Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Әлемнің бағыты, болашағы тұманды болып тұрған сәтте, Елбасы Н. Ә



Дата26.12.2023
өлшемі17,43 Kb.
#143431

Бүгінгі таңда әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Әлемнің бағыты, болашағы тұманды болып тұрған сәтте, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы елді жарқын болашаққа бастайтын даңғыл жол болмақ.
Рухани жаңғырудың негізі — халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы — ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты.
Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі жан дүниесінің жаңғыруы, санасы, түсінігі жаңа өзгерістерді саралап, дұрыс қабылдай білуінде. Рухани жаңғыру бастауын бүгін алған мәселе емес. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес.
Қазір білектінің емес, білімдінің салтанат құрған уақыты. Табысты болудың кілті – білімде. Саналы ұрпақ тәрбиелеп, білім беру — Елбасы саясатының басты және негізгі бағыттарының бірі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап, мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылуы, елімізде жоғары деңгейде бірқатар университеттердің ашылуы, зияткерлік мектептер жүйесінің қалыптасуы білім беру саласындағы жетістіктің нақты көрсеткіші бола алады.
Ежелден ұлы дала қойнауын мекен еткен халқымыз қашан да көзі ашық, көкірегі ояу болған. Заман ағымынан қалмай, басқалардың оң өзгерістерін бойына сіңіріп, өзге елдермен терезесін тең ұстауға тырысқан. Дана Абай айтқандай, дүниеден өз тетігін тауып, қаланған. Демек, бабалардан мирас болып, қанымызға сінген ұлттық – рухани тамырымыздан нәр алып, заман талабына сай қоғамдық санамыздың өзгеруі заңды құбылыс. Жаһандану үдерісі барысында өткен тарихымызды ұмыту, өткенімізден қол үзіп қалу адасудың басы болмақ. Дегенмен, дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар екенін ескеріп, кері тартпа көзқарастардан арылудың маңызы зор.
Елдің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Осы тұрғыда ұстаздарға қойылатын талап та жоғарылады. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, алған білімін шынайы өмірмен ұштастырып, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, эконoмика кеңістігіне шығуға, яғни қaтаң бәсекe жағдайында өміp сүруге тәpбиелеуі керек. Ол нaғыз ұстaздың ғана қoлынан келеді.Ел дамуы білім мен бірлікте. Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстанның бүгіні мeн бoлaшағы – хaлқымыздың ынтымақ – бірлігінде, ырыс – құтты тірлігіндe». Бізге керегі бірлік пен ұлтаралық татулық. Бірлік бар жерде тірлік бар, даму бар. Қонақжай халқымыз қай кезде де тілің басқа, дінің басқа деп алалап, өзектен теппеген. Керісінше, өзгені өзіндей көріп, төрінен орын берген.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы мәселелердің барлығы дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асуына әр біріміздің өз міндетіміз бар екенін түсінеміз. Әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміздің болашағы жарқын боларына сеніміміз мол.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.


Рухани жаңғырудың негізі — халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы — ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты.


Рухани жаңғырудың бірнеше бағыттарын атап өтсек:
Ұлттық бірегейілікті сақтау.
Ұлттық жаңғыру — ұлттық сананың кемелденуі. Бірінші, Елбасымыз айтқандай «жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу.» Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі — ұлттық болмыстың өзегін сақтау, өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту.
Бәсекелік қабілет
Ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықтағы бағасы, өзгелерден сапасымен ұтымды дүние ұсынуға қабілеті. Заман талабына сай тұтас халық қана емес,жеке адамның өзі бәсекелік қабілетін арттырып, табысқа жетуге мүмкіндік алады.
Прагматизм
Өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, сол байлықты үнемдей отыра қолдана білу. Болашақты жоспарлай отыра, ысырапшылдық пен даңғойлық қасиеттерге жол бермеу. Білім алуға, мақсатқа жетуге, кәсіби тұрғыдан жетілуге деген ынта ықылас, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану мінездің прагматизмі. Заманауи әлемдегі бірден-бір үлгі.
Білімнің салтанат құруы
Біздің қанымызда бар қасиет — білімді болуға ұмтылу. Табысты болудың басты факторы — білім. Жыл өткен сайын, біз жүрісі жылдам дамыған дәуірге аяқ басып келеміз. Сондықтан, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт биік табыстарға жетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет