Мектепке дейінгі мекемеде тарбиеленуде. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Өзіне-өзі қызмет ете алады. Қабылдауы жақсы, ойлау қабілеті өз жасына сай, зейіні тұрақты
Мектепке дейінгі мекемеде тарбиеленуде. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Өзіне-өзі қызмет ете алады. Қабылдауы жақсы, ойлау қабілеті өз жасына сай, зейіні тұрақты.
Бұл баланың бойында лидер болу құштарлығы бар, әркез бірінші болуды ұнатады, сол үшінде достарымен ренжісіп қалады. Лидерлігін тапсырма орындауда да көрсете алады.
Оқу бағдарлаасы бойынша, өткен тақырыптарды толық меңгерген, қоршаған орта туралы түсінігі өз жасына сай, қойылған сұрақтарға оңай жауап береді. Берілген тапсырмаларға қызығушылығы жоғары, кез келген тапсырмаларды өздігінен орындай алады. Достарымен қарым-қатынасы жақсы, мінезі ашық, бірақ көңіл-күйі құбылмалы, өзіне айтылған ескертулерді қабылдағысы келмейді, реніш тудырады.
Математикадан сандарды таниды, санай алады, қосып және азайта алады. Логикалық тапсырмаларды жақсы орындайды. Құрастыру карточкаларынды өте оңай және жылдам құрастыра алады. Сөйлеу тілі жасына сай. Зейіні тұрақты, түстерді, пішіндерді таниды, ажырата алады. Б.А.