«Миға шабуыл» тәсілі Шәкірт Абайды қаладан алып қайтқалы барған ағайыны



Дата01.04.2022
өлшемі94,35 Mb.
#29565
Байланысты:
11-сынып-Қазақ әдебиеті-2-сабақ -ҚМЖ -Смагулова Р.А


«Миға шабуыл» тәсілі

1. Шәкірт Абайды қаладан алып қайтқалы барған ағайыны –

А) Қарабас Ә) Байтас Б) Майбасар В) Жұмағұл

2. Қаладан ауылды аңсап келе жатқан бала шәкірт кім?

А) Құнанбай Ә) Абай Б) Оспан В) Смағұл

3. Ұры жататын жыраның аты –

А) Буратиген Ә) Көкүйірім Б) Тақырбұлақ В) Есембай

4. «- Қап, мынаның баласы! ... «Мен бөрінің бөлтірігімін» деп келедіау!» - деп кім туралы Жұмабай айтқан?

А) Абай Ә) Байтас Б) Оспан В) Тәңірберді

5. Құнанбайдың ақ көк аты –

А) Құлагер Ә) Найманкөк Б) Аймаңдай В) Топайкөк

6. Есембайдың жауларының бірі болып, Байтас пен Жұмабайға шапқан кім?

А) Есембайдың оң қолы Ә) Абай Б) Есембайдың өзі В) даладағы қойшы

7. Абайдың анасының есімі -

А) Күнке Ә) Зере Б) Ұлжан В) Айғыз

8. Айғыз деген кім?

А) Құнанбайдың тоқалы Ә) Құнанбайдың қарындасы Б) Құнанбайдың бәйбішесі В) Құнанбайдың қызы

9. Ұлжан отырған жайлаудың аты -

А) Есембай Ә) Жидебай Б) Қызылшоқы В) Көлқайнар

10. Телғара деген кім?

А) Оспан Ә) Смағұл Б) Тәкежан В) Абай

11. Абайдың әжесі –

А) Ұлжан Ә) Айғыз Б) Зере В) Күнке

12. – Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме?- деп ұлынан сұраған кім?

А) Абай Ә) Құнанбай Б) Майбасар В) Зере

Сабақтың тақырыбы

М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы

Оқу бағдарламасына сілтеме

Түсіну және жауап беру

1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні



Сабақтың мақсаты

11.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

Бағалау критерийлері

әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырады;

шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды;

шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.


1-тапсырма.

Үзінділердің мағынасын ашу.
  • «- Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын!.. Жалғыз-ақ өзгені берсе де әкеңнің қаттылығын бермесін!- деп, бетін сипады».
  • «Шын ба? Шын айтты ма? Жоқ әлде Байсалдың қаттылық, аямастық мінезі балаға ауыр тимесін деп, жаны ашығаннан айтты ма? Бөжей не мәнмен мұндай жақсы бата берді! Ойда жоқтан, оп-оңайдан, осындай таудай үлкен сый бола ма?..».

  • Дескриптор:
  • бейнебаян бойынша үзінділерге өз пікірлерін айтады.
  • шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырады.

2-тапсырма.

«Сұрақ – бізден, жауап - сізден»

- Бөжей батасы мен Зеренің тілегі несімен ұқсас? Абайдың әкеге қарап өсуі дұрыс емес пе?

- Бөжейдің сыйы Абайға неліктен ерекше әсер берді? Бұдан бұрын Барластан да бата алған Абайдың болашағына батаның әсері бар ма?



Дескриптор:
  • сұрақтарға романның мазмұны бойынша жауап береді.

3-тапсырма. Жұптық жұмыс «Сауал сан»

Сұрақтар:
  • Бөжей мен Құнанбай арасындағы татулық қандай шешіммен аяқталды?
  • Құнанбай Жұмабайды қалаға қандай тапсырмамен жібереді?
  • Абайдың Сүйіндік ауылына баруы оның өміріне қандай өзгеріс енгізді?
  • Абай кеш сайын Кәмшатты неге әжесі Зеренің үйіне алып келеді?
  • Барлас бала Абайға деген ризалығын қалай білдіреді?
  • Абай неліктен Смағұлды жағынан тартып жібереді?
  • Сүйіндіктің Абайға жылы қабақ танытып, ерекше сыйлауының себебі неде?
  • Қарқаралыда Құнанбайдың беделін одан әрі асқақтата түскен қандай ісі?
  • Құнанбайдың Жігітек пен Бөкеншінің қыстауларын тартып алуының қандай себептері бар?
  • Құнанбай бала Абайды сынау мақсатында қандай сұрақ қояды?

  • Дескриптор:
  • әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырады;
  • шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды;
  • шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

  • Бағалау.

    «3+2+1»

Кері байланыс.
  • «Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады» деген Дәркембай сөзін бүгінгі күнмен байланыстырып айту.

  • Үйге тапсырма: М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын оқу


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет