Мемлекет саяси билік субъектісі. Мемлекет



Дата29.11.2022
өлшемі16,55 Kb.
#53513

Мемлекет - саяси билік субъектісі.
Мемлекет-деп белгілі бір аумақ шеңберінде азаматтардың әлеуметтік топтармен, таптармен, бірлестіктермен, қатынастар мен қызметтерін ұйымдастыратың, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементерін айтамыз.
Неміс философы Имануэль Кант мемлекет – өздігінең басқарылатын азаматтардың бірлескен қоғамы деген. Мемлекет алғашқы қауымдық құрылыс кезінде болған жоқ, ол құл иеленушілік қоғам кезінде қалыптасты.


Мемлекеттің пайда болуы жөнінде көптеген теориялар бар:

  • Теократиялық теория- мемлкеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Мемлекетті жасаған жаратушы, мемлекет басшышы оның жердегі өкілі деп есептейді.

  • Келісім концепциясы – мемлекеттің пайда болуын ажамдардың өзара келісімі нәтежиесінде пайда болжы деп түсіндіреді. Өздернің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, адамдар өзара келісіп мемлекет құрды деп есептейді (өкілдері: Томас Гоббс, Джон Локк).

  • Парриархалды (әке) теория- мемлекет отбасының-руға, ру үлкейе келе тайпаға, тайпа үлкейе келе мемлекетке айналды деп есептейді.

  • «Жаулаушылық теориясы» - XIX ғасырда Л. Гумпилович негізін қалады. Мемлекет – әлсіз топтарды, тайпаларды, күшті ұйымдасқан тайпалардың басып алуының нәтижесінде пайда болды деп есептейді.

  • Органикалық теория- дарвинизм идеясына сүйенеді. Яғни, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың өмір сүруге деген күресінің барысында (тамақ, баспана, жылы жер табуға ұмтылыс), табиғи сұрыпталу адамдарды бірігуге мәжбүрледі. Осының барысында мемлекетке бірікті.

  • Маркстік - мемлекеттің пайда болуын экономика, өндірістегі жеке меншіктің пайда болуымен түсіндіреді. Экономикалық үстемдікке ие таптар, басқа таптарды қол астына ұстап тұру үшін мемлекет қажет деп есептейді(өкілдері: Карл Маркс, Фредрих Энгельс).

Мемлекеттің негізгі белгілері:

  • Территориясы. (жерінің болуы).

  • Жариялық билік (үкімет аппараты, сот органдар т.б.).

  • Тәуелсіздігі (басқа елге бағыныштылықтың болмауы).

  • Ашық күш қолдану (қылмыс жасағандарды еріксіз көндіру, мәжбүрлеу, қажетті жағдайларда физикалық жою).

  • Салық салу (барлық халықтан, ел территориясындағы мекемелерден толықтай алымдар мен салықтарды алу тек мемлекетке ғана тиісті, салық бюджеттің негізі).

  • Міндетті түрде азаматы болу (саяси партияға, ұйымдарға мүше болу немесе болмау адамның өз еркі болса, мемлекетің азаматығын адамға туа салысымен береді).

  • Жалпы халықтың атынаң сөйлеу (сол мемлекеттің тұрғын халқының атынан сөйлеу арнайы басшылар мен төтенше және өкілетті елшілерге ғана рұқсат).

Мемлекеттік құрылысына қарай – 3-ке
Унитарлы- біртұтас, бөлінбейтін, яғни территориясында басқа құрылымдарға жол берілмейді, автономия болмайды. Мыс: Қазақстан.
Федерация – белгілі бір территориялық құрылымдарға жол беріледі. Мыс: Ресей Федерациясы, құрамында 22 республика бар.
Конфедерация – тәуелсіз мемлекеттердің тұрақты одағы. Мыс: Евроодақ.


Басқару формасына байланысты 2-ге: монархия және республикаға бөлінеді:
Монархия өз кезегінде 2- ге абсолютті (Сауд Арабия) және конституциялық (Ұлыбритания, Жапония, Испания, Дания, Люксембург, Монако т.б.) деп бөлінеді.
Республика (парламенттік, президенттік, аралас)– мемлекет басшылары белгілі бір уақытқа сайланады.

Мемлекет қызметтері – қоғамдағы белгілі бір міндеттер мен қоғамдық іс-әрекеттері жатады.
Мемлекет қызметтері ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Сыртқы қызметтеріне – сыртқы экономикалық байланыстар, дипломатиялық қатынастар, қорғаныс т.б.
Ішкі қызметтеріне – экономиканы ұйымдастыру, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, саяси мәселелерді шешу жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет