Дәріс №1 Тақырыбы 1. Тренинг психологиясына кіріспе. Тренингті жүргізу ережелері мен принциптері. Мақсаты: берілген пәннің кіріспесіне шолу және ережелер мен прициптер білу.
Кілт сөздер: тренинг, топ, тренингтің міндеттері, принциптері, психологиялық тренинг мақсаты, ережелері.
Негізгі сұрақтар: Тренинг психологиясына кіріспе.
Тренинг принциптері.
Жүргізу ережелері.
Тренинг психологиясына кіріспе. Психологиялық тренинг - тұлғаны дамыту мен мінез-құлық дағдыларына белсенді оқыту түрі. Тренингте қатысушыға психологиялық қасиеттерді немесе дағдыларды дамытуға немесе көрсетуге бағытталған қандай да бір жаттығуларды орындау ұсынылады. Тиімді оқыту мен дамуды қамтамасыз ететін негізгі принцип-тренингте қызметтің барлық түрлерінің тұрақты үйлесімі: қарым-қатынас, ойын, оқыту, еңбек.
Психологиялық тренингтерді топтық психотерапиядан ажырату керек.
Өзін психологиялық тренингтер деп атайтын көптеген тәжірибелер кейбір авторлармен психокульт ретінде сыналады.
Тренинг - білімді дамыту немесе адамды оқытуда жоспарланған жағдайға жүйелі күш салу арқылы орындау. Жұмыс жағдайында тренинг адамның бір немесе бірнеше әрекет түрлерін нәтижелі орындауынан білім мен дағдыны меңгеру мүмкіншілігіне бағытталады. Тренингтік жаттығулар кейбір жағдайларда түлғалық өзгеруге түрткі қызметін атқарады. Өзіндік сана тұлғаның даму процесін жанама түрде және мазмүндау арқылы қарым-қатынас үйлесімділігін орнатып және қарым- қатынастағы қиындықтардың себебін үғыну динамикасына ықпал жасайды. Тренинг барысында мынандай жағдайларға да дайын болуы тиіс, олар: ыза, қатты дауыс, дөрекілік, өзімшілдік, қатыспаушылық, қажетсіз күлкі, ынтасыздық, шыдамсыздық немесе сөзге керісу, қажетсіз сөзге араласу; тыныштық, селсоқтық; қылжақтық және т.б.
Топ - бұл ақиқат дүние, топта, өмірдегі сияқты өзіндік тұлға аралық қарым-қатынас, шешім қабылдау, мінез - қүлықты таңдау проблемалары бар.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап психологияның қолданбалы және тәжірибелік салаларында «тренинг» түсінігі пайда болды және кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі таңда «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы болмағанмен, бұл әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылуда.
Ресейлік психолог Л.А. Петровскаяәлеуметтік-психологиялық тренингті «өзара қатынастағы білімді, әлеуметтік белгілеулерді, қабілеттілік пен тәжірибені дамытуға бағытталған әсер ету құралы», ретінде қарастырады.
Осы пікірлер негізінде тренингті «психологиялық әсер ету» деп негіздеуге болатындығы айтылып жүр. Сондықтан да тренингті студенттің кәсіби үйлесімділігін және ұжымның психологиялық феноменін мақсатты түрде өзгертуде, білім беруде, тәрбиелеуде, жаттықтыруда көпқырлы әдіс ретінде қолдануға болады .Білім беруде тренингті қолдану арқылы алға қойған мәселелерді шешу, қарым-қатынас, жігерлік, өз-өзіне сенімділік, ойлаудың сыншылдығы, өзін-өзі басқару қабілеттілігі және өзіндік «менін» - дамытуға жағдай жасалады. Сонымен қатар эмоциялық тұрғыдан жекебастың өзін-өзі бақылауы, адам аралық қатынасы, өзін-өзі тануы және тәжірибені тұжырымдап іс жүзінде қолдануы жүзеге асады.