепе-теңдік константасының математикалық өрнегін көпшілік жағдайда былай жазады:



(4)

мұндағы: [D], [A], [B] – осы көрсетілген заттардың тепе-теңдік орнаған кездегі концентрациялары.

[A] = Co(A) – ∆C(A), [B] = Co(B) – ∆C(B).

Ал, Со – заттардың бастапқы концентрациялары болса, ∆С(А,В) – осы тепе-теңдік орнағанға дейін жұмсалған концентрациясы болып табылады.



Гиббс энергиясының реакциясының тепе-теңдік константасы мен байланыс формуласы:

(5)

Бұл формуланы түрлендірсек: болады. Егер болса, , онда ; болса , ал болса, онда .

Қайтымды реакцияның энергетикалық диаграммасы төмендегі суретте берілген:



Активті кешен

Реакция

өнімі


Бастапқы заттар

Реакция координатасы

Реакция өнімі

Реакция координатасы

Активті кешен

а ә

Әрине, қайтымды реакциялар заттар синтезі үшін өте тиімсіз, сондықтан реакцияны қалауымызша ығыстыра білгеніміз жөн болады. Тепе-теңдіктің ығысуына үш фактор: концентрация, қысым (газдар үшін) және температура әсер етеді. Ал, жылдамдыққа әсер ететін катализатор тепе-теңдіктің ығысуына әсері болмайды, ол тек тепе-теңдіктің орнау жылдамдығын өзгертуі мүмкін. Осы көрсетілген үш фактор әсерінен заттардың тепе-теңдік орнаған кездегі концентрациясына енуін тепе-теңдік ығысуы деп атайды.



Енді, осы аталған факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін қарастырайық.

а) Температура әсері



Реакция – эндотермиялық (тура бағыт). Егер де, реакция теңдігін осы бағытта ығыстырғымыз келсе, реакцияның эндотермиялық екендігін білгендіктен известь тасын күйдіріп, температураны арттыруымызға тура келеді.

Олай болса, тепе-теңдікте тұрған жүйені эндотермиялық реакция бағытына қарай ығыстыру үшін температураны жоғарылату қажеттігін білсек, экзотермиялық бағытына (кері) ығыстыру үшін температураны төмендету қажет-ақ.

ә) Концентрация әсері

Көпшілік жағдайда реакцияның көрнекі болуына байланысты мынандай реакция зертханалық жұмыс ретінде ұсынылады:

FeCl3(c) + 3NH4CNS(c) ↔ Fe(CNS)3(c) + 3NH4Cl(c)





Бұл реакцияға қатысқан заттардың екеуі түсті, екеуі түссіз: FeCl3(c) – сарғыш түсті, Fe(CNS)3(c) – қан қызыл түсті, ал NH4CNS(c), NH4Cl(c) – түссіз. Реакцияны жасаған кезде темір (ІІІ) хлоридінің түсін қан-қызыл түсті темір роданидінікі басып кетеді де, сынауықтағы ерітінді қан-қызыл болып көрінеді.

Ал, енді тепе-теңдікті ығыстыру мақсатында сынауықтағы ерітіндіні төртке бөліп, бірін – салыстыру мақсатында қалтырып, қалғанына - NH4Cl (кр), FeCl3 (конц.), NH4CNS (конц.) ерітінділерін кезекпен құю арқылы тепе-теңдіктің қай бағытқа ығысқандығын байқауға болады. Біз осы тәжірибеден байқалар өзгерістері бойынша, тепе-теңдіктің ығысуына концентрация әсерін түсінуімізге болады.

Аммоний роданидінің концентрлі ерітіндісін қосу, оның темір (ІІІ) хлоридінің молекулаларымен тағы да қосымша әрекеттесіп, реакция нәтижесінде түзілер темір (ІІІ) роданидінің мөлшерін арттырады яғни, реакция тура бағытқа ығысады, оны ерітінді бояуының қаныққандығынан көруге болады.

Ал, аммоний хлоридінің кристалдарын қосымша салу – оның қан-қызыл түсті темір роданидімен әрекеттесуіне тура келеді де, реакция кері бағытқа ығысады, сондықтан сынауықтағы ерітінді түсі солғынданады.

Олай болса, тепе-теңдікте тұрған жүйедегі заттардың біреуінің концентрациясын арттыру, сол зат концентрациясының кемітіп, оның жұмсалу бағытына ығыстырса, ал зат концентрациясын кеміту – сол заттың концентрациясының арттыру бағытына қарай ығыстырады.

б) Қысымның әсері

А(кр) + 2В2(г) ↔ АВ4 (г)

ν, моль 1 2 1

Vo, л 44,8 22,4
Қысым тепе-теңдікте тұрған жүйенің екі жағына да бірдей әсер етеді, бірақ, реакцияның сол жағындағы газ көлемі оң жағындағысынан екі есе көп. Сондықтан, қысымды арттырғанда физиканың заңы бойынша көлемдері теңескенше, көлемі көп жағынан аз жағына қарай ығысады, ал қысымды кеміту – керісінше әсер етеді.

Осы аталған факторлардың барлығының тепе-теңдікке әсерін Ле-Шателье (1884) принципі жинақтап, тұжырымдайды (кесте 6.1)

Тепе-теңдікте тұрған жүйенің жағдайының (t, c, p) біреуін өзгерту тепе-теңдікті сол өзгеріске қарсы әсер ететін бағытқа қарай ығыстырады.
Кесте 15. Ле-Шателье принципі




Фактор

Фактор өзгерісі

Тепе-теңдіктің ығысу бағыты

1

Концентрация

Арттыру

Концентрацияны кемітетін бағытқа

Кеміту

Концентрацияны арттыратын бағытқа

2

Температура

Арттыру

Эндотермиялық реакция бағытына

Кеміту

Экзотермиялық реакция бағытына

3

Қысым

Арттыру

Көлемі аз жаққа

кеміту

Көлемі көп жаққа




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет