«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған


С. Көбеев шығармашылығы және жанрлық ерекшелігі



бет29/50
Дата21.04.2022
өлшемі202,91 Kb.
#31731
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50
С. Көбеев шығармашылығы және жанрлық ерекшелігі

Белгілі «Қалың мал» романының авторы С. Көбеев оқытушылық пен жазушылық қызметін қатар жүргізді. Өзінің барлық саналы өмірін, ақыл ойын халық ағарту ісіне арнаған.

Қостанайдағы екі жылдық педагогикалық курсты бітіріп, бастауыш мектепте оқытушы болуға право алған Спандияр өз аулына аттанар алдында: «Алдымда туып өскен аулым мәдениеттен кенже қалған қараңғы ауыл. Менің ендігі өмірім сол ауылда өтпекші. Сол ауылда қолымнан келгенше мәдениет шамшырағын жақпақшымын... Жас жеткіншектерді оқытып, олардың көзін ашып, ғылым жолына мәдениет соқпағына түсірермін деп асығып келемін», дейді.

Өз ұстазы Ы. Алтынсариннің жолын қуған Спандияр елге келісімен ақ, бала оқыту қызметіне кірісті. Оқытудың жолдарын методтарын іздеді. Оқытушылық қызметін алғашқы күндерінен бастап ақ, Спандияр оқушыларын ұлы орыс халқының мәдениетімен, оның классикалық әдебиетімен таныстыруды қолға алды.

И. А. Крыловтың қырық төрт мысал өлеңін аударған «Үлгілі тәржіме» деген атпен 1910 жылы бастырып шығарды. Осы арқылы жас ұрпақтарды өнер білімге, әділеттілікке, адамгершілікке тәрбиелегісі келеді. Мінез құлықты түзетудің құралы ретінде пайдаланады. Осымен қатар озбырлық еткен үстем таптың қиянатын, пасықтығын әшкерелеудің құралы етті.

С. Көбеев «Үлгілі тәржімеден» соң, мектептерде және мектептен тыс уақыттарда оқылу үшін 1912 жылы «Үлгілі бала» деген атпен бірінші, екінші кітаптарын бастырып шығарды. Бірінші кітабында 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітабында 32 тақырыпқа жазылған өлең мен әңгімелері бар. Бұлардың бірқатары аударма болғанымен балаларды оқыту, тәрбиелеу процестерімен тығыз байланысты болғандықтан, С. Көбеев оқуға керекті материалдарды өзі іздеп табуға, немесе өзі жазуға мәжбүр болды. Қажеттілік оны соған сүйреді. Баланың сауатын ашып, хат танудың бірінші құралы, бірігші басқышы ана тілі мен балалар әдебиеті болғандықтан, Спандияр оны өзі құрастырды. Шығарма мазмұны мен оның идеясы және мақсаты балаға мейлінше түсінікті болу үшін қойылған сұрақтар бойынша оны қайталаудың, есте сақтаудың қажеттігін де жазушы педагог ұмыт қалдырмаған. Балаға жан жақты тәрбие беру үшін кітабына енгізген шығармаларының тақырыбы әралуан болуында ескерген. Қазақ даласына салына бастаған жаңа типті мектептер үшін мұның өзі алғашқы адым, алғашқы бастама ретінде өте қажетті кітапқа айналды.

Ы. Алтынсарин сияқты оның шәкірті С. Көбеевте оқылуға қажетті маериалдарды іздестіруде, құрастыруда, өз тұсынан жазуда болсын алғаш рет орыс әдебиеті мен орыс мәдениетін өзіне үлгі етті, содан үйренді. Алдымен орыс әдебиетіндегі бай мұрасын зерттеп, соның балаларға қажеттісін аударды. Оны балаларға үлгі етті де оқытты.

С. Көбеев «Орындалған арман» атты кітабындағы «Тойда естіген әңгіме», «Молда алдында», «Зорлық», «Үміт сәулесі», «Құлақ естігенді, көз көреді», «Бөлтіріктер», «Ауыр қаза» тағы басқа әңгімелер ауылдағы бұрынға мектеп өмірі мен бүгінгі ауыл жайын толық таныстырды. Ол кезде мектеп салудың қаншалықты ауыр екені, салынған мектеп болса, онда тек үстем таптың балалары ғана оқу керек деген теріс қағидалар болғанын теріс суреттейді. Тозығы жетіп келе жатқан мұндай теріс қағидаларға қарсы сол кезде қазақ арасынан бірен саран шыға бастаған. Ы. Алтынсарин сияқты үлкен интеллегенттердің күрес жүргізгенін баяндайды. Сондықтан бұл әңгімелер де балалар әдебиеті мұрасына үлкен үлес қосқан тарихи және тәрбиелік маңызы бар шығармалар. Қорыта айтқанда, бар өмірін халық ағарту жұмысна сарп еткен, қазақтың ұлттық мектебі үшін оқулық жазған, бала тәрбиелеу, оқыту саласында үздік көзге түскен, республикамызға еңбегі сіңген мұғалімнің әдеби мұралары қазақ балалар әдебиеті тарихынан өшпестік орын алады, сонымен қатар С. Көбеевтің «Үлгілі бала», «Үлгілі тәржіме» атты кітаптарындағы еңбектері балалар әдебиетіне қойылатын талап тілектерге берілген творчестволық жауап деуімізге болады.




Дәріс бойынша сұрақтар:
1. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

2. XXғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті .

3. Көрнекті балалар ақын-жазушылары.

4. С.Көбеев, а.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры ұлттық сана түсінігі.

№ 7 дәріс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет