Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығының зерттелуі



Дата06.10.2023
өлшемі34,47 Kb.
#113270
Байланысты:
Лекция 2 Мәшһүр Жүсіп



Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығы

  1. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығының зерттелуі

  2. Ақын өлеңдері мен мысалдары.Тақырыптық-идеялық, көркемдік ерекшеліктері

  3. Дастандары мен зерттеу еңбектері

Мәшһүр Жүсіп – көп жасап, талай тарихи оқиғалардың куәгері болған, көргеніне қарай түйгені мол, өлең өнерінде өзіндік өрнегін сала білген өз дәуірінің көрнекті ақыны. Ол – заманының білімпазы ретінде дін мен өнерді қатар ала жүріп, бірінен елге адами үлгі -өнеге шашса, екіншісінен ұлтының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін арттырған жан.
Мәшһүр Жүсіп шығармашылығына арналған біраз диссертациялардың қорғалуы, біраз кітаптар шығуы қазақ әдебиеттану ғылымындағы басқа салалар тәрізді бұл арнада да ілгері басу жүргенін ескерген жөн. Мәселен, кітап ішінде жол-жөнекей айтылған жекелеген ізденістерді ескере отырып, соның бәрін әрі жалғастырып, әрі дамыту арнайы бір зерттеуді талап етеді. Біз солардың ішінен У.Қалижанның (Мәшһүр Жүсіп. – Алматы: Атамұра. 1998), С.Сүтжанның (Мәшһүр мұрасы.-Павлодар. 2001), Е.Қ.Жүсіповтың «Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы әдеби дәстүр» кандидаттық диссертациясын, сондай-ақ оған дейін әр кезде айтылған белгілі ғалымдардың: Б.Кенжебаев, Ә.Жиреншин, М.Бөжеев , С.Дәуітов , Д.Әбілов, Қ.Мәшһүр Жүсіп. С.Ш.Көпеев, С.Негимов т.с.с. еңбектерінде ақын өлеңдерінің идеялық-тақырыптық негізі, жекелеген көркемдік ерекшеліктері біршама сөз болғаны мәлім.
Мәшћүр Жүсіп шығармашылығына арналған біраз диссертациялардың қорғалуы, біраз кітаптар шығуы қазақ әдебиеттану ғылымындағы басқа салалар тәрізді бұл арнада да ілгері басу жүргенін ескерген жөн. Мәселен, кітап ішінде жол-жөнекей айтылған жекелеген ізденістерді ескере отырып, соның бәрін әрі жалғастырып, әрі дамыту арнайы бір зерттеуді талап етеді. Біз солардың ішінен У.Қалижанның (Мәшћүр Жүсіп. – Алматы: Атамұра. 1998) [1], С.Сүтжанның (Мәшћүр мұрасы.-Павлодар. 2001)[2], Е.Қ.Жүсіповтың «Мәшћүр Жүсіп шығармаларындағы әдеби дәстүр» кандидаттық диссертациясын [3], сондай-ақ
оған дейін әр кезде айтылған белгілі ғалымдардың: Б.Кенжебаев [4], Ә.Жиреншин [5], М.Бөжеев [6], С.Дәуітов [7], Д.Әбілов [8], Қ.Мәшћүр Жүсіп [9]. С.Ш.Көпеев [10], С.Негимов [11] т.с.с. еңбектерінде ақын өлеңдерінің идеялық-тақырыптық негізі, жекелеген көркемдік ерекшеліктері біршама сөз болғаны мәлім. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының алдында өткен ғасырлардағы әдеби мұраны жинақтап, қажет түсініктермен жариялаумен қатар, оны әлем жұртшылығына таныту міндеті тұрғанын зерделесек, әдебиет қорындағы асыл қазынаның бірі- Мәшћүр Жүсіп ақындығын арнайы сараптау міндеті тұрғаны анық. Міне, осы талаптар биігімен таразылағанда, Мәшћүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты және стиль табиғатын зерттеу тек осы ақын емес, жалпы қазақ әдебиетінің даму заңдылығын жеткен биігін анықтау, межелеу үшін мәнді баспалдақ бола алатынын зерделеген жөн. Мәшћүр Жүсіп өміріне, жалпы шығармашылығына қатысты деректердің біз келтіріп өткен еңбектерде баршылық екенін ескере отырып, қазіргі әдебиеттану ғылымы жетістіктері биігімен таразылап, ақын өлеңдерінің жанрлық табиғатын және стильдік ерекшеліктерін арнайы сараптауды міндет етіп алдық.
«Ең әуелі мәшһүртануды екі кезеңге бөліп қарайтын болсақ, оның алғашқы кезеңі – Мәшекеңнің көзі тірісінде-ақ оның жинаушылық, жариялаушылық, зерттеушілік т.б еңбектері жайлы пікірлер баспа бетіне шығып үлгерген... «Мәшһүртанудың екінші кезеңі 1931 жылдан басталады» ... дейді Р.Төлегенқызы, ф.ғ.д., профессор Қ.П.Жүсіповтен жазып алған сұхбатында (1938). Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің мұраларының зерттелу кезеңінде маңызды рөл атқаратын : «Әдебиет және өнер мәселесі бойынша 30-40 –шы жылдар кезеңі мен 50-ші жылдар басында қабылданған қаулыларды зерттеу жөніндегі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Комиссиясының қорытындысын» (139). («Қазақстан Коммунистік партиясы (б) большевик) Орталық Комитетінің «Қазақ ССР Ғылым акаддемиясы Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктері туралы 1947 жыл, 21 январь қаулысын» атап өтсек, , бұдан кейін филология ғылымдарының кандидаты Сүтжановтың «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әдеби мұрасы» (140) деген ғылыми зерттеу еңбегінің «Мәшһүртану ғылымының» негізін салудағы маңызы зор болды. Осылайша Мәшһүр Жүсіп мұраларын зерттеуге кеңінен жол ашылды. Қазақ әдебиеттанну ғылымында әдебиетші-ғалымдар Мәшһүр Жүсіп Көпейдің мұраларының жиналу, зерттелу кезеңін шартты түрде 5-ке бөлеміз:
1 кезең: «Дала уалаяты» газетіндегі Мәшһүр Жүсіп Көпей турасындағы алғашқы пікірлер және өзінің мақалалары т.б (1889-1900) жариялағандары. 1907 жылдары шыққан кітаптары. 1931 жылға дейін ақынның көзі тірісіндегі айтылған, жазылған еңбектері;
2 кезең: 1931 жылдан, 1940 жылдардың аяғы. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды Мәшһүр Жүсіп Көпейдің шығармаларын зерттеуге, реттеуге мұрша болмады. 1940-1946 жылдары бірді-екілі шығармасы орта мектептің оқулығына енді.
3-кезең: 1951 жыл кезекті «Ақтаңдақ» жылдар дәуірі. Мәшһүр Жүсіп Көпейдің шығармаларын зиянды деп қарап, оқуға тиым салынды.
4 кезең: 1956 жылы ақын шығармаларына деген қызығушылық туып, бетбұрыс басталды. Ақын туралы оң пікірлер айтыла бастады.
5 кезең: Бұл -1956 жылдан, 1989 жылға дейін жүріп, ең соңында (1989) жылғы қаулыдан кейін-ақ Мәшһүр Жүсіп Көпейді тануда оның қазақ әдебиеті тарихындағы орны айқындалып, кеңінен зерттеуге мүмкіншілік туды. 1990 жылдары алғашқы шығармалар жинағы басылып шықты. 1994 жылдан Мәшһүр Жүсіп Көпейдің шығармашылығы ғалымдардың назарына ілігіп, ғылыми зерттеу нысанына айналды. Мәшһүр Жүсіп Көпейдің әдеби мұрасына байланысты алғашқы диссертациялар қорғала бастады. Жүсіпов Н.Қ «Мәш Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклоршылдық еңбегі», Жүсіпова Г.Қ «Мәшһүр Жүсіп дастандары» тақырыбында кандидаттық диссертациялар қорғады. Сүтжановтың «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылық өмірбаяны» (1994), «Мәшһүр мұрасы» (2001), Уалихан Қалижан «Мәшһүр Жүсіп» (1998), Жүсіпов Н.Қ «Мәшһүр Жүсіп және фольклор» (1999), Жүсіпова Г.Қ «Мәшһүр Жүсіп дастандары», «Мәшһүр Жүсіп қиссаларындағы Мұхаммет бейнесі» (2000) Көпеев С.Ш «Мәшһүр Жүсіп өмірі» (2000) т.б. зерттеу еңбектері жарық көрді. Мәшһүр Жүсіп Көпей мұраларын зерттеу ісі мұнымен аяқталмайды себебі, оның артында өте мол мұра қалды. М.Бөжеевтің жазуынша: «Мәшһүр Жүсіп Көпеевтен (1858-1931) қалған мол мұра ішінде: әлеумет мәселесіне арналған неше алуан шығармалар, ұзақ оқтғалы хикаялар, айтыстар, шежірелер, тарихи материалдар, фольклор үлгілері бар. Бұларға қоса ақынның араб, парсы, шағатай тілдеріндегі көшірмелерін есепке алсақ, одан қалған мұра 30-томдай болады екен». [12, 127 б]. Осы пікірді ф.ғ.к Н.Қ.Жүсіпов [13] , ф.ғ.к Г.Қ. Жүсіпова қолдайды [14]. «Соның бір көрінісі –қазақ фольклорын ең көп жинаған көлемі 15-20 томдай...» [15]. «Қасиетті Мәшекеңнің артында қалдырған бай мұрасы қазір 25 том құрайды» (16). Осы мол мұралардың ішінде өзінің көзі тірісінде басылып шыққан үш кітабы (1907) жыл, бірнеше жылдан соң Қазақ ССР Ғылым Академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты «Мәшһүр Жүсіп Көпеев.Таңдамалы. (Екі томдық шығармалар жинағын)» бірінші томы: «Өлең, қисса, мысалдарын» «Ғылым» баспасынан 1990 жылы шығарды, екінші томы: 1992 жылы басылып шықты «Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Ел аузынан жинаған үлгілері» деп аталады. Сонымен қатар, Жалпы, Мәшћүр Жүсіптің әдеби мұрасын алғаш зерттеген, ғылыми пiкiрлер айтқан Е.Ысмайылов, С.Мүқанов, Б.Кенжебаев, Ә.Дербiсәлин, Ш.Сәтбаева, Б.Әзiбаева, М.Жармүхамедов сынды белгiлi ғалымдар едi. Атап айтқанда, С.Мұқанов "XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетiндегi үлтшылдық-байшылдық дәуiр"[17, 91 б]. /, "Халық мұрасы" [18, 115 б] деген зерттеу кiтаптарында Мәшһүр Жүсіп шығармашылығы хақында құнды пiкiр бiлдiредi. Ал, Б.Кенжебаев "XX ғасыр басындағы әдебиет" [19, 68 б] кiтабында Мәшһүр Жүсіптің әдеби мұрасын басқа да ағартушы ақындармен салыстыра қарап өзiндiк ойын бiлдiрсе, Ш.Сәтбаева "Казахская литература и Восток" атты монографиясында Мәшһүр Жүсіп шығармаларының шығыс әдебиетiмен байланысын дәлелдейдi [20, 60 б]. Б.Әзiбаева, "Казахские народные романические дастаны"[21, 48 б]. /7, "Казахский дастанный эпос" [22, 119 б] атты кiтаптарында Мәшһүр Жүсіптің дастандарын ғылыми түрғыдан саралап баға бередi.
Сонымен қатар, ақын есiмi оның бiрлi-жарым шығармалары әр жылдары басқа да көптеген ғалымдардың зерттеулерiнде де айтылып жүрдi.
Әйтсе де, өткен екi ғасыр тоғысында өмiр сүрген, шығармаларында адамгершiлiк, iзгiлiк, жас үрпақты бiлiм алуға үндеу сияқты мәңгi өлмес қүнды тақырыптарды жырлаған, қазақ әдебиетi тарихында өзiндiк орыны бар көрнектi ақынның өдеби мүрасы өзiнiң лайықты бағасын әлi күнге дейiн ала алмай келедi. Себебi, жоғарыда аталған авторлардың көпшiлiгi ақын өмiрiнен бүрыннан белгiлi деректердi қайталап, жекелеген өлеңдерiн жариялаумен ғана шектелген. Демек, бүл жүмыстарды Мәшһүртану саласындағы толыққанды зерделi зерттеу дегеннен гөрi, ақын өмiрбаянымен, шығармаларымен таныстыру мақсатындағы алғашқы игi шаралар деп қараған дұрыс болар едi.
Ақынның көзі тірісінде үш кітабы жарық көрген. Мәшһүр “Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз“ атты кітабында (1907) замана шындығын суреттеп, көкейкесті мәселелерді көтере білді. Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде ілгершіл ой айтып, қоғамдық өмірді әлеуметтік шындық тұрғысынан көрсете алды. Сол тұстағы саяси ахуалды дәл аңғарғандықтан, өлеңдеріндегі ой орамдары қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларының ой-пікірлерімен ұштасып жатады. “Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі“, “Ақ қағаз, қалам сия келет бізге“, “Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді“ т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ойтұжырымдарының мол болуы, оның ақындық қабілет-дарынының ерекшелігін айқындай түседі. “Хал-ахуал“ (1907) жинағында замана сипаты бірқыдыру кең суреттелінеді. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды ащы сынайды. Бұл кітабында ақын отаршылдықпен ере келген кесірлі құбылыстарды да аша білді. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсету мақсатында жағымсыз образдар бейнесін сол ортадан ойып алып жасады. Өлеңдерінде ел-жұртты аямай сорып отырған билер мен әкімдер, озбыр байлардың келімсіз кейпін естен кетпестей шебер бедерледі. “Сарыарқаның кімдікі екендігі“ (1907) жинағындағы өлеңдерінде ұлт мүддесін көбірек көтеріп, көбірек қолдайды. Халықты оянуға, өнерге, оқып жетілуге, мәдениетті ел болуға шақырды. Түркі тектес халықтардың бірлігін жақтады. Мәшhүрдің бұл жинақтарында жалпы діни уағыз, діни бірлік, дінге деген сүйіспеншілік көбірек көзге түседі. Бұл – ақынның алған білімінің, дүние өзгерісіне өзіндік көзқарасының көрінісі.
Патшылық Ресейдің отарлау саясатының ХІХ ғасырда күшейе түсуі, алдымен хандық билік (1822ж.) кейін аға сұлтандықтан да айрылу (1868 ж.) және қазақтың неғұрлым шұрайлы жерлерінің Ресейден келушілерге зорлықпен тартып әперілуі, сөйтіп жер-судан айрылған халықтың жүдеп-жадауы, тозуы және ұлттық баспа, медресе, мешіт, мектеп ісіне қойылған ашық, жасырын шектеу, кемсітулер- бәрі адамдардың материалдық мұқтаждықпен бірге рухани азып-тозуына ықпал еткені белгілі. Бұл қысым ақындар шығармашылығына да елеулі әсер етті, ел билеушілердің отарлау саясатын сынау т.с.с. өсті.
Сол дәуірдегі: Абай Құнанбаев (1845-1904), Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931), Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) т.с.с. тәрізді Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) өлеңдерінің идеялық-тақырыптық негізіне дәуір шындығы шешуші ықпал жасаумен бірге оның туындыларының жанрлық сипатын да негіздеді. Осы орайда халықтың өз мүддесі үшін күреске ұмтылуын тудыру үшін, тікелей үгіт айту, дидактикалық сарын етек алуы да заңды еді. Сөз жоқ, бұл кезеңде жалаң үгіт айту, дидактикалық ықпал қанат жаюынан өлең көркемдігінің біршама солғындау мүмкіндігі де туғаны анық. Әйтсе де көркем шығарманы тек әсемдікті әспеттеу құралы деп қараумен шектелмей, қайта сонымен бірге пәрменді насихат көзі ретінде пайдалану басқа да өз әріптестері тәрізді Мәшһүр Жүсіптің де ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың бас кезінде тікелей үгіт өлеңдерін көбірек жазуын негіздеді. Осы орайда тікелей үгіт айтуға бағытталған өлеңдерінің бәрінің көркемдігі төмендеді деуге келе бермейтінін, қайта көп ретте сол насихатты неғұрлым әсерлі беру үшін де, көркемдік ізденістің өзіндік сан түрлері отау тіккенін де ескермей кете алмаймыз. Мәшһүр Жүсіп шығармаларының 4-томына енген: «Кедейліктің арқаны», «Өлім алдындағы хал», «Бақ құсы» өлеңдері де үгіт өлеңдері үлгісі. Мұның алғашқысы балаларды, сол арқылы жастарды сабақ оқуға, еңбек етуге, еріншектікке салынбауға үгіттеуге арналса, екіншісі пенде ниеті бұзық болса, о дүниеде жаза тарту күтіп тұрғанын ескерту, т.с.с. арқылы адамдарды ізгілікке үндеу отау тіккен. Соңғыда:
Өз нәпсің бойыңдағы- жанның жауы,
Жалғанда екеуінің бітпес дауы.
Нәпсіңнің айдауына ере берсең,
Білінбес өз басыңның ауру-сауы [23, 335 б.]- деп көзге көрінбес ұғым дерексіз нәпсіні, яғни адам тілегін жеке бір жан иесіне айналдырғаны соншалық, оның адамды мал тәрізді айдауы мүмкіндігі әсерлі бейнеленген.
Мәшһүр Жүсіптің дидактикалық, яғни үгіт-насихат өлеңдері дегенде, оның үгітке ғана емес, тілекке арналған өлеңдеріне арнайы көңіл бөлу керек. Тілек тілеудің Мәшһүр Жүсіпке дейінгі қазақ ақындарында ерекше орын алғанын діттеу үшін XVIII ғасырдағы Бұқар жырау термесіне назар аударайық:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Бір шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа! [19, 111 б.].
Енді Мәшһүр Жүсіптің тілек, яғни тілек-насихат өлеңдерін жинақтасақ, мына үлгілер көңіл бөлгізеді:
1. Шығады: «асыл-тастан, өнер-жастан»,
Тәрбие тәуір болса, әуел бастан.
Мысалы ғылым таппақ сол секілді,
Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.
(«Бұлақ көзі»)
2. Самалы әрекеттің сол сықылды,
Алмассың егінді орып, тұқым сеппей!
Пайдаңды жақсы болсаң көпке тигіз,
Жатырқап еш адамды сыртқа теппей!
(«Дауасыз дерт») [24, 86-87 б.].
3. Бұл күнде мал табыңыз алас ұрып,
Күш-қуат кетіп қалмай арқа бостан.
(«Тіршілік қамы»)
4. Өлімнің, өлмей бұрын, қамын ойла,
Абайсыз жүргенінде ажал жетер!
(«Жалған туралы») [23, 268-269 б.].
Мәшһүр Жүсіп бұл өлеңдерінде: білім, ғылымды игеруді (1- мысалда), көпке пайда тигізуді (екіншіде), еңбек етуді (үшіншіде), өлімге әзірлене білуді (төртіншіде) – тілеу, насихаттауды өзінше әсерлі жеткізген.Осы орайда ел мұқтажын неғұрлым кең қамту үшін Мәшһүр Жүсіптің шолу өлеңдерін де өндіре жазғанын саралаған жөн. Шолу өлеңдері қамтылған ойлар молдығымен көп ретте лирика мен эпос аралығындағы Құранды, аралық жанр түрі тәрізді әсер қалырады. Бір туындының өзінде көп мәселе қабағат көтеріледі. Тікелей үгіт, баяндау, оқиғалар алма-кезектесіп, сапырылысуы оны эпосқа жақындатса, соның бәрінің бірі ғана лирикалық қаһарманның тек бірер сәттегі толғанысы шарпуына бөленуі оны лирикаға алып келеді. Демек шығармада қанша мәселе көтеріліп, ара-тұра оқиға т.с.с. еніп кетсе де, соның бәрі бір ғана лирикалық қаһарман сезіміне бағындырылып өрілуі – оны «шолу өлеңдер» - деп атап, лирикаға түріне жатқызуға себеп болып отыр.Орыс әдебиеттану ғылымында мұндай шығармаларды «Баяндау лирикасы» (повествовательная лирика) – деп атау [25] орын алып келгенін, ал арнайы анықтамаларда «Публицистикалық поэзия» түсінігі [26] қолданылуын ескерсек, бұлай бөлудің негізсіз еместігіне көз жеткізе түсеміз. Мәшһүр Жүсіптің «Ақ қағаз, қалам, сия келді бізге» туындысы – осы шолу өлеңі үлгісі. Онда лирикалық қаһарманның «Меннің», «ат-бәйгеге құлын-тайдан» қосылғаны, жігіттіктің қызығын көріп өткені, 5 жаста және 20, 35-те не бітіргені айтылып келіп, мына ойды бөліп көрсету жүзеге асқан: «Отыз қырықтан асқан соң ойланамыз //Он бес пен жиырма бесте қылар істі.» Ақын одан әрі өзінің де кәрілікке бой ұрғанын мәлімдеп, сол кезеңдегі келеңсіздіктерді, атап айтқанда, қожа мен молданың ғайбат сөйлейтінін, сонысымен де елді бұзып жүргенін баяндай келеді де, мына жайттерге арнайы көңіл бөлгізеді:
Болмағың жақсы, жаман әуел бастан.
Белгілі ат боларың құлын жастан.
Өң беріп жылтыратып ысқанменен,
Болғанын көрдің бе айна қара тастан?!

Қара тас ең болғанда қайрақ болар,
Балта, шот, пышақтарды қайрап болар.
Дөңгелек диірменіңе шарық болып,
Көзіне көрінгенді шайнап болар.

Ай орынын аспандағы бұлт алып,


Орнында дүр гауһардың су тас қалып.
Құр тікен қызыл гүлсіз, қолға түсіп,
Ауызға қант орнына зәһәр салып.

Келмейді өткен ғұмыр жоқтағанмен,


Түк өнбес ұрып, соғып боқтағанмен.
Жолаушы жол үстінде көрмес қызыр,
Далада отсыз, сусыз тоқтағанмен.

Дүниеде шапқан аттай өткен ғұмыр,


Қарақшы – көрдің басы, бәйгелі жер.
Кім озып, кім қалуы мағлұм емес,
Бәйге алсаң, сол жерде озып, болдың ғой ер! [23, 199-200 б.]
Міне, мұнда қанша ысқыласа да, қара тастың айна болмайтыны; аспандағы Ай орнын бұлт алып жүргені; отсыз, сусыз жерге кідірген жолаушының бәрі бірдей қызыр көрмейтіні; көрдің басы бәйгелі жер екендігі және онда кім озып, кім қалатыны белгісіздігі қамтылған. Бұл әсерлі жолдар кейінгі айтпақ насихатты негіздеп, оған өз сәулесін түсірген. Атап айтқанда: «Ит мойнына гауһарды таққанменен», оны басқа затқа айналдыра алмайтыны, қожа-молданың өсекке бейімділігі орын тепкен.Бұл тәрізді шолып айту, жетістік, кемшілікті түгендеп тізіп, қамтуға ұмтылу ақынның: «Ұқыпты әйел», «Салақтық- дерт», «Күліктің атқамінерлеріне», «Дүниеге жарасады күн менен ай» - өлеңдеріне де негіз болған.
Мәшһүр Жүсіптің хикаят өлеңдерін сараласақ, оның аңызға негізделгендері де өз алдына бір төбе: «Кәф пен Нон», «Құдайым жексенбі күн жер жаратты», «Абыраһа мен Мұтылаб», «Мұхаммед пен Әбужаһил», «Мұхаммедке пайғамбарлық келгені», «Ғалының ниеті», «Ықылас сүресі», «Сүлеймен мен Ібіліс» және «Адам ата мен Шайтан», «Пайғамбардың нұры», «Ораза туралы», «Расулдың өлімі» т.с.с. Бұл аңыз өлеңдері, яғни хикаят өлеңдері арқылы Мәшһүр Жүсіп қазақ лирикасының жанр ретінде толысу, жетілуіне көп ықпал етті. Бұл туындыларда түрлі лирикалық бейнелер арасындағы шағын тартысты енгізу көмегімен ақын лириканың жанрлық толысуына ықпал етті, ішінара эпос, драма әсерін қабылдай отырып, өзекті ерекшелікті, лирикаға тән өзіндік сипатты сақтап қалудың соны түрлерін тудырды. Өлеңнің өмірді қамту мүмкіндігі кеңейе түсті, сол арқылы шығарма көркемдігін, әсерін арттырудың соны үлгілері қанат жайды. Мәшһүр Жүсіп стилі дегенде, оның неғұрлым көп қолданатын сөз өрнектерін бөліп көрсету, атап айтқанда, жарық, күн, таң атуы т.с.с тәрізді неғұрлым тұрақты нышан белгілерді саралау кезінде сол ұғымдармен жарыстырыла, біраз ретте қарама-қарсы мәнде алынып отырған нақыштарға да көңіл бөлген жөн. Соның бірі: «Түн», «қараңғы» ұғымдарына байланысты баламалар шоғыры. Жарық – қашан да жаңа өмірдің, жаңалықтың, білімділік, ізгіліктің бастау көзі ретінде алынса, ал «қараңғы» сөзі және соған мағыналас жақын, туыстас «түн» өрнегі сол «жарыққа» қарама-қарсы: білімсіздік, топастық, теңсіздік, құлдыққа мойынсұну ұғымын бейнелеуге пайдаланылып келгені белгілі. Басқа да баламалар тәрізді бұл өрнек те күні кеше пайда бола қалған жоқ, сонау әріден келе жатыр.
Мәшһүр Жүсіп бірнеше ірі дастандар да жазған ақын. Бірақ олар кезінде жарияланбай қол жазба күйінде тараған. Оның кейбірі жеке адамдардың өмірін өзек етсе, енді бірі құран сюжеттерінен, Шығыстық сюжеттерден алынып, солардың негізінде жазылған. Алғашқысына «Жантемір қажы», «Шонтыбай қажы», «Нүсіпхан», т.б. қиссалар жатса, соңғысына «Жер мен көк», «Хаятбақшы», «Миғраж», «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы», «Гүлшат – Шеризат» тәрізді туындылары жатады.
Ақынның «Гүлшат – Шеризат» қиссасы шығыстық сюжетке жазылған туындыларының іргелісі.
Жігітке құдай берген қиын емес,
Болғанымменіңақынбиылемес.
Бетіне ақ қағаздың салып шимай,
Қиссасын «Гүлшат – Шеризат» қылдым кеңес, -
Деп басталатын дастан, Мәшһүрдің бес шумақтық кіріспесінен соң, Кәркін патша жайын жырлауға ауысып кетеді.
Қисса шығыстық сюжетке жазылғанмен, мұнда ауыз әдебиетіндегі қазақ эпостық жырларының әсері байқалады. Мәселен Парахзат түсі Алпамыс жырындағы Тайшық түсімен ұқсас болуы. Гүлшаттың сұлулығын суреттеуде эпостағы қазақ қыздарының бейнесі айқын танылады. Соғыс суреттерінде де батырлық жырлар елесі бар. Сонымен бірге қыз бен жігіттің бірін-бірі суреттен кӛріп, не түсінде кӛріп ғашық болмай, бірін-бірі ӛңінде кӛріп ұнатуы қазақ жырларының шындықты табиғатына жақындата түседі. Ендеше Мәшһүрдің “Гүлшат-Шеризат” дастаны – оның ӛзіндік тӛл туындысы. Мұның тағы бір дәлелі осы сюжетке қазақтың ірі әнші-ақыны Әсет Найманбаевта қисса жазған. Ол “Ер Шеризат” деп аталады. Екі ақынның поэмаларындағы кӛп айырмашылық бар. Олардың ортақ сюжетке шығарма жазғанымен, әр қайсы өз биігінен келіп, ӛзінше жырлап, ӛзіндік туынды жасағанын аңғару қиын емес. Қорыта айтқанда, “Гүлшат-Шеризат” – Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің ақындық шеберлігінің айқын кӛрінісіндей айшықты шығарма. Жалпы алғанда, Мәшһүр – діни-ағартушы ақын. Бұл ерекшелікті біз ақынның кез-келген ӛлеңінің желісінен аңғара аламыз. Ол діни танымдық ойларын шығармашылығында орын алған ӛзге тақырыптардың негізімен ұштастыра білген. Әр ӛлеңнен дінді арқау ете отырып еркіндік пен азатшылдықты ұран қылып кӛтерген ақын мақсатын айқын аңғарамыз. Ақын ӛлеңдеріндегі басты мұрат “Қуаттап алып жүрсе әркім дінін, Өткізсе ғаділдікпен ай мен күнін” деген арман тілекті көздейді. Мәшһүр Жүсіптің әрбір өзекті ойының түбірінен діни сананың топшылауын танимыз. Дін арқылы ол асыл мұратты биік мақсаттарға шақырады. Оның азатшылдық ұранын арқалаған арманды асқақ үні де дінитанымымен тығыз байланыста өрістейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет