«Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» жаңа Қазақстанның философиясы



Дата19.12.2023
өлшемі21,39 Kb.
#140952
Байланысты:
Елемес Ақерке философия 15


«Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» - жаңа Қазақстанның философиясы
Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Әлемнің бағыты, болашағы тұманды болып тұрған сәтте, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ.Рухани жаңғырудың негізі — халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы — ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «Рухани жаңғыру» дәлел. Осыған орай елбасымыз бірнеше принціптерін ұсынды. Рухани жаңғыру» жобасы.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясы бүгінде алты Алашты асып, оның негізінде атқарылған игі істер алты құрлыққа мәлім дерлік деңгейге жеткен. Қазіргі уақытта Елбасының болашаққа бағдар боларлық бұл еңбегінің тек қана мерзімдік мақала емес, шын мәнінде ірі халықаралық жоба екенін ұққандаймыз. Мақала мәйегіне үңілген жан бүкіл қоғамдық сана-сезімді қозғайтын үлкен үдерісті бірден аңғарады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүйелеу мақсатында талдау жүргізіліп, оны іске асырудың 3 бағыты бекітілген Бірінші бағыт «Тұлғалық даму». Білімнің саласын дамыту, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы, прагматизм қағидаттары Екінші бағыт «Ұлттық бірегейлік және халықаралық мәртебені арттыру». Ұлттық бірегейлікті сақтау. Барлық құқықтар корғалған Үшінші бағыт «Мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтардың дамуы». "Рухани жаңғыру" бағдарламасына 6 арнайы жоба енгізіледі:
• - "Туған жер"
"Казахстанның сакралды географиясы",
• Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет".
• "100 жаңа оқулық",
• "100 жаңа есім",
- "Қазақ тілінің латын графикасына біртіндеп ауыстырылуы"
Білім бізге бұрын да, жаңғырған заманда да керек болады. Бұған дәлел менің ата-анам. Олар маған үнемі оқы деп айтады. Кейде өзім де түсінбейтінмін, неге маған солай айта береді деп ойлаушы едім. Бірақ уақыт өте келе ата-анмның сөздерінің мағынасын түсіндім. Оқымасам болашақта күнімді көре алмаймын. Сол үшін оқып, білім алуым керек. Қазір білім бағдарламалары елімізге табыс әкеліп жатыр. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды. Қазір біз жаңартылған білім бағдарламасымен білім алып жатырмыз. Қазіргі таңда білім беру жүйесінің мақсатының бірі – қоғам қажеттіліктеріне сай көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру.Тағы бағалау жүйесі де өзгешелеу, критериалды бағалау.Бұл бағалау баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуға ықыласын туғызады. «Рухани жаңғыру» — біздің болашағымыз! «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында көптеген қадамдар іске асырылуда. Елбасымның салған ұлы бастамасы елімнің көркеюіне, дамыған елдің қатарына қосылуға , биік шыңдарды бағындыруға жетелейді.
Мәңгілік ел
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз! «Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру керектігіне қайта тоқталып, «Қоғамдық сана жаңғырудың» негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман талабына сай төтеп беруімізге керекті нақты жобаларды жүзеге асыруымыз керектігін міндеттеп отыр.Бұл тақырып қоғам талқысында оң өзгеріс тауып,көпшілік назарын аудартып отыр. Өйткені мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктететін, қолданыс аясын барынша арттыратын латын әліпбиіне көшуді белгіленген мерзім аралығында жүйелі түрде жүзеге асыру – ортақ міндетіміз дер ұғынуымыз керек.
«Мәңгілік Ел» идеясының филосо­фия­­­лық мәдени астарын талдауда ерекше назар аударатын мәселе - ұлттық тәрбие. Тәрбие тал бесіктен басталады десек, ұлттық тәрбие отбасынан бастау алуы керек. Отбасылық тәрбие мәдениетті тұлғаларды қалыптастыруды басты мақсат ретінде ұстануы керек. Бұл жолда үлкенді құрметтеу мен ата-ананы сыйлауды, ар, намыс, ұят сынды құндылықтарды жастар санасына сіңдіруді басты идеологиялық ұстанымға айналдырудың маңызы зор. Қазақ болашағы тектілік пен кісілікті, бірлік пен татулықты, білім мен адамгершілікті ұштастыру негізінде жүруі тиіс. Отбасы мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет. Отбасы болашақ жастарды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелей отырып, олардың санасына патриоттық сезім ұялатуы тиіс. Сонымен бірге, әйел-ананы қорғау, құрметтеу, жетім мен жесірін қорғау қоғамның ұлы жолдағы басты құндылығы ретінде мойындалуы тиіс. Қорытындылап айтсақ , «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде қабылдау бүгінгі Қазақстан дамуының ішкі қажеттігінен, мемлекеттің тұтастығын сақтау идеясынан туындап отырғаны сөзсіз. Бұл идея тәуелсіз мемлекет алдында тұрған басты сұраққа жауап беріп, ұлттың болашақтағы дамуына жағымды әсер етуі тиіс. Сонымен бірге, ұлттық идея алдыңғы қатарлы және адамзаттың даму бағыты мен үрдісіне сай келетін болуы керек. Міне, осы тұрғыдан келгенде, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы Қазақстан халқын біріктіретін, елдің басты мақсатынан шығатын және соған толық жауап беретін идея .

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет