«№19 жалпы орта білім беретін мектеп» кмм «Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»



бет1/4
Дата09.02.2023
өлшемі84,71 Kb.
#66587
  1   2   3   4

«№ 19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
«Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»
19 мектеп директоры Директордың оқу ісі Бірлестік отырысында
__________К.К.Шиганбаева жөніндегі орынбасары __________Г.М.Адилова
__________2022 жыл ___________А.С.Дюсенова №___ «____» ___________2022 жыл _________2022жыл

«Жас математика» математика пәні бойынша таңдау курсы күнтізбелік жоспары


7- сынып

2022-2023
Түсінік хат
Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі және орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. Арнайы курс аптасына 2 сағаттан, барлығы 72 сағатқа есептеліп, таңдау курсы 7 сынып оқушыларына математикадан негізгі мектеп курсы бағдарламасында қарастырылатын сұрақтарды тереңірек қарастыруға негізделген. Курс бағдарламасы математикалық есептерді шығарудың әдіс – тәсілдерін үйренуде оқушылардың ғылыми – теориялық және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жоғары логикалық ойлауды және жоғары орындаушылық мәдениеті талап етеді. Арнайы курс сабақтары бағдарлама материалдарын кеңінен және терең үйренуге, қиынырақ есептерді шығаруға, стандартты емес есептерді шешу дағдыларын қалыптастыруға, теориялық материалды көбірек оқуға, оқушылардың білмей қалған жерлерін білуге және оза оқыту принципін енгізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ пәнге қызығушылығын арттыруға арналған қызықты есептер, фокустар, басқатырғыштар оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға, оқушылардың математикалық даярлықтарын дамытуға мүмкіндік береді. Факультативтік сабақ 7- ші сынып оқушыларының сабақтан алған білімдерін толықтыруға, тереңдетуге арналған.


Мақсаты:

  • Қазіргі қоғамның әрбір мүшесінің өмірі мен қызметіне қажет, білімді әрі қарай дамыту үшін математикалық білім беру мен біліктілігін алуға жүйелі жағдай жасау;

  • Оқушының жан – жақты тұлға ретінде өркендеу: логикалық ойлау қабілеті ой – өрістің дәлдігі, кеңістіктегі елестеу, алгоритмдік мәдениеті;

  • Оқушылардың өз беттерімен жұмыс жасауы біліктіліктерін қалыптастыру және сонымен бірге өз жұмысына талдау жасай білуге үйрету;

  • Есеп шығарудың әдіс – тәсілдерін үйреніп, кеңейту негізінде оқушылардың математикалық материалдарын меңгеруге бағыттау



Міндеттері:

  • оқушының жеке қабілеттерін оқыту барысында жан – жақты ескеру;

  • орта және жоғары буын салаларының сабақтастығын жетілдіру;

  • математикалық тіл мәдениетін меңгеруге, дербестікке баулу;

  • қолданбалы тұрмыстық есептерді шеше білуін қамтамасыз ету;

  • сапалы дүниетанымдық көзқарас қалыптастырып, ғылыми негізде білім беру, ізденіспен жұмыс істеуін ұйымдастыру шығармашылық потенциалын қалыптастыру арқылы жалпы мәдениеттілік қызығушылығын дамыту.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет