Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығындар есебінің үрдіспе-үрдіс әдісі
Өндірістік есепті ұйымдастыру және калькуляциялау әдісін таңдау көп жағдайда өндіріс типіне тәуелді болады!!!
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс - өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс (ауыр машина жасау, кеме жасау, турбина жасау).
Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады (машина жасау өнеркәсібі, металл өңдеу).
Жаппай өндіріс – ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс типі (маталар, киім, аяқ киім, сағат жасау, тамақ өнеркәсібі).
Үрдіспе-үрдіс калькуляциясы
Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік әдісі сериялық және жаппай өнім өндіретін кәсіпорын-дарында қолданады. Бір текті бұйымдар белгіленген реттілікпен барлық өндіріс кезеңдерінен өтеді, сондай-ақ бұл кезеңдер процестер деп аталады.
Сонымен қатар процестік калькуляцияны әртүрлі өнім дайындайтын кәсіпорындар да қолдану мүмкін, бірақ өндіріс процесі тұрақты қайталанатын операцияларға бөліну керек.
Процестік калькуляциялаудың ерекшеліктері
1) Бір текті өнім өндіріледі
2) Дайын бірліктің өзіндік құны белгілі кезеңдегі жалпы өндірістік шығындарды осы кезеңде өндірілген дайын бұйымдардың санына бөлу арқылы анықталады
3) Аяқталмаған өндірістегі бұйымдар шартты дайын өнімге есептеледі
Процестік калькуляциялаудың ерекшеліктері
Шығындар есебі объектісі жеке өндірістік процесі, ал калькуляциялау объектісі – шығарылатын дайын өнімнің бірлігі болып табылады.
Әрбір процес үшін «Негізгі өндіріс» жеке шоты ашылады, онда бұл процестің тікелей және үстеме шығындары жинақталады
Аяқталмаған өндіріс (АӨ) шығындары – ол өңдеудің барлық сатыларынан өтпеген және техникалық бақылау бөлімімен қабылдан-баған, сонымен қатар жұмысы аяқталмай, тапсырыс берушімен қабылданбаған өнімдерді айтамыз.
Аяқталмаған өндіріс (АӨ) шығындары – ол өңдеудің барлық сатыларынан өтпеген және техникалық бақылау бөлімімен қабылдан-баған, сонымен қатар жұмысы аяқталмай, тапсырыс берушімен қабылданбаған өнімдерді айтамыз.
Бірліктің өзіндік құнын есептегенде аяқталма-ған өндірісті қалай есепке алуға болады?