Металдың жалпы сипаттамалары және құрылымын оқу тәсiлдерi


Компоненттері полиморфты өзгеретін қорытпалардың



бет12/12
Дата24.12.2022
өлшемі2,75 Mb.
#59391
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
4.5 Компоненттері полиморфты өзгеретін қорытпалардың
диаграммасы

Компоненттердін біреуі немесе екеуі де полиморфты өзгеруі қорытпаның құрылымы мен қасиетін өзгертеді.


Бір-бірінде шексіз еритін қатты ерітінді түзетін, бір компоненті (А) екі  және  түрінде болатын қорытпаның диаграммасын қарастыралық (22- сурет).

а) бір компоненттің полиморфты өзгеруі, б) екі компоненттің де полиморфты өзгеруі, эвтектоидтың түзілуі.


22-сурет. Компоненттері полиморфты өзгеретін қорытпаның диаграммасы.


22- суретте қарастырылған қорытпа қатайып кристалданғаннан кейін түгел А және В компонентінің қатты ерітіндісі болып келетін біртекті  ерітіндісінен тұрады ( модификациясы болғанда). Температура төмендегенде А компонентіндегі  модификациясы  модификациясына өзгереді. Сонымен, ac және ab сызықтарымен шектелген аудандағы  және  фазалары тепе-теңдік күйде болады. Мұндағы  фазасы  модификациялы А компонентіндегі В компонентінің қатты ерітіндісі болса,  фазасы  модификациялы А компонентіндегі В компонентінің қатты ерітіндісі. ab сызығының астында қорытпа тек  фазадан тұрады.  ерітіндісінің кристалдық торы  ерітіндісінің кристалдық торына ұқсамайды. Диаграммадағы (22,а-сурет) ac сызығы қорытпаның суыну кездегі полиморфты    өзгеруінің басталу температурасын, ал abсызығы осы өзгерудің аяқталу температурасын көрсетеді. ac сызығынан төмен температурада тепе-теңдік күйдегі  ерітінді тұрақсызданып, оның кристалдарында  қатты ерітіндінің туындылары пайда болады.    өзгеруін үдету үшін температура төмендеу керек.


Туындаған  қатты ерітіндінің кристалдары ab сызығының бойымен, ал  ерітіндісі ac сызығының бойымен құрамдарын өзгертіп отырады.
ab сызығының бойымен    полиморфты өзгеруі аяқталып, төмен температурада қорытпа бір фазалы  қатты ерітіндісінен тұрады.
b және с нүктелерінің арасында қорытпаның қалыпты температурада    өзгеруі аяқталмайды, суынғаннан кейін мұндай қорытпалар  +  екі фазалық құрылымын сақтап қалады. с нүктесінің оң жағын алып жатқан қорытпа полиморфты өзгермейді, қандай температура болса да тұрақты, тек  қатты ерітіндісінен тұрады.
Қорытпаның суынуында тепе-теңдік шарты сақталса    өзгеруі белгілі температура аралығында компоненттердің екі фаза арасында диффузиялық алмастыру жолымен жүретінін диаграммадан көруге болады.
22,б - суретінде екі компоненттің де жоғары температурада толық еріп, төменгі температурадағы еруі шектеулі екені көрсетілген. Бірінші кристалданудан кейін бұл қорытпа  қатты ерітіндісінен тұрады. Температура төмендегенде  қатты ерітіндісі ac және cb сызықтарына сәйкес температурада ыдырайды. ac сызығынан төмен температурада  және  кристалдары тепе-теңдікте болады. Олардың құрамы ас ( фаза) және ad ( фаза) сызықтарымен анықталады. bc сызығынан төмен температурада  және  фазасы тепе- теңдікте болады.  қатты ерітіндінің құрамы температура төмендегенде cb сызығымен, ал ’ фазаның құрамы be сызығымен өзгереді.  қатты ерітіндісі құрамы с нүктесіне теңелгенде dсе изотерма бойымен тұрақты температурада ыдырайды (с = 0): с  d+’е .
 - қатты ерітіндісінің  және ’ фазалар қоспасына ыдырауы эвтектоидты өзгеру деп, +’ кристалдарының қоспасы эвтектоид деп аталады. Эвтектоидтың құрылысы эвтектиканың құрылысынан жұқалау келеді. Эвтектоид құрылымының қалыңдығын реттеу арқылы қорытпаның механикалық- физикалық қасиеттерін өзгерту ауқымын кеңейтуге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет