Менингококкты инфекция - жедел респираторлы бактериялды қоздырғышы ауа тамшысы механизімімен берілетін, мұрын, жұтқыншақ кілегей қабатының зақымдалуымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен, септицемиямен, аурудың симтомсыз түрінен бастап, іріңді менингококкты сепсиске дейінгі клиникалық түрлерімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Диаметрі 0,6-1 мкм болатын, кофе дәніне ұқсас грам теріс боялатын диплококк. Спора түзбейді, аэроб немесе факультативті анаэроб. Морфотинкториалды қасиеттері тұрақты емес, сарысу қосылған қоректік ортада 36-37 С температурада өседі.
Температура 38.5 С көтеріліп1-3 күн сақталады. Жалпы интоксикация ( бас ауру, бас айналу ) белгілерімен қатар мұрны бітеліп шыршты қабаттары кеуіп, өңештің кілегей қабатында лимфоидты фолликулардың тары тәрізді үлкейгені байқалады.