Мектебі: Ы. Алтынсарин атындағы №26 жом сыныбы: 9 «А» Күні



Дата15.11.2023
өлшемі15,02 Kb.
#122337
Байланысты:
Бабаларымыз қалдырған мәдени мұра


Мектебі: Ы.Алтынсарин атындағы №26 ЖОМ
Сыныбы: 9 « А»
Күні: 17.04.2023ж
Мұғалімнің аты-жөні:Қасымбекова Қ
Көрнекіліктер: Қосымша әдебиеттер, суреттер
Тақырыбы: Аталарымыз қалдырған мәдени мұра
Мақсаты:
а. Білімділік: Аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру;
ә. Тәрбиелілігі: Сол сөздерден өнеге алуға баулу.
б. Дамытушылығы: Ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп
Әділ төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар.
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар.
Құсты жисаң,бүркіт жи.
Қыс тоныңды түлкі етер.
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас – тозбас мүлк етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Бүкіл алаңға күлкі етер.

Салт–дәстүр халық педагогикасының бастауы. Елдігіміздің, егемендігіміздің арқасында қайтып оралған салт–дәстүрімізді тұрмыстық негізде қолданып жүрміз. Соның ішінде, бата туралы түсінік берeміз.


Баталы құл – арымас,
Батасыз құл – жарымас.
Батаменен ел көгереді
Жауынменен жер көгереді – дейді дана халқымыз.
Бата халықтың рухани күш алатын құдіретті сенім күші және жақсылықтың бастауы. Ол ел сенімін ақтайтын абзал азаматтарға, таланты жастарға, көптің жүгін көтерген, адамдарға, жас сәбиге, немесе үлкендер жақсы ісіне риза болған жағдайларда берілетін ұлы адамдар мен ақсақалдардың ақ тілегі, әрі өмірлік жолдамасы.
Батаның түрлері көп.
Ата сөзі дарып мол,
Ақ уызға арып бол,
Абылайдай алып бол,
Шоқан сынды жарық бол,
Абайға ұқсап милы бол,
Құрманғазыдай күйші бол,
Ақандайын сері бол,
Қажымұқандай ері бол,
Сәкен сынды сұңқар бол,
Бағың жанып әрдайым,
Жақсыларға жақын бол,
Осы айтқаным періште, құлағыңа шалынсын.
Бәрінен де құлыным,
Аман бол, қалқам, аман бол!
Әумин!
Қорытындылау: Балалар бүгінгі тәрбие сағатынан қандай әсер алдыңдар, ой түйдіңдер, қандай өнеге алдыңдар. өз ойларымызбен бөлісіп бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылайық.
Мұғалім: Кешеге күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет