1-сұрақ 1.Пациентті стационардан шығарғаннан кейін жүргізілетін іс-шаралар
●Пациент станционардан шыққаннан кейін оның төсек жаймаларын киімдерін диз камераға өткіземіз. 0,5 атом режимінде 90⁰ экспозицияға қалдырамыз. Одан кейін қорытынды тазалау жұмыстарын жүргіземіз. Арнайы киім кешек кию керек. 0.05% немесе 0,6 дихлор ерітіндісімен ҚР рұқсат етілген диз.ерітінділерін қолдана отырып, ерітіндінің аты, дайындаған күні, пайызы жазылу керек. Мәрленген шүберектер болу керек. Осыларды пайдаланып науқастың емшара бөлмесін тазалап жинаймыз.
2-сұрақ 2.Люмакс хлор ерітіндісін даярлау
●Мақсаты: эпидемияға қарсы санитарлық тәртіптің сақталуы бойынша бұйрыққа сәйкес зарарсыздандыру үшін қолдану.
●Жабдықтары: арнайы киім, құрғақ ұнтақ хлораминді өлшейтін ыдыс, суға арналған 1л дейін таңбаланған сыйымдылық, зарарсыздандыруға арналған сыйымдылық, ағаш күрке.
●Міндетті шарт: белсенді хлор құрамы 25% әзірленген ерітінді тек бір рет қолданылады.
●Іс-әрекет алгоритмі
1) Арнайы киімді кию
2)Жабдықтарды дайындап, таңбаларды тексеру
3)Сыйымдылыққа су құю
4)Сыйымдылыққа хлор ұнтағын салу
5)Белгіленген мөлшерге дейін су құю
6)Ерітіндіні ағаш күркемен араластыру
7)Сыйымдылықтың қақпағын жабу
8)Таңбасын тексеріп, даярланған уақытын белгілеп, қол қою,әзірленген ерітіндіні 1 күн қалдыру.
3-сұрақ 3.Азопирам сынамасын жүргізу алгоритмі ●Азопирам сынамасы Мақсаты: медициналық құрал-саймандарда гемоглобиннен, жұғыш ерітінді құрамында хлоры бар заттарды, тат басқан жағдайлардан, дәрілік заттардан тазалау сапасын бақылау. Жабдықталуы: • азопирамды реактив: 100мл амидопирин 1 мл тұзқышқылды анилинды құрғақ ыдыста араластырып, 1л дейін 96% спиртпен араластыру; • 1% азопирамның спиртті ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығына арналған пипетка; • астауша мақта шариктерімен, құрал-саймандар (бақылауға алынатын). Міндетті шарттар: • жаңа дайындалған 1% азопирамның ерітіндісін 2 сағат ішінде қолдану; • азопирамды сақтау мерзімін бұзбау: жабық ыдыста 4˚С температурада 2 ай сақтау Сынама жүргізу • бетпердені кию, қолды жуып кептіру, қолғапты кию; • азопирамның 1% ерітіндісі және 3% сүтегінің асқын тотығы бірдей мөлшерде жеке пипеткамен алынып бөтен ыдысқа араластырылады, сыртына азопирамның 1% жұмысшы ерітіндісі деп белгіленеді; • бақылауға алынатын құрал-саймандарды мақта үстінде ұстап, үстіне азопирам тамыздырылады. • Егер де ерітіндінің түсі көк – күлгін түске өзгерсе, құрал саймандардың құрамында қан қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда IIІ-IV-V кезеңді қайталаймыз. • Егер де ерітіндінің түсі ашық қызыл түске өзгерсе құрал -саймандардың құрамында жуғыш ерітіндінің қалдықтарының болғаны. Бұндай жағдайда V кезеңді қайталаймыз. ●Егер де ерітіндінің түсі қоңыр түске өзгерсе құрал-саймандардың құрамында ерітіндінің қалдықтары, дәрі дәрмектер, тат басқан жағдайлары болғаны.
4-сұрақ 4.Ағымдағы дизинфекцияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар. Жихазды жабдықтарды, терезе алдыларын, есіктерді ылғалды жиыстырып тазалау. ҚР рұқсат етілген жуышы және дезинфекциялаушы құралдарды пайдаланумен тәулігіне кем дегенде 2 рет жүргізіледі. Дез.ерітіндіге шүберекті салып дымқыл шүберекпен заттар тұрған шкафты жұмыс үстелін, есікті, терезе алдыларын дез хлормен күшетканы сүрту.Сонымен қатар жұмыс орындағы қабырғаны сүрту.Жиыстырып тазалаудан кейін шүберек дезинфекциялаушы ерітінді жасау нұсқаулығына сәйкес Дез.ерітіндіде 120 м бойы зарарсыздандырған диз.құралдың иісі кеткенше ағынды сумен шайып кептіріледі. Журналға енгізіледі. 5-сұрақ 5.Деохлор таблеткаларын даярлау ●Қолдану аймағы :емдеу мекемелерінде жұқпа ошағында. ●Қолданылуы : Медициналық бұйымдар, науқастың күтіміне арналған заттар , төсек орындар. ●Дайындаудан алдын қорғаныс киімдерін кию керек: Маска, Халат,Қолғап. ●Қолдану тәсілі: заттың белсенді хлор бойынша 0,015-0,3% қоюлығына таблетка 10 л суға. ●Жабдықтары: өлшейтін ыдыс, су, ағаш күрке , қақпағы, калькулятор , таразы. ●Орындаған соң ыдысты жауып , дайындаған күнін,және ерітіндінін атын жазамыз. Таблеткалар суда жақсы ериді. Дайын болған ерітінді тынық болады. Үш тәулік аралығында қолдануға болады. Бактериялды инфекция кезінде 0,015% деохлор ерітіндісі қолданылады. 6-сұрақ
6.Фенолфталеин сынамасын жүргізу алгоритмі
●Фенолфталеин сынамасы
Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады. Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталеин ерітіндісіне суланған мақтамен сүртеді. Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде көкшіл-күлгін түс пайда болады. Егер тексеріс оң болса, ағынды суық су астында қайтадан қайталау керек.
●Ескерту! Прогресс «Биолот» жуу заттарын қолданғанда фенолфталеин тексерісі қолданылмайды.
VІ кезең. Медициналық құрал саймандардың құрамындағы тұздарды жою мақсатында дистилденген сумен жуып шаямыз.
VIІ кезең. Медициналық құрал саймандарды кептіргіш шкафтың ішінде 85'C салып кептіреміз.
Тазалаудан толық өткізгеннен соң, медициналық құрал- саймандарды крафт пакетке, бөз орамына орап, бикске саламыз.
7-сұрақ
7.Автоклавтармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар.
Автоклав көлемдері және автоматтың деңгейлері алуан түрлі бу стерилизаторымен қамтамасыз етіледі.
Жоғарғы температура 138⁰с дейін
Жоғары қысым 2,5 атом дейін.
Талаптары:
1. Стерилизатор салқындағаннан кейін салады.
2.Қыздыру.
3.Залалсыздандыру уақыты қажетті температураға( 180⁰) жеткеннен бастап және ұстау мерзімі 60 минут біткеннен кейін есептеледі.
4. Салқындату 40-50⁰с дейін
5.Шығарып алу.