Мемлекет - саяси билік субъектісі. Мемлекет-деп белгілі бір аумақ шеңберінде азаматтардың әлеуметтік топтармен, таптармен, бірлестіктермен, қатынастар мен қызметтерін ұйымдастыратың, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементерін айтамыз.
Неміс философы Имануэль Кант мемлекет – өздігінең басқарылатын азаматтардың бірлескен қоғамы деген. Мемлекет алғашқы қауымдық құрылыс кезінде болған жоқ, ол құл иеленушілік қоғам кезінде қалыптасты.
Мемлекеттің пайда болуы жөнінде көптеген теориялар бар:
Теократиялық теория- мемлкеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Мемлекетті жасаған жаратушы, мемлекет басшышы оның жердегі өкілі деп есептейді.
Келісім концепциясы – мемлекеттің пайда болуын ажамдардың өзара келісімі нәтежиесінде пайда болжы деп түсіндіреді. Өздернің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, адамдар өзара келісіп мемлекет құрды деп есептейді (өкілдері: Томас Гоббс, Джон Локк).
Парриархалды (әке) теория- мемлекет отбасының-руға, ру үлкейе келе тайпаға, тайпа үлкейе келе мемлекетке айналды деп есептейді.
«Жаулаушылық теориясы» - XIX ғасырда Л. Гумпилович негізін қалады. Мемлекет – әлсіз топтарды, тайпаларды, күшті ұйымдасқан тайпалардың басып алуының нәтижесінде пайда болды деп есептейді.
Органикалық теория- дарвинизм идеясына сүйенеді. Яғни, алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдардың өмір сүруге деген күресінің барысында (тамақ, баспана, жылы жер табуға ұмтылыс), табиғи сұрыпталу адамдарды бірігуге мәжбүрледі. Осының барысында мемлекетке бірікті.
Маркстік - мемлекеттің пайда болуын экономика, өндірістегі жеке меншіктің пайда болуымен түсіндіреді. Экономикалық үстемдікке ие таптар, басқа таптарды қол астына ұстап тұру үшін мемлекет қажет деп есептейді(өкілдері: Карл Маркс, Фредрих Энгельс).
Мемлекеттің негізгі белгілері:
Территориясы. (жерінің болуы).
Жариялық билік (үкімет аппараты, сот органдар т.б.).
Тәуелсіздігі (басқа елге бағыныштылықтың болмауы).
Ашық күш қолдану (қылмыс жасағандарды еріксіз көндіру, мәжбүрлеу, қажетті жағдайларда физикалық жою).
Салық салу (барлық халықтан, ел территориясындағы мекемелерден толықтай алымдар мен салықтарды алу тек мемлекетке ғана тиісті, салық бюджеттің негізі).
Міндетті түрде азаматы болу(саяси партияға, ұйымдарға мүше болу немесе болмау адамның өз еркі болса, мемлекетің азаматығын адамға туа салысымен береді).
Жалпы халықтың атынаң сөйлеу (сол мемлекеттің тұрғын халқының атынан сөйлеу арнайы басшылар мен төтенше және өкілетті елшілерге ғана рұқсат).
Мемлекеттік құрылысына қарай – 3-ке Унитарлы- біртұтас, бөлінбейтін, яғни территориясында басқа құрылымдарға жол берілмейді, автономия болмайды. Мыс: Қазақстан.
Федерация – белгілі бір территориялық құрылымдарға жол беріледі. Мыс: Ресей Федерациясы, құрамында 22 республика бар.
Конфедерация – тәуелсіз мемлекеттердің тұрақты одағы. Мыс: Евроодақ.
Басқару формасына байланысты 2-ге: монархия және республикаға бөлінеді:
Монархия өз кезегінде 2- ге абсолютті (Сауд Арабия) және конституциялық (Ұлыбритания, Жапония, Испания, Дания, Люксембург, Монако т.б.) деп бөлінеді.
Республика (парламенттік, президенттік, аралас)– мемлекет басшылары белгілі бір уақытқа сайланады.
Мемлекет қызметтері – қоғамдағы белгілі бір міндеттер мен қоғамдық іс-әрекеттері жатады.
Мемлекет қызметтері ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Сыртқы қызметтеріне – сыртқы экономикалық байланыстар, дипломатиялық қатынастар, қорғаныс т.б.
Ішкі қызметтеріне – экономиканы ұйымдастыру, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, саяси мәселелерді шешу жатады.