Мектеп жасына дейінгі балаларда моторлы функциялардың бұзылу себептері


Балаларда қозғалыстардың жылдамдығын, икемділігін және дәлдігін дамытуға байланысты ойналатын ойындар



бет4/4
Дата13.06.2023
өлшемі23,92 Kb.
#100838
1   2   3   4
Балаларда қозғалыстардың жылдамдығын, икемділігін және дәлдігін дамытуға байланысты ойналатын ойындар.

« Ақ қоян »
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, мықтылыққа баулу.
Ойын мазмұны: Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада қоян болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып қоянды айнала жүріп тақпақ айтады.
Ақ қоян-ау, ақ
Орныңнан тұрсаңшы
Шашыңды тарасаңшы
Бетіңді жусаңшы
Әй-әй көйлек кисеңші.
Біреудің қолын үзсеңші-
Дегенде қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп өлең, бітісімен жүгіріп барып шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе өзі шеңберге қосылып тұрады да үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады.
« Қасқырлар мен лақтар »
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын мазмұны: Аралары 10-15 адым қашықтықта « қора » мен « өріс » сызылады.
Ойнаушылар үйлерінде тұрып:
Бөрте, бөрте, бөрте лақ,
Бөрте лақ тым ерке лақ
Кетесің кейде секеңдеп,
Байламаса көкем кеп—деген сөздерден
Кейін дүрсілдей жүгіріп « өріске » беттейді. Оларды алаңның ортасында тұрған 2-3 қасқыр қуып береді. Қолға түскендер ойыннан шығып қалып келесі кіреді. Қасқырлар ұсталмаған балалардан сайланады.Осылайша ойын жалғасады.
« Күн мен түн »

Мақсаты: Балаларды ептілікке, жылдамдыққа, ажыратуға баулу.


Ойын мазмұны: Балалар бірі « Күн» , екіншісі « Түн» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың бір-бірінен бөлек, өз үйлері болады. Тәрбиешінің көрсетуі бойынша екі команда да жаттығулар жасап тұрады. Тәрбиеші « Күн» деп белгі берген кезде, сол топтың балалары үйіне жеткізбей қуып жетулері керек. Қолға түскен балалар қуушылар қатарына қосылады. Сөйтіп, ойын осылайша алма-кезек жүріп отырады. Көп бала ұстаған команда жеңіске жетеді.




Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайық-тары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық — Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабыл-дау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет