Мектеп химия курсының мазмұны оқушының болашақ мамандығын таңдауына мүмкіндік бере ме?



Дата25.10.2022
өлшемі15,33 Kb.
#45244

Эссе
Мектеп химия курсының мазмұны оқушының болашақ мамандығын таңдауына мүмкіндік бере ме?
Мамандық таңдау-әр адам баласының өмірінен маңызды орын алатын, болашағын шешуші сәт болып табылады. Бала өз өмірін белгілі бір мамандыққа арнау алдын өзін осы алаңда елестетіп, арман-мақсаттар құра отырып, болашағын осы сферамен байланыстырады. Бүгінде әр алуан мамандық бар. Ол мамандықтардың қыр-сырын үйретіп, ішкі ас үйін көрсететін ол-мектеп және онда оқытылатын пәндер мен педагогтың айтқан ақыл-сөздері болып табылады. Әр бала кішкентайынан «мұғалім болам», «ғарышкер болам» немесе «дәрігер болам»-деп өседі. Алайда оның мамандық таңдауының іргетасы мектеп қабырғасында қызығушылығы ауған пәннен қаланады. Сондай қызықты пәндердің бірі жоғары сыныпта оқытылатын «Химия» пәні болып табылады. Бүгінде жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша, оқулықтардың тақырыбынан бастап күллі мазмұны толық өзгерген. Олай болса, химия пәнінің мазмұны мамандық таңдауда қаншалықты маңызды? Химия пәні болашақ мамандық таңдауда оқушы үшін қаншалықты қызық?
Менің ойымша, біріншіден, мектепте оқытылатын химия пәнінің мазмұны болашақ мамандық таңдауда маңызы зор. Себебі, химия көпшілік сұранысқа ие, кең ауқымдағы мамандықтардың негізі болып табылады. Оқушының белгілі бір пәнге қызығушылығын арттыру ең әуелі кітапқа және онда қарастырылатын тақырыптармен қатар мұғалімнің пәнді қаншалықты деңгейде өткізетініне байланысты. Химия пәнінің тақырыптарын бүгінгі қоғам бейнесімен байланыстыру кез-келген сыныптағы оқушы үшін қызықты болмақ. Химия пәні өзі қиындау пән болғандықтан да жетінші сыныптан жоғары оқытылатыны мәлім. Осындай қызықты пәндерді оқушыға қызықты тақырыппен ұсыну тек жақсы әсерін береді деп ойлаймын.
Екіншіден, тақырыпқа сай қызықты тапсырмалардың болуы деп білемін. Мысалы тақырып «Заттар мен денелер» болса, оқушы басқа пәндерден білетін теорияны ұмытып, шын мәнінде «Зат дегеніміз не?», «Дене дегеніміз не?» сынды сұрақтарға жауап іздеп, сол сұрақтың жауабын өзі тауып, есте сақталуы керек деп білемін. Бүгінгі гаджеттер белең алған, өскелең ұрпақтың болашағы елеңсіз қалтырмайтын заманда олардың қызығушылығын оятатын тапсырмалар әлдеқайда тиімді болып келеді.
Үшіншіден, оқулықта тыңдалым, айтылым және көрсетілім тапсырмаларының маңызы зор деп білемін. Себебі, оқушылар химия пәні туралы әртүрлі қызықты мәліметтер көріп, сол бойынша тапсырмалар орындаса, пәнге оң көзқараспен қарап, болашағын осы саламен байланыстыруға деген көзқарас қалыптасатыны анық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет