Мәңгілікпен үндесу


Екінші үлкен сөздік – Сіз жиі жүгінетін Машанов сөздігі



бет9/32
Дата06.01.2022
өлшемі94,39 Kb.
#14578
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Екінші үлкен сөздік – Сіз жиі жүгінетін Машанов сөздігі.

Өзіңіз жақсы білетіндей, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ жерін отарлау ерекше қарқынмен жүргізілді. (Бұл туралы мен өзімнің «Колониальный режим в Казахстане» атты шағын кітапшамда жазғандықтан қайталауды жөн көрмедім). Соның үлкен бір бағыты қазақтардың тарихы, тілі, әдебиеті, әдет-ғұрпы, салт-санасын зерттеуге арналды. Оның басты мақсаты қазақтарға орыс тілін, мәдениетін үйретіп, біртіндеп шоқындыру болатын. Кезінде бұл тәжірибе татарлар арасында жақсы нәтиже беріп, олардың үлкен бір бөлігі православиеге өтіп те үлгерді. Бір қызығы, шоқынған басқа ұлт өкілдері орысқа қарағанда жаңа дінін қызғыштай қоритын болып шықты.

Түрік халықтарының арасында миссионерлік қызмет істеуге арналған маман даярлаудағы ең үлкен орталық Қазандағы духовная семинария болды. Машанов дәл осы семинарияда оқыған. Толық аты-жөні – Михаил Александрович Машанов (фамилиясына қарағанда түбі түркі халықтарының бірінен шыққаны көрініп-ақ тұр).

Ол біздің Қызылжарда священниктің отбасында туып, білімді Қазанда алған. Әйгілі Остроумов, Ильминскийдің шәкірті болады. Ильминский деп біздің дәсерсітіп жүргеніміз Қазандағы шоқынған татарларға арналған орталық мектептің директоры қызметін атқарған ортақол шенеунік.

Машанов татар, араб тілдерін еркін білген және Қызылжарда балалық шағын өткізгенде аздап қазақшаны да меңгеруі мүмкін. Семинария жанынан шоқындыруға жататын түркі халықтарының сөздігін жасайтын «Переводческая комиссия православного общества» дейтін комиссия құрылғанда, соның төрағасы болған. Сіз індете іздеп жүрген сөздік 1899 жылы Орынборда басылады. Бұл сөздік Пушкин кітапханасының сирек кездесетін қолжазбалар қорында бар.

М.А.Машановтың қазақтануға арналған басқа еңбегі жоқ.  Зерттеулерінің басым бөлігі діни, миссионерлік тақырыпқа арналған. Сондықтан сөздікті семинарияда оқитын қазақ, татар студенттерінің қатысуымен оқытушылар тобы жасауы мүмкін деп болжамдауға болады. Машановтың аты-жөні комиссия төрағасы болғаннан кейін және сөздікті басуға рұқсатты сол комиссия бергендіктен ғана қойылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет