Мемлекет және аралас экономиканың қалыптасуы Opындaғaн: Матайбаева б тeкcepгeн



бет1/3
Дата08.03.2023
өлшемі28,76 Kb.
#72581
  1   2   3



Мемлекет және аралас экономиканың қалыптасуы


Opындaғaн: Матайбаева Б
Тeкcepгeн: Ыбышова С.Т


Қазіргі нарықтық экономика аралас экономика болуда. Американдық экономист Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика – бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» - дейді [1-58 б].
Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика- бұл нарық , бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.
Аралас экономика мынаны көрсетеді: батыстағы нарық экономикасы өндірістен шектелген жұмысшы күшін қабылдайтын шағын бизнессіз және экономикада тепе-теңдік пен қоғамда тұрақтылық қамтамасыз ететін мемлекеттік кірісушіліксіз өмір сүре алмайды.
Адамзат тіршілігінде нарыққа өту жағдайы біркелкі болуы мүмкін емес, өйткені, түрлі негіздер меншіктің түрлі формаларын қабылдауға мәжбүр етеді, яғни, бұл түрлі саладағы капиталдың мөлшеріне байланысты. Сондықтан нарықтық қатынастарға көшу, ұжымдық меншікке алу, кооперациялау, жекелей еңбек ету және т.б. сияқты формаларда жүзеге асады. Бұл тұста форма нақты жайға байланысты. Осыған меншік иелерінің қаржылары біріктірілетін өндіріс орындарының, мекемелердің формалары да әрқилы айырмашылықта болады. Белгілі американ экономисі, «аралас экономика» теориясының өкілі Пол Самуэльсон былай деген: «Біздің экономикалық жүйе — еркін кәсіпкерлердің «аралас» жүйесі болып табылады, себебі экономикалык бақылау қоғам тарапынан жүзеге асады» [2-62 б].
Әртүрлі экономикалық жүйедегі мемлекеттің экономикалық рөлі жайлы теория К. Маркс пен В.И. Лениннің еңбектерінде терең қаралған. В.И. Лениннің жаңа экономикалык саясат негізінде (НЭП) 1921-ші жылы Ресей экономикасына нарықтық қатынастарды ендіру кезіндегі мемлекеттің рөлі жайлы ойлары өте құнды.
Жаңа экономикалық саясат еркін сауданы өндіруді межелеп, жаңа жағдайдағы мемлекеттің рөлін анықтады.
Бұл жөнінде Т.К.Оралтаев былай деп жазған болатын: «мемлекеттің бақылауынан қашпайтын дүрыс саудадан біз қашпауымыз қажет, оны дамыту бізге ыңғайлы» [3- 522 б].
Аралас экономиканы өте терең зерттеген ағылшын экономистері — Дж. Кейнс, Рой Харрод (1890-1978 жж.), Джоан Робинсон (1903 ж.) және американ экономисі Элвин Хансен (1887-1975 жж.) де болды.
Әлемдік аралас экономикадағы құрылымдық өзгерістер интерназионализациялау процесінің белсенділігіне қолайлы жағдайлар туғызды, ол бұл елдердің дамуына іәсер етуші факторлар мен жағдайлардың түбегейлі өзгеруіне алып келеді және осы мемлекеттердің ұлттық үлесінің қысқарып, ұлтаралық үлестің өсуіне алып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет