шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды;
шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.
1-тапсырма.
Үзінділердің мағынасын ашу.
«- Ендігінің жүгі сенде қалар, балам! Жолың болсын!.. Жалғыз-ақ өзгені берсе де әкеңнің қаттылығын бермесін!- деп, бетін сипады».
«Шын ба? Шын айтты ма? Жоқ әлде Байсалдың қаттылық, аямастық мінезі балаға ауыр тимесін деп, жаны ашығаннан айтты ма? Бөжей не мәнмен мұндай жақсы бата берді! Ойда жоқтан, оп-оңайдан, осындай таудай үлкен сый бола ма?..».
Дескриптор:
бейнебаян бойынша үзінділерге өз пікірлерін айтады.
шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырады.
2-тапсырма.
«Сұрақ – бізден, жауап - сізден»
- Бөжей батасы мен Зеренің тілегі несімен ұқсас? Абайдың әкеге қарап өсуі дұрыс емес пе?
- Бөжейдің сыйы Абайға неліктен ерекше әсер берді? Бұдан бұрын Барластан да бата алған Абайдың болашағына батаның әсері бар ма?
Дескриптор:
сұрақтарға романның мазмұны бойынша жауап береді.
3-тапсырма.Жұптық жұмыс «Сауал сан»
Сұрақтар:
Бөжей мен Құнанбай арасындағы татулық қандай шешіммен аяқталды?
Құнанбай Жұмабайды қалаға қандай тапсырмамен жібереді?
Абайдың Сүйіндік ауылына баруы оның өміріне қандай өзгеріс енгізді?
Абай кеш сайын Кәмшатты неге әжесі Зеренің үйіне алып келеді?
Барлас бала Абайға деген ризалығын қалай білдіреді?
Қарқаралыда Құнанбайдың беделін одан әрі асқақтата түскен қандай ісі?
Құнанбайдың Жігітек пен Бөкеншінің қыстауларын тартып алуының қандай себептері бар?
Құнанбай бала Абайды сынау мақсатында қандай сұрақ қояды?
Дескриптор:
әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырады;
шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындайды;
шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.
Бағалау.
«3+2+1»
Кері байланыс.
«Күштілер нені айтады? Күшсізге еткен зорлығын айтады. Күшсіз нені айтады? Күштіден көрген қорлығын айтады» деген Дәркембай сөзін бүгінгі күнмен байланыстырып айту.