Қысқа мерзімді жоспары Пән Сынып сағаты Педагогтың аты-жөні



бет1/3
Дата28.11.2023
өлшемі17,54 Kb.
#130678
  1   2   3
Байланысты:
20.11.2023 Мен өз елімнің патриоты


Қысқа мерзімді жоспары

Пән

Сынып сағаты

Педагогтың аты-жөні

Куанышбаева А.Х.

Күні

20.11.2023

Сынып 8 Ә

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Мен өз елімнің патриотымын

Мақсаты



Оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, елінің, жерінің құндылықтарын сезе біліп, оларды дәріптеуге, ұлт қаһармандарының ерлігін мысалға келтіре отыра, елінің патриоты болуға тәрбиелеу

Құндылық

Елінің патриоты болуға тәрбиелеу



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу, түгендеу
Шаттық шеңбері: Оқушылар бір-біріне жақсы
тілектер айтып, сабаққа көңілді қатысады.
Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбына сұрақ-жауап. (оқушылардың пікірін тыңдау)
«Ой да ортақ, пікір де ортақ » дегендей сендердің назарларыңызға « Мен өз елімнің патриотымын » атты бірыңғай сабақты назарларыңа ұсынамын.
Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу, солай ғой, балалар!
Ендеше сабағымызды бастайық. Назарларыңа мына слайдтарды ұсынамын, бірге тамашалайық! (Қазақстан, мемлекеттік рәміздер, Астана жайлы слайдтар)



1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың мақсаттарымен танысады.




Сабақтың ортасы

Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың, батырлардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады. Тәуелсіздік алғанымызға аз ғана уақыт болса да, барша қазақ жұртының бір арманы, ол – «Мәңгілік ел» атану.
«Мәңгілік ел» дегеніміз дегенімізді қалай түсінесіңдер, балалар?
Қанша заман, қанша ғасыр болса да, атымыз өшпейтіндей, тарихтан ойып тұрып орын алатындай, «Мәңгілік ел» атану қазіргі таңда барша қазақстандықтардың арманы. Ал, сендер балалар, еліміздің мәңгілік атануына, тарихта өшпестей із қалдыруына қандай үлес қоса аласыңдар? Осы туралы ойларың қандай?
Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.
А.Байтұрсынов:
- Қазағым елім!
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Талауда малың,
Қамауда жаның
Аш көзіңді оянып...- десе,
М.Дулатов:
«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді.
Ал С.Торайғыров:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам,
Қараңғылықтың кегіне,
Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. Міне сендер, балалар, ұлы тұлғалардың осы бағытын жалғастырып «Мәңгілік ел-Қазақ елінің» тарихын құрасыңдар, болашақ сендердің қолыңда.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев : «Біз барлығымыз тек таза қазақ тілінде сөйлегенде ғана біз-Қазақ елі атанамыз деге. Тілімізді қадірлейік. Тілдің қолдану аясын кеңейтуге ат салысайық. Осы орайда сендер не істер едіңдер? Өз үлестеріңді қалай қоса аласыңдар?


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет