Сіздің не нәрсенің де анық-қанығын біліп жазуға құмарлығыңызды ескеріп, сөздік пен оның авторы туралы өзім білетін деректі толығырақ келтірдім».
Хат жазушының жоғары мәдениеті әр сөзінен тайға таңба басқандай көрініп тұр. Ол Герағаңның кітабында келтірілген әр дерекке мән бере отырып, білімін шашыратып алмай, бір арнаға тоғыстырып, тақырыптан ауытқып кетпей, әңгіменің түйінін әдемі тарқатады. Қабырғалы қаламгердің арнайы тақырыпқа жазған еңбектерін ғана емес, күнделіктерінің де сөз өнеріміздегі алатын орнының ерекше екенін атап өтеді.
Қызықты деректерге толы қаламгер күнделігін құмарта оқып шыққан Мұхаңның бұл құнды дүниені анасының құрметті қонақтарға арнап асатын сүр етке теңеуі дәл табылған салыстырудай болып көрінеді, маған.
«Сіздің құрметті қонағыңыз – бүгін, ертең, келесі жылы мерейтойы өтетін ағаларыңыз, сояр бағланыңыз – мерейтойлық мақала, ал сүріңіз – жылдар бойы күнделікте сақтаған жан сырыңыз. Сіз жасаған әдеби портреттерден (Әбдіжәміл Нұрпейісов, Асқар Сүлейменов, Ғабит Мүсірепов) мен осыны байқадым. Әуелі кейіпкердің арғы-бергі тарихы мен творчествосына бағлан-баға беріп, сосын кебеже-күнделікке қол саласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |