Балалардың менингококті инфекциясы Анықтамасы Менингококк инфекциясы – менингококктан болатын және назофарингиттен және дені сау тасудан іріңді менингит, әр түрлі мүшелердің және жүйелердің зақымдануымен менингоэнцефалит және менингококкамия түріндегі таралған формаға дейін алуан түрлі көрінулермен сипатталатын адамның жіті жұқпалы ауруы
Жіктемесі
Менингококты инфекциясың клиникалық жіктелуі Клиникалық нысаны бойынша: 1. Типті:
а) оқшауланған формалар: тасымалдау; назофарингит;
б) таралған формалар: менингококкцемия, менингит менингоэнцефалит; аралас форма (менингит + менингококкцемия);
в) сирек формалар: эндокардит, артрит, пневмония, иридоциклит.
2. Типті емес:
а) субклиникалық форма;
б) түсік формасы.
Процесстің ауырлығы бойынша: 1. жеңіл;
2. орташа ауыр;
3. ауыр.
Аурудың ағымы бойынша: 1. жіті;
2. қас қағымдағы;
3. ұзаққа созылған;
4. созылмалы.
Асқынулардың жіктелуі: Асқынулардың даму уақыты бойынша: I. Ерте: · I, II, III дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок;
· бас миының ісінуі;
· ДТҰ-синдромы;
· жіті бүйрек функциясы жеткіліксіздігі;
· церебральды гипотензия;
· субдуральды жалқық;
· эпендиматит.
Диагностикалық іс-шаралардың негізгі және қосымша тізімі: · қанның жалпы талдауы;
· мұрын-жұтқыншақтан алынған сүртіндіні N. Meningitides-ке бактериологиялық зерттеу.