Тлебалдықызы Гүлназ (магистрант- қазақ әдебиеті)



Дата07.09.2023
өлшемі17,61 Kb.
#106545

Тлебалдықызы Гүлназ
(магистрант- қазақ әдебиеті)
Мақала (салыстыру)
Анималистикалық әңгіме- бұл әдеби шығарма, яғни басты кейіпкерлері жануарлар болып келетін әдеби туындылар болып табылады. Бұндай әңгімелерде шығарманың авторы антропоморфтық тәсілдерді қолданады. Яғни, адами қасиеттерді жануарлардың образын ашуда пайдаланады. Анималистикалық повесттердегі жан-жануарлар жиі-жиі белгілі бір адами қасиеттерді, міңез-құлқындағы ерекшеліктерді көрсете отырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді, қарапайым өмірдегі бір қателіктен сабақ алу сынды жайттарды сыни тұрғыдан көрсетеді.
Осы сынды анималистикалық екі туындыны салыстыра көрсете өтсем: қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан, қарымды жазушы Мұхтар Мағауиннің «Құмырсқа қырғын» атты әңгімесін және Михаил Пришвиннің «Өнертапқыш» («Изобретатель») атты шығармасын ұсынғым келіп отыр. Бұл екі туындының ұқсас тұстары жетерлік. Мәселен:

  1. «Өнертапқыш» және «Құмырсқа қырғында да» болып жатқан оқиғаны, іс-әрекетті басты кейіпкер өзі бақылаушы ретінде қарай отырып баян етеді;

  2. «Құмырсқа қырғында» басты кейіпкер құмырсқаларға ат береді, әрбір құмырсқаның түр- түсі мен ісіне байланысты лақап аттары бар. Мысалы, «қоңыр құмырсқа», «теріскей бет құмырсқасы», «қара құмырсқа», «теріскей батыс құмырсқасы». Михаил Пришвиннің кейіпкері де үйректің балапандарына есім үйлестіреді: Муся, Дуся, Өнертапқыш;

  3. Екі шығармада да жан- жануарлар тіршілігін адамзат өмірімен салыстыру бар. Мұхтар Мағауиннің туындысында еңбекқор және жалқау құмырсқалар бейнесі ашылған. Сонымен қатар, аналық құмырсқалардың жұмыртқаларын қалай қорғағаны да, ана мен бала арасындағы махаббатты жеткізеді. «Өнертапқыш» болса, алдағы туындаған қиыншылықтарға қарамастан, өз дегеніне жеткен кішкентай «өнертапқыштың» болмысын ашады. Яғни, автор осы арқылы кішкентай балаларға мотивация берді дей аламыз;

  4. Оқиғаны баяндаушылар екі әңгімеде де жан- жануарлардың бір- бірімен қалай тіл қатысатындығы туралы өзіндік топшылау жүргізеді. «Құмырсқа қырғында» жауға төтеп бере алмай жатқан сәттегі қосымша әскерді шықаруында осы нәрсе көрінсе, ал «Өнертапқышта» үйректердің бір- біріне бағыттап шығарған дыбыстарынан, барқылдауынан кейіпкер өзінше қортынды жасайды;

  5. Екеуінде де талпыныс туралы айтылады дей аламыз. Мұхтар Мағауиннің шығармасында құмырсқалар талмай еңбек етеді және осынысымен «еңбекқор» атанған, бұл көп адамда жоқ қасиет десе, Михаил Пришвинда жас балапанның көптен ерекшелеп тұратын қыры- мойымай, алға ұмтылуығ қанаты әлсіз болса да талпынуы суреттелген;

Осы шығармалар арқылы авторлар қалың оқырманды жан-жануарлар әлеміне елітіп қана қоймай, табиғат болмысы жайлы ерекше әсер қалдыра алды. Екі шығармада да жоғарыда келтірілген ұқсастықтарымен қатар, айырмашылықтары да бар:
Біріншіден, Мұхтар Мағауиннің мотиві- рухани құндылықтарға терең бағытталған. «Құмырсқа қырғынында» автор адамзат тудырған алып апат- «соғысты» басты тақырып етеді. Жанкешті, қорқынышты болып саналатын бұл сұмдықтың тек адамдар өмірінде ғана емес, осынау кішкентай жәндіктер әлеміндегі жағымсыз жайттарынан хабардар етеді. Сонымен қатар, қоғамда болып жатқан кертартпа оқиғалар, нәсілшілдік (рассизм), ұлтараздығы (ауызбіршіліктің жоқтығы), билікке талас (дүниеқоңыздық) сынды мәселелер қозғалады. Михаил Пришвиннің «Өнертапқышында» қиындықтарға төтеп бере отырып өз дегеніне жеткен балапанның мотивациялық ісі оқырман қауымды сүйсіндіреді.
Екіншіден, «Құмырсқа қырғын» «Өнертапқышқа» қарағанда күрделілеу, астарлап жеткізген жайттары баршылық, көлемі жағынан да үлкен. «Өнертапқыш» жеңіл оқылатын, үш беттік шағын әңгіме және автор тек бір тақырып аясында әңгіме қозғайды.
Қорыта келе, екі шығармада да өмірдегі мәселелер көрініс тапқан, шығарманы оқу арқылы кез-келген жастағы оқырман өзіне керегін ала алды деуге толық негіз бар. Осы туындылармен танысу арқылы күнделікті өмірде, тіршілікте кездесетін біз мән бере бермейтін кішкентай жаратылыс иелерінде байқалатын олардың қақтығыстарынан, жаңа нәрсені білсем, көрсем деген қырларынан хабардар бола аламыз. Туындылардың оқырман арасында жоғары бағалануы бекер емес. Екі автордың жеткізгісі келген негізгі ойлары да түсініп оқыған жанға айқын. Анималистикалық қырлары толық ашылған бұл туындылар оқырман қауымға терең ой сала алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет