Сұйық тепе-теңдігінің дифференциальдық теңдеуі. Беттік қысымға тең, гидростатикалық қысым теңдеуі.
Ауырлық күшінің әсерінен тыныштық күйдегі сұйықтың гидростатикалық қысым теңдеуі.
Нақты және идеалды сұйық, тұтқырлық
Табиғатта кездесетiн сұйықтар – нақты (реалды) сұйықтар, дегенімiз – қысым мен температураның, әдеттегi өзгерiстерiнде өзiнiң көлемiн өте аз өзгертетiн, сондықтан, ол көлемiнiң өзгерiстерiн ескермеуге болатын сұйықтар. Гидравликада сұйықтар абсолюттi сығылмайтын дене деп қарастырылады.
Қозғалыстағы сұйықта, зерттеулер көрсеткендей жанама кернеу бар. Сұйықтың бiр қабатының екiншi қабатына сырғанап қозғалған кезiнде үйкелiс пайда болып, ол iшкi жанама күштермен теңеседi. Сұйықтың қозғалған кезiнде жанама кернеуiнiң пайда болу қасиетiн – тұтқырлық деп атайды.
Аналитикалық зерттеулер жүргiзгенде идеалдық сұйық түсiнiгi қолданылады. Идеалды (аномалдi) сұйық дегенiмiз – төмендегiдей сипатталатын ойдан алынған сұйықтың:
а) қысым мен температура өзгерген кезде көлемi мүлдем (абсолюттi) өзгермейдi;
б) ешқандай тұтқырлығы болмайды, яғни оның қандай да үйкелiс күшi пайда болмайды.
Идеалды сұйықтың нақты (тұтқырлы) сұйықтан айырмашылығы табиғатта кездеспейдi оны нақты сұйықтың келтiрген моделi ретiнде ойдан алынады.
Нақты сұйықтың негiзгi физикалық қасиеттерi.
Сұйықтың сығылмалылығы (немесе көлемдiк тығыршықтығы). Алынған сұйыққа pәсер ететiн жан-жақты қысым Δ p мәнге көтерiлгенде, оның V көлемiнiң Δ V-ге өзгеретiнін елестетейiк. Тығыршықты сығылмалылық дегенiмiз - оған түскен сыртқы Δ p қысым қайта алынған кезде оның өзiнiң бастапқы V көлемiне оралуы.
Сұйықтың сығылмалылығы (немесе көлемдiк тығыршықтығы). Алынған сұйыққа p әсер ететiн жан-жақты қысым Δ p мәнге көтерiлгенде, оның V көлемiнiң Δ V-ге өзгеретiнін елестетейiк. Тығыршықты сығылмалылық дегенiмiз - оған түскен сыртқы Δ p қысым қайта алынған кезде оның өзiнiң бастапқы V көлемiне оралуы.
Δp мәнiнiң аз шамасында көлемнiң салыстырмалы өзгерiсi ΔV/Vмәні Δp шамасына тура пропорцианал. Осыған байланысты тығыршықты сығылмалылықтың мәнi ретiнде K алынған.
K – дегенiмiз сұйықтың көлемдiқ тығыршықтығы модулi.
Су үшiн K= 22 ·105 к Па