«ҚР Қылмыстық құқығы» (ерекше бөлім) Тақырып 15 мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару



бет1/4
Дата26.04.2022
өлшемі29,45 Kb.
#32313
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Такырып 15 — копия



«ҚР Қылмыстық құқығы» (ерекше бөлім)
Тақырып 15 МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ
МҮДДЕЛЕРIНЕ ҚАРСЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР

Сабақтың мақсаты – мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігін анықтау, және жекелеген қылмыс құрамдарын талдау.



Жоспар:

1. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі мен түрлері
2. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық құрамдары

3. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де жекелеген құрамдар
Сұрақ 1. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтардың түсінігі мен түрлері
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

Қысқаша атқанда, мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстары дегеніміз - бұл қасақана немесе абайсызда жасалатын, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқарудың қалыпты іске асуына қол сұғумен көрініс табатын қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).



Қылмыстардың топтық объектісі –мемлекет пен оның органдарының, мемлекеттік қызметшілердің қалыпты жұмысын қамтамасыз етумен байланысты қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағынан әрекет немесе әрекетсіздікпен жасалады. Әрекет: пара алу,пара беру,жалғандық жасау т.б. Әрекетсіздік – қызметтік міндеттерін орындамау. Зардабы: азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе
мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулі зиян келтіру.Құрамы: материалды.

Субъективтік жағынан қасақана және абайсызда жасалады.

Қылмыстық кодекстің сыбайлас-жемқорлық қылмыстарды қарастыратын барлық баптарына тән нәрсе: мұндай қылмыстардың субъектілері ретінде арнайы субъектілер шығады—жалпы белгілерден басқа (белгілі бір жасқа келу және ақыл-есі дұрыс), оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ерекше қосымша белгілері де болуы тиіс.

Қылмыстардың субъектілері 16 жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға. Көбіне арнайы субъект: лауазымды тұлға,мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам не оған теңестірілген адам.

Тектік (топтық) объектісіне қатысты екі түрге бөлінеді:

1. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық. Бұл топқа жататындар ҚК 361, 362, 364, 365, 366, 367,368, 369, 370 баптары

2.Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы өзге де ҚҚБ ҚК 363, 371 баптары.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет