«Мінсіз мектеп» - бұл балалардың кәсіби білім алатын, дарыны мен қабілетін дамытатын, жеке тұлға ретінде қалыптасатын орны. Мінсіз мектептің басты белгілері – сапалы мұғалімдер, оқу материалдары мен жабдықтары, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістері, мектеп ішіндегі жайлы атмосфера, бала мен ата-анаға деген сыйластық қарым-қатынас.
«Мінсіз оқушы» - жаңа білімді меңгеруге және өмірде қолдануға әрқашан дайын. Білім – жарқын болашақ кепілі екенін түсініп, тек сабақта ғана емес, одан тыс жерде де білімге ұмтылады. Мұндай оқушы сабаққа белсене қатысады, сұрақтар қояды, өз жұмысына бастамашылық етеді. Ол өз пікірін айтудан қорықпайды, сонымен бірге басқалардың пікірін құрметтейді. Ол үнемі ізденіс үстінде.
«Мінсіз сынып» – ол әрине әр мұғалімнің басты мақсаты. Ол барлық оқушылар оқуға қызығушылық танытатын және өз ойларын еркін жеткізе алатын сынып. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, мінсіз сынып өте сирек кездеседі. Мұғалімдер оқушылардың үнемі сұрақтар қоятын, оқу процесіне белсенді қатысатын және табысқа жетуге ынталы болатын сыныпты армандайды. Егерде мектепте әр оқушы мінсіз болса онда сынып та мінсіз болар еді.
- "Инклюзивтілік" санатының мәні. Студенттердің инклюзивті мектеп, сынып туралы ұсыныстары. - "Инклюзивті" сынып оқушысы критерийлерін айқындау Инклюзивтілік – қоғамның хал-ахуалы, шешімді қабылдау кезінде топтардың (соның ішінде әлсіз топтар) барлығының мүдделері есепке алынған кезде ғана жақсара түседі.
Инклюзивті білім - – олардың физикалық, психикалық, зияткерлік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың жалпы білім беру жүйесіне тартылуын көздейтін оқыту мен тәрбиелеу үдерісі.
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМНІҢ 8 ҚАҒИДАТЫ: Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне байланысты емес;
4. Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж;
5. Нағыз білім тек шынайы өзара қарым-қатынас жағдайында жүзеге асады;
6. Барлық адамдар құрдастарының қолдауына және достығына мұқтаж;
7. Барлық білім алушылар үшін ілгерілеуге қол жеткізу олардың нені істей алмайтыны емес, не істей алатынында болуы керек;
8. Әралуандылық адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді.
Мұғалімнің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақтылы көмек көрсету.
2. Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.
3. Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата- аналармен байланыста болу.
Міндеті: Дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне байланысты қолдану.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету.