Байланысты: Мемлекет жоғары білімді қаржыландыру керек пе
Мемлекет жоғары білімді қаржыландыру керек пе?
Жоғарғы білім – толық орта білім негізінде жоғары оқу орындарында берілетін және тиісті дипломмен куәландырылатын маманның кәсіби біліктілік дәрежесі. Қазіргі кезде жоғары білім барлық елде мемлекетпен қаржыландырылмайды, ал қаржыландыру бар мемлекеттерде әр-түрлі деңгейде болып табылады. Бұл сұрақтың жауабы бір қатар мемлекеттерде шешілген және ол қатарда біздің мемлекетте бар. Бірақ біздің мемлекетте жоғары білім барлығына тегін берілмейді, тек ҰБТ-дан жоғары балл алып, конкурстық жүйеде бәсекеге түсіп, білім грант иегері атанады. Ал, толықтай мемлекетпен қаржыландырылған жоғары білім беретін елдер қатарында Германия, Норвегия, Финляндия,Франция, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері...т.б. Бұлардың ішінде мысал ретінде Біріккен Араб Әмірліктерін келтірсек. Бұл елде бала дүниеге келген кезден бастап, шыққан тегі әлеуметтік жағдайына қарамастан, балаға 18 жасқа дейін жеке депозит ашылып, балабақша, орта білім, жоғары білім толықтай мемлекетпен қаржыландырады. Біз барлығымыз Біріккен Араб Әмірліктерін жер асты байлығы мұнайға бай және әлемде алдыңғы қатарда екенін білеміз. Яғни бұл жерде мемлекет өз елінің жерінің байлығын, өз халқының тұрмыс, әлеуетін, білім деңгейін жақсарту мақсатында қаржыландырып келеді. Және бұнымен барлык елдерге үлгі арман болып, дамыған елдердің алдынғы қатарынан көрініп келеді. Енді бұл жерде біздің елде де Менделеев кестесіндегі барлық химиялық элементтері бар, мұнайға да кедей емеспіз, бірақ бізде Біріккен Араб Әмірліктеріндегідей толық қаржыландыру жоқ, бірақ ол күн де алыс емес деп ойлаймын! Бұл мысал, деректерді келтіру арқылы мен негізгі сұраққа жауап беруге тырысам. Мемлекет жоғары білімді қаржыландыру керек пе? Иә,керек! Неге? Өйткені, XXI-ғасыр білімділердің ғасыры. «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» деп ата-бабамыз айтып кеткен, және бұл мақал казіргі заманда да қолданып келеді. Яғни, біздің мемлекеттің болашағы айқын,дамыған елдердің қатарынан көріну үшін білімді ұрпақты тәрбиелеу керек, ол бесіктен бастау алу керек. Бүгінгі таңда жоғары оқу орнына түсеалмай жүрген қаншама азамат бар. Бұл оның білім деңгейінің және қаржы таплышығынан туындайды. Ал, білім денгейі неге төмен дегенге, отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты орта мектепке баралмай, білім алалмай, ауыр қара жұмыс истеуге мәжбүр, бірақ потенциалы жоғары балалар көп. Оларға тек сол қаржы мәселесі әр-қашан да кедергі болып келеді. Яғни, ол балалардың орта білімі дұрыс болмағандықтан олар ҰБТ-дан оң нәтиже шағаралмай, конкурста білім грантын жеңіп алалмайды. Ал, білім грантын алмаған оқушы өз қаражатымен жоғары мектепті оқуға тиісті. Сондықтан, потенциалы жоғары балалар әлеуметтік жағдайына байланысты білім жолынан алыс қалып, ауыр қара жұмыс істеп, басқа елге құл болмау үшін ұлт болашағын ойлаған мемлекет жоғары білімді толықтай қаржыландыру керек деп ойлаймын.