«Мен әдепті баламын» тарауына әдістемелік талдау Бұл тараудың мақсаты



Дата23.09.2022
өлшемі18,83 Kb.
#40007



«Мен әдепті баламын» тарауына әдістемелік талдау

Бұл тараудың мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа,
кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқынынң
салт-дәстүрін үйрене отырып жаман әдеттен аулақ болуға
тәрбиелеу.
Міндеттері:
Адам бойындағы ұнамды ұнамсыз қылықтарды айыра
отырып,әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын,
таным белсенділігін арттыру. Әдептілікке, сыпайылылыққа тәрбиелеу.

Осы тарауда орындалатын тапсырмалар.


1.Сәлем сөздің анасы туралы көрініс көрсетеді.
2.Оқушылар сәлемдесуге байланысты жағымды сөздерді естеріңе түсіріп айтады.
3.Сәлемдесуге байланысты мақал-мәтелдер айтып үйренеді.
4.Рөлдерге бөліп ойнау арқылы балалар әдептілік жайлы сөз қозғайды.
Сонымен қатар үлкен кісілерді қалай күту керек екенін көрсетеді.
Әдептілік тақырыбында өтіледі. Әдептілік адамдардың өзара жақса қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Мысалы: уәде беріп, оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт "Әдепсіз екен" дейді. Онымен басқа адамдар қарым-қатынас жасаудан қалады. Оны сыйламайды. Кейбір балалар әдептілік ережесін байқамай немесе білмей бұзады. Әдепті бала әрдайым кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен кісіге орын береді. Сөйлескен кезде сен демей, сіз сөйлеп тұрған әкім мен байдың қастарынан бір жарлы мұжық өтіп деп сөйлескен жөн. Ол әдептіліктің белгісі болыцп табылады. Үйде әжелерің, аталарың "Үлкенді сыйла, әділ бол, өтірік айтпа, жалқау болма, кішкентайларға көмектес" деп үйретіп отырады. Міне, осы ереженің бәрін ұстап, бұзбай жүрген бала- нағыз әдепті бала. Егде және сырқат адамдарға, кішкентай балаларға, үлкен ауыр жүк көтеріп келіп жатқан адамдарға жол беру қажет.
5. Кішіпейілділік туралы қандай сөздер білетіндерін айтады.
"" Автор: Автобус іші лық толы адам. Есет жан-жағына қараса, жанында көзілдірікті атай мен сөмке көтерген әжей тұр екен. Есет ларды көрмеген болып терезеге бұрылды. Сөйтіп орнынан тұрмастан теріс қарап отыра берді. Баланың әдепсіз қылығына үлкен кісілер қайран қалды. Үлкен кісілердің қиналып, әзер тұрғанына Есеттің беті бүлк еткен жок. Автобустың оң жақ терезесінің жанындағы орындықта отырған Есен таяқ ұстаған қарт адамды көре сала ұшып тұрды. -Отырыңыз ата,- деді ол үлкен кісіге - Рахмет балам. Көп жаса, өркенің өссін,- деп жатыр. -Отырың әжей- деп Айман да өз орнын берді -Ой рахмет айналайын, сабағыңды беспен оқы Автобус ішіндегі жолаушылар Есен мен Айманға қатты риза болды.
6."Сиқырлы сөздер әлемі."
Бұл "Сиқырлы сөздер әлемінде" сиқырлы конверттер бар. Ол конвертте мынадай сөздер жазылған: рахмет, кешіріңіз, рұқсат па, жарайды. Осы сөздерге байланысты мысалдар айту керек.
7:Әртүрлі «Оқиғалардың »көрінісін көрсету.

8."Күндей болып жарқырайық"


Бұл тапсырмада күнді бұлттар басып кеткен. Осы бұлттардан күнді тазартайық. Бұлттардың артында ата, әже, аға, апа, іні. әке, ана суреттері бар. Сол суреттерді жақса тілектер айтып тақтаға іледі. Олар:
Ата- Мен атамды жақсы көремін. Атамның айтқан тілін аламын.
Әже- Мен әжемді өте жақсы көремін. Әжемді мен қамқорлап жүремін.
Ана- Мен анамды жақсы көремін. Анама мен үнемі көмектесемін.
Әке- Мен әкемді жақсы көремін. Мен әкеме көмекші боламын.
Апа- Мен апамды жақсы көрем. Апам маған қамқоршы болады.
Аға- Мен ағамды жақсы көремін. Мен ағамның айтқан тілін аламын.
Іні- Мен інімді жақсы көремін. Інімді жылатпаймын. Ойнатамын.


Қорытынды: Осы тапсымалар орындау арқылы балалар әдептілік деген ар-ұяттың белгісі, адамдық қасиеттердің көрінісі. Адам бойында жақсы және жаман қасиеттер болады екендігін түсінеді .Балаларға осы ұғымдарды айтып жеткізу керек. Бізге адамдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілдікті үлкендер үйретеді. Оны бізге ақжаулықта аналарымыз ақ сүтін бере отырып ана тілімен үйретеді. Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден аулақ болуымыз керек. Сонда біз әдепті бала боламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет