Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Қазақстан әлемдік кеңістікте



Дата11.12.2023
өлшемі195,61 Kb.
#137582

Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.


Қазақстан әлемдік кеңістікте


Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр.
Жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері,Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.
1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қарарға қол қойылды.Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазақстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.
1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Халықаралық ыңтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру, Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталған қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды.
Қазақстанның сыртқы саясаты 1991 жылдан 2001 жылға дейінгі 10 жыл ішінде күрделі даму жолынан өтті. 1991—1993 жылдары Қазақстан халықаралык құқық субъектісі ретінде әлемдік қоғамдастыққа ену шараларын жүзеге асырды, дүние жүзіндегі жетекші елдермен ынтымақтастықтың келісімдік-құқықтық базасын қалыптастырды.
1994—1997 жылдары сыртқы саясат қызметінде мықты құкықтық база құру жұмысы жалғастырылды.
2003 жылы Алматыда Бейбітшілік пен өзара келісім жөніндегі халықаралық конференция мен Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің 1 съезі болып өтті. 2006 жылдың қыркүйек айында Астанада Бейбітшілік пен өзара келісім Сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің II съезі болды.



  1. Қазақстан қандай халықаралық ұйымдардың мүшесі?

  2. 1992 жылғы 2 наурызда қандай қарарға қол қойды?

  3. 1998 жылы 16 қарашада қандай қарар қабылданды?

  4. Республикамыз БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына қай жылы кірді?

  5. 1997 жылы Қазақстан қандай қорға мүше болды?

  6. Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің 1 съезі мен II съезі қай жылдары өтті?



ЖАЗЫЛЫМ
6-тапсырма. Сөйлемді жалғастырыңыз.

  1. Қазақстанда сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды нығайтпақ болып, .....................................................................................................................................................................................

  2. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен жақсы қарым-қатынастар орнату үшін, .....................................................................................................................................................................................

  3. Екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдаланбақ болып, .....................................................................................................................................................................................



  1. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

  1. Өткенге топырақ шашсаң болашақ саған тас атады.

  2. Достық пен ынтымақтастық нығайту үшін,Декларацияға қол қойылды.

  3. Еңбексіз ауырса, емі табылмайды.

  4. Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, талассыз ілгері жылжи береді.




  1. ҚР Мемлекеттік Туы қашан қабылданды?

  1. 1992 жылы 6 маусымда

  2. 1991 жылы 6 мамырда

  3. 1994 жылы 4 маусымда

  4. 1992 жылы 4 маусымда

  1. Қазақстан оңтүстік – шығыста қай елмен шегаралас орналасқан?

  1. Өзбекстан

  2. Монғолия

  3. Қырғызстан

  4. Қытай

  1. Астана қашан Қазақстанның астанасы болды?

  1. 1997 жылы 10 желтоқсанда

  2. 1997 жылы 6 шілдеде

  3. 1998 жылы 6 мамырда

  4. 1992 жылы 4 маусымда

Төменде берілген мақал-мәтелдерді екінші сыңарымен жұптастырыңыз.

1.  Бірлік болмай, берекет жоқ


2.  Басшысын сыйлаған өз түбіңе жеткенің
3.  Хан тірегі - ел озады
4.  Әрекет болмай - тірлік болмас
5.  Кісі елінде сұлтан болғанша, адамдар қасиеті
6.  Отанға опасыздық еткенің, халық
7.  Батылдық – рухы күшті өз еліңде ұлтан бол




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет