Мінездеме



Pdf көрінісі
Дата14.10.2023
өлшемі83,04 Kb.
#115114


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті 
Түркітану және тіл теориясы кафедрасының 
4 курс студенті Кутыбаева Айгулге 
МІНЕЗДЕМЕ
 
Кутыбаева Айгул түркітану және тіл теориясы кафедрасының «6B01704 
– Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының бітіруші түлегі. 2019 - 2023 
академиялық оқу жылдары аралығында барлық оқу кредиттерін толық игерді, 
үлгілі студенттердің бірі. 
Оқу кезеңінде өзін қабілетті, еңбекқор студент ретінде көрсетті. Ойлау 
қабілеті, ұйымдастыру жұмысына бейімділігі, өзінің мамандығына қатысты 
жаңалықтарды білуге құштарлығы Кутыбаева Айгулдің жан-жақты зияткерлік 
қасиетін көрсетеді. Барлық пәндер бойынша үлгерім жоғары.
Сондай-ақ педогогикалық тәжірибе барысында ол көптеген оқыту 
әдістерін қолданды және әр оқушымен тіл табуға тырысты. Оқушылар сабаққа 
қызығушылықпен және ынтамен келді. Айгул барлық жұмысты уақытында 
және тиісті жауапкершілікпен орындады. Айта кету керек, Айгүл балалармен 
мұғалімнің көмегінсіз жақсы жұмыс істейді, сыныпты жақсы ұйымдастыра 
алады. 
Кутыбаева Айгул алдына қойған мақсаттарына жете білетін
жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, жан-жақты студент. Болашақта 
адамгершілік қасиеті жоғары өз мамандығының шебері болады деген 
сенімдемін. 
Түркітану және тіл теориясы 
кафедрасының доцент м.а., 
PhD докторы, 404 топ куратор-эдвайзеры, Таубаев Ж.Т. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет