Стилистиканың зерттейтін саласы стиль. Біріншіден, стиль тарихи категория



Дата02.12.2023
өлшемі15,28 Kb.
#132600

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

СОӨЖ

Тақырып: Қазақ тіл біліміндегі стилистиканы зерделеген ғалымдар

6В01701 - "Қазақ тілі мен әдебиеті" мамандығы


4 курс
Орындаған: Айхынқызы Б
Қабылдаған: Сейталиева Қ.
Тобы: 408 топ

Стилистика тілдің стильдерін зерттеумен айналысатын лингвистиканың бір бөліміне сілтеме жасайды, ол сонымен қатар оның әр алуан коммуникативті жағдайларда оның әдеби әртүрлілігін қолдану ережелері мен ережелерін сипаттайды. Кең мағынада стилистиканы зерттеу пәні тіл болып табылады, бірақ бұл ғылым ұқсас ғылымдардан зерттелетін құбылысқа басқа көзқараспен және оны қолдану ережелеріне басқаша көзқараспен ерекшеленеді.


Стилистиканың зерттейтін саласы — стиль. Біріншіден, стиль - тарихи категория. Тарихы көне дәуірден бастау алған, өз қоғамына қызмет етіп отырған мемлекеттік мәртебесін алған тілдің тарихын тану, функционалды стильдердің әр дәуірде біреуінің ерте, біреуінің кеш даму сатысын бастан кешіргенін жүйелеу стильдің тарихи категория екенін толық дәлелдейді. Екіншіден, стиль әдеби тілдің бір түрі болғандықтан, қазақ әдеби тілінің даму сатысымен қатарласа сөз болып жүр. Әдеби тілдің басты белгісі нормаланған, сұрыпталған тіл болу шартын көрсетсе ол стильдің негізгі ұстанымы болып табылады.
Қазақ тіл білімінде стилистика мәселелердің зерттелуі А.Байтұрсынұлы , Қ.Жұбанов еңбектерінен басталады. А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» көркем сөз бен көсем сөзге қатысты ой толғамдары, Қ.Жұбановтың Абай поэтикасының қыр-сырын ашқан мақаласы мен басқа да еңбектері бұл саладағы алғашқы қарлығаштар болды. Ал стилистиканың жеке ғылым тармағы ретіндегі іргетасы қалануы М.Балақаевтың есімімен байланысты. Алғаш рет 1966 жылы шықан «Қазақ тілінің стилистикасы» оқулығы стилистиканың пәні мен нысанын, ғылымдар ішінде алатын орнын анықтаған тұңғыш еңбек болды. Мұнда стилистика ғылымының мақсат-міндеттері, функционалды стиль түрлері, әсіресе қазақ тілі стилистикалық құралдарының сипаты бір жүйеге түсіріліп қарастырылады. Кейінгі кезеңдерде қазақ стилистикасы І.Кеңесбаевтың, А.Ысқақовтың, М.Балақаев, Р.Сыздықованың, Е.Жанпейісов, С.Исаевтың, Ф.Мұсабекованың, Н.Х.Демесинованың, М.Серғалиевтың, Н.Уәлиевтің, Р.Әмірдің, Б.Момынованың, О.Бүркітовтың, Ж.Құрманбаеваның, Б.Хасановтың, Т.Қоңыровтың, Х.Нұрмұқановтың, Х.Кәрімовтың, Б.Шалабайдың, Ш.Мәжітаеваның, Д.Әлкебаеваның, Г.Әзімжанованың т.б. ғалымдардың зерттеулерімен толықты.
Интерпретация, сөйлеу формалары (диалог, әңгіме, дау), стильдегі объективті және субъективті ұғымдар мәселесі, деректі, дерексіз ситуациялар, тілдік емес объектілердің қатынасы, сөйлеудің әлеуметтік-этикалық қыры, т.б. мәселелер прагматикалық аспектіде қарастырылады. Қазақ тіл білімінде стилистика бағыттарын М.Балақаев, М.Томанов, Е.Жанпейісов, Б.Манасбаев, Р.Сыздықова, М.Серғалиев, Б.Шалабай, т.б. ғалымдар зерттеген.
Әдебиеттер
1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2006.
2. Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқытудың методикасы. А., 1985.
3. Шалабай Б. Кӛркем әдебиет стилистикасы. А., 2000.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет