Оқу практикасының мақсаты мен міндет



бет1/11
Дата14.09.2023
өлшемі1,25 Mb.
#107244
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
назтоты практика






МАЗМҰНЫ




1.

Оқу практикасының мақсаты мен міндет

2

2.

Практика базасының сипаттамасы

4

2.1

«Эверест Фарм» ЖШС базасы туралы

4

2.2

«Химия және фармацевтикалық инженерия» кафедрасына сипаттамасы

5

2.3

Тіршілік қауіпсіздігі және еңбек қауіпсіздігі

8

3



Жеке тапсырма
Дәрілік өсімдіктер және оларды пайдалану туралы жалпы түсінік, оларды іздеу, жинау, кепіру әдістері

10

3.1

Дәрілік өсімдіктер

10

3.2

Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы жалпы түсінік

12

3.3

Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау, кептіру әдістері

13

4.

Қортынды

16

5.

Пайдаланылған әдебиеттер

17











1 ОҚУ ПРАКТИКАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ

Оқу практикасы білім алушылардың химия және фармацевтика саласындағы қолданбалы компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатында жүргізіледі:


- білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік қызметінің түрлерін, олардың функциялары мен міндеттерін оқып зерттеу;
-теориялық білімдерді бекіту және бұл негізінде кәсіби машықтарды, дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыру;
-инновациялық технологияларды, еңбек пен өндірістің озық әдістерді меңгеру;
-ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру;
-командалық жұмыстың, басқарудың корпоративтік қағидалары құзыретінің дағдыларын игеру;
Оқу практикасының негізгі мақсаты 6В07270 – Фармацевтикалық
өндірістер технологиясы білім беру бағдарламасының оқу үрдісінің бір бөлігі болып табылады. Оқу практикасы студенттің білімі мен дағдыларын
қалыптастыру процесінде маңызды. Оқу практикасының негізгі бөлігі
студенттерге фармацевтикалық өндірістер технологиясы объектілерін
пайдаланып, әртүрлі фармацевтикалық салаласындағы өнімдерді өндіру
технологиясымен ондағы негізгі заңдылықтарды, сондай-ақ кәсіпорындарда жүргізілетің әдіс және әдістеме түрлерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Оқу практикасының мақсаты-білім беру бағдарламасының мазмұнымен болашақ кәсіби қызметтің түрлерімен, функцияларымен және міндеттерімен таныстыру болып табылады.
Оқу практикасының міндеті-білім беру бағдарламасының мазмұнымен танысу;
-алдыңғы қатарлы академиялық топ экскурсиялар түрінде озық
технологиялармен және жаңа ғылым саласында жұмыс істейтін
әдістерімен таныстыру.
-Фармацевтикалық өндірістер технологиясы мекемелерінде, кафедрада
осы білім беру бағдарламасының бағыттарында жүргізілетін ғылымизерттеу жұмыстарының мазмұнымен танысу;
-университеттің құрылымы (ЖМ, факультеттері, кафедралары) туралы
білу;
-факультеттің кафедраларымен экскурсия түрінде таныстыру;
-салаларда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы ережелерімен танысу
6В07270-«Фармацевтік өндіріс технологиясы» білім беру
бағдарламасы туралы мәлімет
Оқу мерзімі – 4 жыл (мамандығы бойынша техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі тағайындалады). Оқуын аяқтаған түлекке жоғары базалық білімі туралы диплом және оқыған пәндер тізбесіне сәйкес академиялық сағаттары, игерілген кредиттік саны мен бағалары көрсетілген дипломға қосымша (транскрипт) беріледі.
Білім беру бағдарламасының мақсаты:
Білім алушыларға дәрілік заттар және олардың классификациясын үйрету, химия-фармацевтикалық технологиялардың аппараттары мен жабдықтары, сонымен қатар дәрілік формаларды өлшеу мен буып-түюге және орауға арналған машиналар мен автоматтар түрлерімен таныстыру, медициналық мақсаттағы фармацевтикалық препараттар мен бұйымдар, шикізат және қосалқы материалдар мен заттардың әртүрлі типтері (оның ішінде өсімдік шикізаты), химиялық реагенттер мен реактивтер, ғылыми-зерттеу аспаптары мен жабдықтары туралы жүйелік білімді қалыптастыру.
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
- қоғамда әлеуметтік-жауапкершіліктік тәртіпті қалыптастыру, кәсіби әдеп нормаларын түсіне білу және оны сақтау;
- бүкіл өмір бойы оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін, кәсіби мансапта кездесіп отыратын барлық өзгермелі жағдайларға бейімделе алатын базалық бакалавр дайындығын қамтамасыз ету;
- жалпы жоғары интеллектуалдық даму деңгейіне жету үшін жағдай жасауды, сауатты, әрі жетік сөйлей білуді, ойлау мәдениеті мен химиялық және фармацевтикалық технология саласында еңбекті ғылыми ұйымдастыру дағдыларымен қамтамасыз ету;
- интеллектуалдық, физикалық, рухани, эстетикалық жағынан дамуы, олардың мамандық бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін немесе келесі оқу деңгейлерінде оқуын жалғастыруларына жағдай жасау [1].



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет