Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістері және түрлері Табиғатпен таныстыру әдістері



бет1/5
Дата02.02.2023
өлшемі31,57 Kb.
#64746
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістері


Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру әдістері және түрлері
Табиғатпен таныстыру әдістері
Педагогикада әдіс- ересек пен баланың біріккен әрекеттінің амалы ретінде қабылданады.
Мектепке дейінгі мекемедегі табиғатпен таныстару процесінде әртүрлі әдістер – көрнекі (бақылау, суретті (карина) қарау, кино немесе диофильмдер көрсету), практикалық (ойын әдісі, еңбек, қарапайым тәжірибелер), Сөздік (тәрбиешің әңгімесі, әдеби шығармалар оқу, әңгімелесу).
Көрнекілік әдісі
Бақылау
Бақылау- қоршаған ортадағы құбылысты және заттарды мақсатты көздей отыра жоспарлап қабылдау. Бұл күрделі танымдылық әрекет, бұған түйсік, ойлау және сөз қатысып және тұрақты зейінді талап етеді.
Табиғатта бақылауды ұйымдастырғанда тәрбиеші көптеген міндеттерді шеше алады: табиғат туралы балалардың білімдерін қалыптастырады, байқағыштықтықтарын дамытады, эстетикаға тәрбиелейді. Бақылаудың екі түрі бар – қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді. Қысқа мерзімді- заттың немесе құбылыстың сапасы мен қасиеттері туралы білімдерін қалыптастырады, балаалар пішінін, түсін, көлемін, бөлшектің кеңістіктегі орналасуы, бетінің мінезін, ал аңдарды таныстырғанда – қимыл-қозғалысының ерекшеліктері, шығаратын дыбыстары, т.б.
Күрделі бақылау – ұзақ бақылау, балалар бұрын болған құбылысты салыстырады, т.б. Бақылауды жеке бір белгілерге де жасауға болады. Мыс: құмырадағы гүлдің топырағы арқылы су құю керектігін анықтау, аквариумдағы балықтың жүріс-тұрысына қарай суды ауыстыру немесе тұтас суретті қалыптастыру(қардағы ізден кім келгенін, жидектің түсінен – оның піскенін, піспегенін анықтау). Бұл бақылау – балалардың құбылысьтарды анализдеу дағдыларын, жеке деректерді салыстыруға, қарапайым ой тұжырымдама жасауды үйретеді. Кейінгі бақылаудың екеуінің күрелігіне қарастап ұйымдастырылады. Бұл бақылау барысында тапқырлық,қайқағыштық, анализдеу, салыстыру , ой тұжырымдау процестері жетіледі.
Бақылау балаларды өсімдіктер және аңдармен, ауа-райымен, ересек адамдардың табиғаттағы еңбегімен таныстырғанда ұйымдастырылады. Бақылау – сабақта, экскурсияда, серуенде, табиғат бұрышында, табиғатта жүргізіледі. Бақылауды жалпы барлық баламен немесе жарты топпен, бірнеше баламен ұйымдастыруға болады. Бұл бақылаудың мазмұны мен тәрбиешінің алдына қойған міндетіне байланысты. Бірақ барлық жағдайда да бақылау баланың ой жүгірту белсенділігі жоғары деңгейде болуы керек, оларды ойландыру, қойылған сұрақтарға жауап іздуге, құштарлықтарын дамыту, табиғатқа деген қызығушылық пен құнтты қатынасқа тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет