Мәзір командасы



Дата27.05.2022
өлшемі16,62 Kb.
#35807
түріПрограмма

Мәзір командасы
Corel Draw программасы әртүрлі командалардан тұрады. Оларды қолдануға ыңғайлы болу үшін
тізім ашылған түрде анықталған бейнесі ретінде топтастырылған. Бұл тізімдер мәзір командасы деп
аталады.
Жанама мәзір интерфейсінің анықталған элементімен немесе өңделінген объектімен
байланысқан және олар оның жанында орналасқан команда топтарын қосады. Берілген мәзір келесі
екі тәсілдің біреуімен ашуға болады:
•Программадағы интерфейс элементіне керекті жеріне көрсеткішті орналастырғаннан кейін
тышқанның оң батырмасын басып, объектінің немесе құжаттың бос аймағын өңдейміз.
•Тышқанның сол жақ батырмасын басқан кезде докердің оң жақ бұрышында тұрған, докердің белсенді
мәзірі ашылады.
Ережеге сәйкес, жанама мәзірі ағымдағы элементке немесе объектіге қатысты барлық
командалардан тұрады. Бұл дегеніміз құжатты өңдеу эффектілірін жоғарлатады, яғни программадағы
негізгі мәзірінен керекті командасын іздеуге уақыт кетпейді. Сонымен қатар, негізгі мәзірінде жоқ
командаларымен жанама мәзірі жұмыс жасай алады [7].
Программаның жанама мәзірінде кездесетін кейбір белгілері мен функцияларын қарастырайық:
•Бөлімнің соңындағы қара төртбұрыш белгісі мәзір ішіндегі командалар бар дегенді
көрсетеді. Тышқанды шерткен кезде қосымша команда тізімі ашылады;
•Бөлім атының соңындағы көп нүктелі белгісі, ағымдағы команданы орындауда, команда
параметрінің құрылуында (сұқбат терезеде немесе докерде ашылған) немесе тышқанның
манипулясиясына байланысты кейбір кідірістер болатынын білдіреді.
•Перне тақтаның аты немесе перне тақталардың топтарының (олардың арасында «қосу»
белгісімен) бөлімі, берілген команда осы пернетақталарды басу жолымен орындалса, онда
мұндай жағдайда олар жедел орындалатындығын көрсетеді.
Негізгі құрал–саймандар блогінің панелі әлбетте экранда бейнеленеді (егер әрине, блок бейнесінің
режимі орнатылған болса), ал қосымша панелдері негізгі панелдерінің құрал–саймандарының орнын
ауыстырған кезде ғана ашылады.
Егер кейбір панелдердің ұяшықтарында бірнеше құрал–саймандар орналасқан болса (іс жүзінде олар
сәйкесінше қосымша панелінде орналасады), онда оның оң жағындағы төменгі бұрышында кіштентай қара
белгісі бар белгі тұрады. Егер көрсеткішті осындай белгіге орналастырып және тышқанның батырмасын
шертсек немесе көрсеткішті ұяшықтың кез–келген жеріне орналастырып, тышқанның батырмасын басып
тұрған күйде бірнеше уақыт ұстап тұрсақ, онда экранда берілген ұяшыққа байланысты, қосымша құрал–
саймандар панелі бейнеленеді. Таңдалынған құралды негізгі панелге орналастыру үшін, онда оған
көрсеткішті орналастырғаннан кейін тышқанның батырмасын басу керек. Нәтижесінде көрсетілген құрал
негізгі құралдар блогінің ұяшығында орын алады және оның батырмасы белсенді күйде болады, ал
қосымша панелі жабылады 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет