М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы Хаттамасы № 4 « » қыркүйек 2022 ж.
Қатысқандар: «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушысы Сарыбекова Қ.Н., ПМНО 19-5 тобының студенттері.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1.Студенттік жатақханаларда тұратын студенттерге жатақханада тұру ережесі мен тәртіптерін түсіндіру бойынша кездесу ұйымдастыру
Топ кураторы Сарыбекова Қ.Н.-Cтуденттер жатақханасына орналастыру туралы ережемен таныс болу мақсатында Пмно 19-5 тобының студенттерімен университет жатаханасымен танысамыз.
Топ студенттері Абдикадырова Хуснобод ,Кадырбаева Эджеджан-Жатақханада орын бір оқу жылына ғана беріледі.Жатақханадағы орынды оқу бөлімі және деканның тәрбие ісі жөнініндегі көмекшісі бөледі.
Әрбір студентпен келесі құжаттарды ұсынғаннан кейін жатақханада тұруға рұқсат беріледі:
- жеке куәлігі;
- өтініш;
- студенттік кітапшасының көшірмесі;
- уақытша тіркеуде тұрғандығын растайтын анықтама;
- жатақханаға төлемақы толық төленгендігі туралы түбіртек;
- медициналық тексерудің қорытындысы;
- сурет 3х4-1 дана;
Квитанциямен фискальдық чек, сондай-ақ жатақханада тұруға жасалған шарт жатақханада әрі қарай тұру үшін негіз болып табылады.
- Бөлменің кілтін алу және жатақханада тұру құқығы студенттің тұру үшін төлеген ақысы негізінде жатақхана әкімшілігі берген жолдамамен бекітіледі.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жатақханасына қонақтар мен туысқандар әкелуге арнайы әкімшіліктен рұқсат алумен, осы тармақта көрсетілген қатаң тәртіпті сақтаумен сағат 11.00- ден 21.00 дейін рұқсат беріледі. Студенттің бөлмесі мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жатақханасының оқу бөлмесіне келесі жағдайларда жіберуге рұқсат беріледі:
- егер студент қонағы үшін өзіне толық жауапкершілік алған жағдайда;
- студенттің қонақпен бірге бірлескен жобаны әзірлеу қажеттігі болғанда;
- сенбі жексенбі немесе тағы басқа күндері басқа жерге қонуға баратын студент алдын ала (1-күн) бұрын әкімшіліктен рұқсат алуы керек;
- жатақханада тұратын студентке міндетті болған іс-шараларға (жиналыс сабақ т.б) қатыса алмайтын жағдайда алдын (1-күн) бұрын рұқсат алуы керек;
- 23:00- кейін басқа студенттердің мазасын алмауы керек.
Жатақханаға келушілерді қабылдау ережелерін бұзған жағдайда студентке ескерту жазылады.