Мен «алмасу оқушысы»1 боламын ба?



Дата26.10.2023
өлшемі7,49 Kb.
#120916

Мен «алмасу оқушысы»1 боламын ба?

2-МӘТІН. МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ»1 БОЛАМЫН БА?


Мен де алмасу оқушысы бола аламын ба? Бұл ой мені қорқытады, бірақ өте қызығарлық. Егер мүлде қорықпасаңыз, бұл таңданарлық болар еді. Ең бастысы

– сіз мұны қалайтыныңыз және сіздің күтулеріңіз толық орындалуы.




    1. Тапсырмалар PISA халықаралық зерттеу материалдарынан жинақталып құрастырылды.


2 «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» біраз уақыт бойы, әдетте, 1 жыл бойы басқа елдегі қандай да бір отбасында тұрып оқиды.
Үміткерден не талап етіледі? Оқушыларалмасумен шұғылданатын әртүрлі ұйымдардың талаптарының айырмашылығы аз ғана, бірақ олардың барлығы үміткерлердің жасына, бітірген сынып санына, үлгеріміне және жеке басының қасиетіне нақты талаптар қояды. Әдетте жас шамасы 15-тен 18-ге дейін. Оқушы негізгі мектепті (9-сынып) немесе 10-сыныпты бітіруі талап етіледі.

Оқушылар алмасу жұмысының алғашқы жылдарымен салыстырғанда, қазіргі кезде, үлгерім шешуші фактор емес. Көптеген жағдайларда «орташа үлгерім» жеткілікті болады. Үлгерімнің біршама төмен деңгейінің есесі әңгіме өткізу кезінде оқушының жақсы әсер қалдыруымен қайтарылуы мүмкін. Көп жағдайларда мектептен немесе мұғалімнен мінездеме қажет болады. Бұдан басқа өтінішіңізге сіздің мектептегі бағаларыңыз бар көшірмені қосу керек.



Тілді білу жиі жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша емтихан арқылы бағаланады. Сірә, үміткерден шет тілінде жүгіртіп сөйлей білу талап етілмеуі тиіс, өйткені тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр. Әңгімелескенде үміткерлер күнделікті өмірдегі қатынаста ең болмағанда өздерінің пікірі мен қалауын қарапайым сөздермен білдіруі және қысқаша жеңіл-жеплі сөйлесе алуы ескеріледі.


Жақсы денсаулық міндетті шарт. Бірақ сізге өз еліңізде мектепке баруға ештеңе кедергі жасамаса, онда сіздің алмасу оқушы болмайтыныңыздың себебі де жоқ. Кейбір созылмалы аурулар, мысалы, қатты аллергия, сіз бірге тұратын лайықты отбасын іздеу уақытын көбейтуі мүмкін. Бірақ бұл сізді тоқтатпауы тиіс.
Барлық ұйымдар оқушының жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл аударады. Әсіресе, ісі мен әрекеттеріндегі сенімділік, жақсы әдеттер, көңілді мінез, қарым-қатынас жасай білу, бейімделе алу, ұжымда жұмыс істей білу, кемелдену, оқуға ынтығу және ой-өрісінің кең болуы маңызды деп есептеледі. Бұл қасиеттердің барлығы үміткерлермен жеке әңгімелесу барысында және мұғалім немесе мектеп әкімшілігі берген мінездеменің негізінде бағаланады.

Келесі сұрақтарға жауап беру үшін «Мен «алмасу оқушысы» боламын ба?» мақаласын оқыңыздар.


Сұрақ 2: МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛАМЫН БА?
Бұл мақаланың басты ойы неде?
A. Оқушылар алмасатын жеке бағдарламаны жарнамалау
B. Алмасу бағдарламаларға қатысу қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндіру
C. Алмасу бағдарламасының мақсаттарын атап шығу
D. Алмасу бағдарламасына қатысу талаптарын сипаттау


Сұрақ 3: МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛАМЫН БА? Мақалада не жазылғаны туралы айтуға болады (оның мазмұны туралы). Мақала қалай жазылғаны туралы айтуға болады (оның стилі туралы). Мақаланың авторы келешекте алмасуға қатыса алатын оқушылардың назарын аудару үшін, оны осындай мәнерде жазуға тырысты.
Қалай ойлайсыңдар, бұл оның қолынан келді ме? Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз.

Сұрақ 4: МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛАМЫН БА?
Оқушылар алмасу үшін мақалаға сәйкес қандай талап ең маңызды болып табылады?
  1. Өте жақсы оқу жетістіктері


  2. Жақсы дамыған тұлғалық қасиеттері



  1. Шет тілін өте жақсы меңгеруі


  2. Мықты денсаулық




Сұрақ 5: МЕН «АЛМАСУ ОҚУШЫСЫ» БОЛАМЫН БА?
Мақаладағы мәліметтерді пайдаланып, неліктен сіздер таңдаған талап алмасу агенттігі үшін сонша маңызды екенін түсіндіріңіз.

16
http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет