Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз та- рихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата15.03.2017
өлшемі4,2 Mb.
#9730
  1   2   3   4

Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен, Ұлытаудың 

орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз та-

рихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы 

өте бай. Оны білуіміз керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы 

деген жылды жарияладық. Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы 

түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін Көк түріктерге жалға-

сады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге 

ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі. Осындай үл-

кен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білу керек. Біз кеше ғана 

пайда болған халық емеспіз.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Cана


Мүдде

Салауат


ЖАСТАР ГАЗЕТІ



9

 (57)

31 қазан, 2014 ж.

Павлодар облысының 

әкімі Қанат 

Бозымбаев:

БІЛІМ – БҮГІНГІ 

КҮННІҢ ЕҢ МАҢЫЗДЫ 

ТАУАРЫ

Шәкен Айманов:



МАҒАН ӨНЕРГЕ АЛҒАШ 

ЖОЛ АШҚАН ҒАБИТ 

МҮСІРЕПОВ БОЛСА, 

ӨНЕР ШЫҢЫНА 

ЖЕТЕЛЕГЕН МҰХТАР 

ӘУЕЗОВ ЕДІ



3

-бет

7

-бет

ГАЗЕТ 2005 ЖЫЛДЫҢ 

28 ҚАЗАНЫНАН 

БАСТАП ШЫҒАДЫ

Жастар – болашақтың кепілі

АДАМЗАТҚА 

ҚАУІП ТӨНДІРГЕН 

ӨНЕРТАБЫСТАР



4

-бет

2

бет

ЛЫТАУ 


ТӨРІНДЕГІ 

ОЙ ТОЛ АУ



2

SMS ақпарат



Жастарға 

арналған 

«Жұлдыз FM» 

радиосы хабар 

тарата бастады

«Жұлдыз  FM»  жастар  ра-

диостанциясы  республика-

лық  эфирде  хабар  тарата 

бастады, – деп хабарлайды 

Tengrinews.kz тілшісі. 

Жаңа  радионың  жиілігін-

де  жастарға  арналған  қазақ 

тіліндегі  əндер  орындала-

ды.  «Мұндай  идея  əріптес-

терімізбен,  музыканттармен 

əңгімелесу барысында келді. 

Біз  Қазақстанның  медиа-

кеңістігінде  жастарға  арнал-

ған  қазақ  радиостанциясы-

ның  жетіспейтінін  түсіндік. 

Бұл  жайт  біз  үшін  нонсенс 

болып көрінді. Идеяның пай-

да  болған  сəтінен  оның  іске 

асуына дейін екі жылдай уа-

қыт  кетті»,  –  дейді  радиос-

танция  директоры  Мəдина 

Өмірбекова.

Танымал  композитор  Ке-

ңес Дүйсекеев жаңа радиоға 

өзінің  «Сəлем  саған,  туған 

ел!»  əнін  қолдануға  келісім 

берді.  Көп  жыл  бұрын  Роза 

Рымбаева  үшін  арнайы  жа-

зылған  шығарма  жастар 

радиосының  негізгі  музы-

калық  заставкасына  айнал-

ды.  «Жұлдыз  FM»  радиосы 

елдің  болашағына  қызмет 

етеді деп ойлаймын. Себебі 

қай елдің де келешегі – жас-

тар,  сондықтан  жастар  үшін 

қызмет  ететін  радионың  бо-

лашағы  да  жарқын  болады. 

Қаны  қазақ,  жаны  қазақ, 

түсінігі  терең  өнер  адамы 

осы радиоға қызмет етуі ке-

рек  деп  есептеймін»,  –  деді 

Дүйсекеев.

Радиостанцияға  Қазақстан 

эстрадасы  өкілдерінің  көбі 

бірден  қолдау  білдірді.  «Біз 

радиостанцияда жұмыс істеу-

ге  ниет  білдірген  жастардың 

көп болғанына қуаныштымыз, 

олар көп идея əкелді, радио-

ның ашылуына үлестерін қос-

ты», – дейді Өмірбекова.

Жаңа  радионың  атауына 

келсек,  жобаны  жасаушылар 

оны  көп  атаудың  ішінен  таң-

дап алғанын айтты. «Бұл жұл-

дыздар  туралы  радио  емес. 

Біз  бұған  жастарға  бағдар 

боларлық жол көрсеткіш жұл-

дыз  деген  мағына  бердік»,  – 

деді радио басшысы.

«Жұлдыз  FM»  тыңдарман-

дарға  қазақша  сапалы  кон-

тент  ұсынуды,  жастардың 

биік  құндылықтарын  қалып-

тастыруды  жəне  олардың 

қомақты  ақпарат  ағыны  ара-

сынан  дұрыс  бағытты  таң-

дауына көмектесуді көздейді. 

Жастар радио эфирінен өмір-

дегі,  музыка  мен  мəдениет-

тегі ең маңызды, қызықты, қа-

жетті дүниелерді таба алатын 

болады.  «Бүгінде  Интернет, 

кітаптар бар. Бірақ бізде оған 

қол  жеткізе  бермейтін  аймақ 

жастары  бар,  ал  радио  –  ең 

ауқымды аудиторияға арнал-

ған ақпарат көзі», – дейді ра-

дио басшылары.

«Жұлдыз  FM»  радиостан-

циясы  20  қазанда  Қазақс-

танның  18  қаласында  техни-

калық  эфирге  шықты.  Оның 

ресми  түрде  іске  қосылуы 

қараша  айына  жоспарланып 

отыр.

Tengrinews.kz

 



ДҮРБІ



 



ШАРА



ҰЛЫТАУ ЕТЕГІНДЕГІ ОЙ ТОЛҒАУ

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  қасиетті  мекен  – 

Ұлытау  төріне  атбасын  тіреп,  халық  алдында  ел  тағдыры,  тіл  тарихы,  дініміздің 

бүгінгі ахуалы туралы толғанып тұрып: «Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. 

Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа. Біздің жастарымыз оны біле бермейді. Біз өз та-

рихымызды жаңадан игеріп, біліп жатқан елміз. Қазақтың тарихы өте бай. Оны білуіміз 

керек, қолға алып та жүрміз. Тарих жылы деген жылды жарияладық. Біздің елдігіміз, қа-

зақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін Көк түріктерге жал-

ғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртін-

деп  Тәуелсіздікке  келіп  тіреледі.  Осындай  үлкен  тарихымыз  бар.  Жастарымыз  мұны 

білу керек. Біз кеше ғана пайда болған халық емеспіз», – деп айтты. Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың Ұлытаудың етегінде берген сұхбаты барша қазақстандықтардың кө-

кейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Ел мен жер, тіл мен дін, ұлт пен ұлыс мүддесі 

жайында қозғаған келелі әңгімесі қазақ жұртының көңілін бір серпілтті.



2014  жылдың  1  қазан  күні  С.Торайғы-

ров  атындағы  Павлодар  мемлекеттік 

университетінде  жоғары  оқу  орнының 

оқытушылары  мен  қызметкерлеріне  ар-

налған  «Ұлытау  етегіндегі  ой  толғау» 

атты конференция өтті.

Конференцияның  пленарлық  отырысын-

да  С.Торайғыров  атындағы  ПМУ  ректоры, 

э.ғ.д.,  профессор  Серік  Өмірбаев  Ұлытау 

төріндегі  Елбасымыздың  берген  сұхбаты 

барысында  қазақстандықтардың  рухания-

тынан  бастап  мəдени-тарихи  мұраларына 

дейін  Ұлт  Көшбасшысы  Нұрсұлтан  Назар-

баевтың  назарынан  тыс  қалмағанын  атап 

өтті.  «Қазақстандық  жоғары  білім  беру  жү-

йесінің идеологиялық іргетасы ұлтымыздың 

рухани жəне мəдени мұралары екені анық. 

Ұлттық  құндылықтарымызды  сақтау  жəне 

өскелең  ұрпаққа  аманат  ету  біздің  кəсіби 

əрі азаматтық борышымыз. Сондықтан, нақ 

біздер  ата-бабамыздан  жеткен  рухани  мұ-

рамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жетуіне жауап-

тымыз. Бұл жауапкершілікті түсіну, еліміздің 

өткеніне құрметпен қарау – университет ға-

лымдарының  азаматтық  ұстанымы»,  –  деп 

қадап айтты өз сөзінде Серік Мəуленұлы.

Конференция  жұмысына  құрметті  қонақ 

ретінде  «Нұр  Отан»  ХДП  Павлодар  қа-

лалық  филиалының  төрағасының  бірінші 

орынбасары  Арман  Ешмұратов  қатысып, 

«Заманауи  шақыртулар  мен  қауіпсіздік  мə-

селелері»  тақырыбында  баяндама  оқыды. 

Сонымен  қоса,  пленарлық  отырыста  Пав-

лодар  мемлекеттік  университетінің  ғалым-

дары:  «Қазақстан  тарихы»  кафедрасының 

меңгерушісі,  т.ғ.к.  Қайрат  Батталов  «Тарих-

тың  сынынан  өткен  ұлы  құндылықтары-

мыз», Бизнес жəне құқық факультетінің де-

каны, техн.ғ.к. Тахир Эрназаров, «Қазақ тілі» 

кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профес-

сор Айман Зейнулина «Мемлекеттік тіл қыз-

меті  –  мемлекеттілікті  нығайту  кепілділігі», 

«Философия  жəне  əлеуметтік  пəндер»  ка-

федрасының меңгерушісі, философ.ғ.к. Гау-

һар Ахметова «Конфессияаралық келісімнің 

қазақстандық үлгісі» тақырыптарында баян-

дама оқыды.

Конференция 

жұмысы 


барысында 

көпшілік  назарына  «Жаңа  дəуірдің  көшбас-

шысы» көрмесі ұсынылды.

БІЛІМ – ҒЫЛЫМ – ӨНДІРІС

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «VI Ш. Шөкин оқу-

лары»  халықаралық  ғылыми-техникалық  конференциясы  өтті.  Конференция  жұмы-

сында қазақстандық жəне шетелдік ғалымдар энергетика жəне энергоүнемдеу салала-

ры бойынша үздік жобалары мен жұмыстарын ұсынды.

С.Торайғыров  атындағы  Павлодар  мем-

лекеттік университеті қабырғасында осымен 

алтыншы рет өтіп жатқан ғылыми конферен-

ция жоғары мектептердің энергетика саласы 

үздіктерінің  басын  қосты.  Жыл  сайын  кон-

ференцияға қатысушылар, заманауи ғылым 

өкілдері  энергетика  саласының  түйіткілді 

мəселелерін  талқылап,  оның  шешу  жолда-

рын іздейді. Биылғы конференцияға энерге-

тика тақырыбы арқау болды. «EXPO-2017» 

халықаралық  көрмесін  өткізу  қарсаңында 

айтулы  тақырып  өзекті  болып  отыр.  Ал 

энергоүнемдеу  технологиялары  Павлодар 

мемлекеттік  университеті  ғалымдарының 

басты зерттеу нысандарына айналды. Сон-

дықтан, ғылыми шараға қатысқан универси-

тет  ғалымдарының  шартараптан  жиылған 

əріптестеріне айтар ойы мен тың жаңалық-

тары көп болды.

Конференцияның модераторлық қызметін 

С.Торайғыров  атындағы  ПМУ  ғылыми  жұ-

мыс жəне инновация жөніндегі проректоры, 

б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов атқарды. 

Конференция  жұмысы  алдындағы  бастау 

сөзінде  Нұрлан  Телманұлы  бүгінгі  ғылыми 

шараның маңыздылығына тоқталды.

–  «Ш.  Шөкин  оқулары»  халықаралық  ғы-

лыми-техникалық  конференциясы  осы-

мен алты жыл бойы шетелдік, еліміздің əрі 

өңіріміздің  энергетика  саласы  мамандарын 

бір  арнаға  тоғыстыруда.  Жыл  өткен  сайын 

конференция  жұмысы  өрісін  кеңейтіп  ке-

леді.  Осындай  ғылыми  кездесу  аясында 

кəсіби ынтымақтастық пен серіктестік орын 

алып,  көптеген  ғылыми  бастамаларға  жол 

ашылатынына сенімдімін, – деп атап өтті өз 

сөзінде Нұрлан Ержанов.

Ғылыми  шарадағы  кəсіби  ынтымақтастық 

күн  санап  халықаралық  көкжиекті  бағынды-

руда.  С.Торайғыров  атындағы  ПМУ  «Элект-

роэнегетика»  кафедрасының  меңгерушісі, 

техн.ғ.к.,  профессор  Вадим  Марковский 

жиылғандар  алдына  Ресей,  Беларус  мемле-

кеттерінің əріптестерімен бірлесе отырып жа-

саған үш бағыттағы ауқымды жұмысын ұсын-

ды.

–  Бұл  жоба  жұмысы  біздің  мақтанышы-



мыз, – деп аяқтады өз баяндамасын Вадим 

Марковский. Аталмыш жұмыс конференция 

қатысушылары  арасында  зор  ықыласпен 

қабылданды.  Ғалым  баяндама  соңында 

көптің көкейіндегі сұрақтарды жауапсыз қал-

дырмады.


Сондай-ақ  шара  барысында  маңызды 

тақырыптарды  өзек  еткен  баяндамалар  да 

оқылды. Пленарлық отырыста техн.ғ.д., про-

фессор, Омбы мемлекеттік техникалық уни-

верситетінің «Теориялық жəне жалпы элект-

ротехника»  кафедрасының  меңгерушісі 

Константин  Никитин,  техн.ғ.к.,  Қарағанды 

мемлекеттік  индустриалды  университетінің 

доценті  Артем  Гурушкин,  техн.ғ.к.,  доцент, 

С.Торайғыров атындағы ПМУ «Электрэнер-

гетика»  кафедрасының  меңгерушісі  Вадим 

Марковский,  техн.ғ.к.,  С.Торайғыров  атын-

дағы ПМУ доценті Евгений Приходько энер-

гетика саласындағы өзекті мəселелерді қоз-

ғаған баяндамаларын ұсынды.

Конференцияға  құрметті  қонақ  ретінде 

Энергоүнемдеу  институтының  басшысы 

Ержан  Темірханов,  «ҚазАзияЭкспо»  ЖШС 

басшысы Сергей Литвинов, қалалық электр 

жүйелері кəсіпорынының бас инженері Сер-

гей  Кириленко,  қалалық  тұрғын  үй  электр 

жүйелері кəсіпорынның бас инженері Павел 

Морозов,  «Қазақстан  Алюминий»  АҚ  бас 

энергетигі Игорь Малышев шақырылды.

–  Өздеріңіз  байқағандай  конференция-

ға  студенттермен  қатар,  белгілі  ғалымдар 

мен өнеркəсіп өкілдері қатысуда. Біз ғылы-

ми жетістіктеріге білім мен өндіріс орында-

рында  өмір  сыйлап  жүрміз.  Бұл  жұмыстар 

біздің ғалымдар, докторанттар мен магист-

ранттардың еншісіндегі іс болатыны мəлім. 

Сондықтан  осы  сынды  конференция  біздің 

энергетикалық факультет үшін, жалпы еліміз 

үшін  өте  қажет  кездесу,  –  деді  энергетика-

лық факультет деканы, техн.ғ.к., профессор 

Александр Кислов.

Секциялар  арасындағы  үзілісте  кон-

ференция  қонақтары  мен  қатысушылары 

«Академик  Ш.Шөкин  –  Қазақстан  энергети-

касының негізін қалаушы» кітап көрмесімен 

танысып  шықты.  Көрнекті  қазақ  энергетигі, 

техника  ғылымдарының  докторы,  профес-

сор, Қазақ КСР Ғылым академиясының ака-

демигі,  Қазақ  энергетика  ғылыми-зерттеу 

институтының  негізін  салушы  əрі  тұңғыш 

басшысы  Шапық  Шөкиннің  құрметіне  орай 

С.Торайғыров  атындағы  ПМУ  дəрісханасы-

ның  біріне  есімі  берілді.  Ал  Павлодар  қа-

ласының  орталық  көшелерінің  бірін  белгілі 

ғалым есімімен аталады.

Конференция  ұйымдастырушыларының 

бірі  профессор  Александр  Кислов  Шапық 

Шөкиннің  ғұмырлық  баянынан  қызықты 

мағлұматтар берді.

–  Жалпы  Шапық  Шөкиннің  өмірі  бүгінгі 

энергетика саласының мамандарына өнеге. 

Ал бүгінгі жастарымыз – өте дарынды, шы-

ғармашыл  жəне  ғылымға  құштар  жандар. 

Ғылыми  əлеуеті  жан-жақты  дамыған,  бə-

секеге  қабілетті  мемлекеттер  қатырнан  Қа-

зақстанды көргісі келген студенттер арман, 

күш  жəне  білім  қанатында  мұраттары  мен 

идеяларын  жүзеге  асырады  деген  сенім-

демін,  –  деп  жастарға  зор  сенімін  білдіріп, 

қортындылады  конференция  жұмысын 

Александр Кислов.

Сөз  түйін.  2017  жылы  Астана  қаласында 

өтетін  EXPO-2017  халықаралық  көрмесінің 

тақырыбына  «Болашақ  энергиясы»  арқау 

болуда.  «Болашақ  энергиясы»  тақырыбы 

жер  жаһанда  зор  маңызға  ие  болып  отыр. 

EXPO  сияқты  халықаралық  көрмелерге 

қатысу  қай  елдің  болса  да  əлеуетін  дүние-

жүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік 

деуге  болады.  Сондықтан  осы  уақыттары 

еліміздің  энергия  жəне  энергия  үнемдеуді 

зерттеп  жүрген  ғалымдары  үшін  үлкен  сы-

нақ күтіп тұрғаны да белгілі.



3

Жастар айнасы



«БІЛІМ – БҮГІНГІ КҮННІҢ 

ЕҢ МАҢЫЗДЫ ТАУАРЫ»

Павлодар облысы әкімі Қанат Бозымбаев студенттерге осылай деді

2014  жылдың  13  қазан  күні  С.Торайғыров  атындағы  Пав-

лодар  мемлекеттік  университетінде  Павлодар  облысының 

әкімі  Қанат  Бозымбаев  «Павлодар  облысының  әлеуметтік-

экономикалық даму стратегиясы» тақырыбында ашық дәріс 

оқыды.


Ашық  дəріске  С.Торайғыров 

атындағы  ПМУ,  Павлодар  мемле-

кеттік  педагогикалық  институты, 

Инновациялық  Еуразия  универ-

ситеті,  Қ.Сəтбаев  атындағы  Екі-

бастұз 


инжинерлік-техникалық 

институтының студенттері, Павло-

дар өңірінің жастар жəне қоғамдық 

ұйымдары  төрағалары,  Павлодар 

облысы  Жас  ғалымдар  Кеңесі 

жəне Жас мемлекеттік қызметкер-

лер Кеңесінің өкілдері қатысты.

Павлодар  облысының  əкімі  Қа-

нат  Бозымбаев  өңір  келешегінің 

дамуына  қатысты  түйткілді  мəсе-

лелерді қозғап, жиылғандарды об-

лыстың  өркендеу жолындағы  көп-

теген  салалардың  жоспарларына 

қанық  етті.  Мұнымен  қоса,  ел  өт-

кеніне саяхат жасап, бүгінгі күннің 

жетістіктеріне 

жетелейтін 

қа-


дамдарды түсіндіріп берді. Облыс 

басшысы  студенттік  жастармен 

кездесу  барысында  жастарға  ке-

лелі кеңес беріп, болашақ маман-

дардың  өзекті  сұрақтарына  жауап 

берді.  «Біздің  өңіріміздің  еңбек 

нарығы  үшін  химиялық  жəне  тау-

кен  салалары  мамандықтары  сұ-

ранысқа ие. Сондықтан мамандық 

таңдауда  əрбір  болашақ  маман 

өзіндік  сараптама  жасауы  қажет. 

Бүгінгі  жастар  өмір  толқынымен 

жүре  беруден  аулақ  болып,  білімі 

арқылы  қоғамға  пайдасын  тигізіп, 

белсенді  өмір  сүргені  абзал.  Өйт-

кені  бүгінде  білім  –  ең  маңызды 

тауар»,  –  деп  жастарға  тұщымды 

кеңестер берді облыс əкімі.

Жиылған көпшілік алдында С.То-

райғыров атындағы ПМУ ректоры, 

э.ғ.д.,  профессор  Серік  Өмірбаев 

ертеңгі  күнгі  қоғамның  төл  өкілі 

жəне  жаңа  Қазақстанды  қалып-

тастыратын  бүгінгі  өскелең  ұрпақ 

екенін  атап  өтті.  «Сіздер,  бүгінгі 

жастар – еліміздің зияткер ұрпағы 

əрі  ертеңгі  ғылыми  əлеуетісіздер. 

Ғылымдағы  түбегейлі  өзгерістер 

кезеңі  сіздердің  ұрпаққа  тиесілі 

болатынына  сенімдімін.  Таяуда-

ғы  онжылдықта  барша  адамзат-

ты  таңқалдыратын  коперниктер 

мен  эйнштейндер  шығатыны  дау-

сыз», – деп ескерді Серік Мəуленұ-

лы.

Сондай-ақ,  дəріске  Павлодар 



облысы əкімінің орынбасары Арын 

Орсариев,  əлеуметтік  жəне  эко-

номикалық  сауалдар  бойынша 

Павлодар  облысы  əкімінің  орын-

басары Ғани Сəдібеков, Павлодар 

қаласы  əкімі  Болат  Бақауов,  Пав-

лодар  облысы  əкімі  аппаратының 

жетекшісі  Расул  Оразғұлов  жəне 

тағы басқалары қатысты.

Дəріс  соңында  облыс  басшысы 

Қанат  Алдабергенұлынан  Павло-

дар  өңірінің  студенттік  жастары 

мен  белсенділері  өздерін  маза-

лап  жүрген  сауалдарына  нақты 

жауап  алды.  Студенттер  жолақы, 

экология,  Павлодар  облысы  əкімі 

стипендиясы,  əкім  қызметінің 

кемшіліктері  мен  артықшылығы, 

өңірдің мақсат-аяндарына сай сан 

алуан сұрақтар қойды.



Өңірдің 

әлеуметтік-

экономикалық 

бағыттары

Павлодар  облысының  əкімі 

Қанат  Бозымбаев  облыстың  сту-

денттік жастарына оқыған дəрісін-

де  өңіріміздің  келешегіне  бағыт-

талған  əлеуметтік-экономикалық 

стратегиясының  бағыттарын  ха-

бардар етті. Дəріскер Ертістің Пав-

лодар  өңірінің  əлеуеті  мен  тəуе-

келін саралай отырып, болашаққа 

нақты бағыттарды айқындап берді. 

Халықаралық  мамандар  2025 

жылға  арналған  облыстың  əлеу-

меттік-экономикалық  дамуының 

стратегиясын дайындауда. Айтулы 

құжат бес бағыттан тұрады.



Бірінші  бағыт  –  облыстың  ин-

дустриялық-инновациялық 

да-

муы.  Павлодар  облысы  еліміздің 



индустриялық  аймағы  саналған-

дықтан  бұл  бағыт  экономикалық 

стратегияның  басты  қадамы  бол-

ды. Сол себепті де химиялық, ме-

таллургиялық  салаларды  дамыту 

бірінші кезекте тұр.

Ал  С.Торайғыров  атындағы 

Павлодар  мемлекеттік  универ-

ситеті  аймағымыздың  химия,  ме-

таллургия  салаларын  дамытуға 

зор  үлесін  қоспақ.  Облыстың  ин-

дустриялық-инновациялық  дамуы 

тікелей  жаңашыл,  білікті  де  білгір 

мамандардың  қолында.  Аймағы-

мыздың  өнеркəсіптеріне  қажетті 

білікті кəсіп иелерін дайындау ісін-

де университет қосарлы білім беру 

бағдарламасын  жүзеге  асыруда. 

Бағдарлама  бойынша  студент 

білімін  тек  жоғары  оқу  орнында 

ғана  емес,  өнеркəсіп  цехтарында 

тəжірбие жүзінде білім алу арқылы 

кəсібін шыңдайды. Бұл жүйе бүгінгі 

күні табысты нəтиже беруде.



Екінші бағыт – агроөнеркəсіптік 

кешенді  дамыту.  Қанат  Бозым-

баевтың  айтуынша  бұл  саланы 

дамыту үшін еңбек өнімділігін арт-

тыруға  мəн  беру  керектігін  айтты. 

Облыста ірі қара мал өсіру кəсібін 

өркендетіп,  ет  өнімдерінің  сапасы 

мен  санын  арттыру  да  сөз  болды 

дəрісте. Баянауыл, Железин, Май 

аудандарында ірі қара мал өсіруді 

қолға  алынатынынан  да  хабар 

болды жастар.

Егін  шаруашылығының  өнім-

ділігін  өсіру  үшін  ылғал  сақтау 

технологияларын  қолдануға  ден 

қойылады.  Облыс  мамандары 

Ертіс өзені мен Сəтбаев атындағы 

каналдың  əлеуетін  пайдаланып, 

суармалы егін шаруашылығын да-

мытуды көздеп отыр. Келе-

шекте  С.Торайғыров  аты-

дағы  ПМУ  Агротехнология 

факультеті 

дайындаған 

мамандары 

обылыстың 

айтулы  саласын  дамытуға 

атсалысады.



Үшінші  бағыт  –  шағын 

жəне  орта  кəсіпкерліктің 

аясын кеңейту. Облыс бас-

шысы бұл бағыттың аясын-

да бүгінгі күні тиімді бизнес 

жобалардың  бірқатарына 

тоқталды.  Қанат  Алдабер-

генұлы  тұрмыстық  қал-

дықтарды  өңдеу,  туризм 

салаларына баса назар ау-

дарды.  Туризм  бағыты  бо-

йынша тұзды көлдерді пай-

даға  асырудың  тиімділігі 

қаралып,  жан-жақты  зерт-

телуіне 2015 жылы қазынадан қар-

жы  бөлінбек.  Сондай-ақ,  жаһанға 

танымал құс өткелінде аспан асты 

музей жасауда жоспарда екен.



Төртінші  бағыт  –  инфрақұры-

лымды  дамыту.  Бұл  бағытты  іске 

асыру  мақсатында  келешекте  та-

лай шаруаның басы қайырылатын 

түрі  бара.  Бірінші  кезекте  облыс, 

аудан,  қалалар  аралық  жолдар 

ретке келтіріліп, транзиттік магист-

ральдарға  қосылу  мақсаты  тұр. 

Мұнымен  қоса  облыс  басшысы 

су  көлігі  қатынасын  дамытудың 

тиімділігі  туралы  сөз  қозғап,  ке-

лешекте  ресейлік  мамандармен 

бірлесіп, Ертіс өзені бойынша жүк 

тасымалын қолға алынатындығын 

мəлімдеді.

Бесінші бағыт облыс тұрғында-

рының өмір сүру сапасын арттыру-

ға бағытталып отыр. Құжаттың бұл 

бағыты  негізгі  білім,  денсаулық 

сақтау,  əлеуметтік  қорғау  сала-

лары  бойынша  дамытуды  мұрат 

етеді.  Осы  салалардағы  кемшілік-

терді  есепке  ала  отырып,  нақты 

қадамдар  жасалады  деді  Қанат 

Алдабергенұлы.

Павлодар  облысыныңы  əлеу-

меттік-экономикалық 

стратегия-

сы  айқындалған  бұл  құжаттағы 

белгіленген  бағыттар  өңіріміздің 

дамуына  серпін  берері  сөзсіз.  Құ-

жаттың  бес  бағыты  бойынша  ат-

қарылатын  мақсатты  қадамдарға 

С.Торайғыров атындағы Павлодар 

мемлекеттік  университеті  де  өз 

үлесін қосары хақ.

Бір  сөзбен  айтқанда  облыстың 

индустриялық-инновациялық  да-

муы күн өскен сайын артатын бо-

лады.  Осыдан  білікті  мамандарға 

деген қажеттілік те өсетін болады. 

Бүгіннің  өзінде  аймақ  кəсіпорын-

дары  білікті  инженерлер,  метал-

лургия, энергетика, химия, тау-кен 

сала  мамандары,  геодезистер, 

электргаз  дəнекерлеушілері  сын-

ды  мамандардан  мұқтаждық  кө-

руде.  Болашақта  С.Торайғыров 

атындағы ПМУ дайындаған бүгінгі 

күн сұранысына сай заманауи ма-

мандар жерде қалмайтыны анық.

Павлодар  мемлекеттік  универ-

ситеті  жаңа  заман  талабына  сай 

мамандықтардың алуан түрін ұсы-

нып  келеді.  Мəселен  білім  орда-

сы  Қазақстан  Республикасы  Білім 

жəне  ғылым  министрлігі  тарапы-

нан  үдемелі  индустриялық-инно-

вациялық бағдарламасының жоба-

ларына енгізілген.

–  Аймақтың  индустриялық-ин-

новациялық  дамуы  мұнай-химия, 

энергетика,  машинажасау,  метал-

лургия  салаларының  өркендеуі-

не  даңғыл  салады.  Сол  себепті 

С.Торайғыров  атындағы  ПМУ  əлі 

де бұл бағыттарды дамытатын бо-

лады, – деп мəлім етті өз сөзінде 

С.Торайғыров атындағы ПМУ рек-

торы Серік Өмірбаев.

Дəрістен  өңір  студенттері  пай-

даға  асар  ақпарат  алды.  Өйткені 

аталмыш  Стратегия  индустрия-

лық-инновациялық  дамудан  өзге 

білім  беру,  денсаулық  сақтау,  аг-

роөнекісіптік  кешен  жəне  кəсіп-

керлік бағыттарын қамтыды.

Павлодар  облысының  əкімі  Қа-

нат  Бозымбаевтың  ашық  дəрісін 

тыңдаушылар  зор  ықыласпен  қа-

былдады.  Аталмыш  дəріс  білім 

мен  ғылымды  тоғыстыра  білген 

бастамашыл  студенттердің  өз 

Отанының дамуына серпін беретін 

жаңа жобалармен айналысуға жол 

ашатынына сенімдіміз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет