Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыру



бет1/6
Дата25.11.2023
өлшемі23,63 Kb.
#126176
  1   2   3   4   5   6

1,2-дәріс

  1. Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыру.

Бүгінгі күні жоғары мектеп сынмен ойлайтын, мәдениет нормалары, демократиялық құндылықтары, этикалық қағидалары қалыптасқан ... жаңа дәуірдің мамандарын еңбекке даярлауы қажет. Жұмыс берушілер кәсіби білім мен біліктен басқа маманның ауызша және жазбаша хабарласып, қарым-қатынас жасай білетін, командада жұмыс істей алатын, тапқыр, жауапкершілік және ұйымдастырушылық қабілеті бар, шығамашылық тұрғыда үнемі білімін жетілдіретін маманды құндайды.
Мұның өзі болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыруды талап етіп, оның мазмұнын жаңарту мәселесіне әкеп тірейді. Болашақ маманды даярлау мәселесі қоғам дамуының барлық кезеңдерінде өзектілігін жойған емес. Себебі адамзаттың дамуының әр сатысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріп отырады да, мамандарды даярлау мәселесіне де жаңа талаптар туындап отырады.


  1. Кәсібилік және кәсіби дайындық, кәсіби бағыт, кәсіби білім, педагогикалық шеберлілік ұғымдарының мазмұны.

«Кәсібилік» ұғымының сөздіктерде және энциклопедиялық басылымдарда бұрын болмағанын, болса да оны мағынасы жақын сөздермен ауыстырғанын көрдік. Мәселен, С.И. Ожеговтың «Орыс тілі сөздігінде» «маман», «кәсіби», «мамандық» ұғымдары негізгі жұмыспен айналысуға байланысты қолданатынын көрдік. Үлкен совет энциклопедиясында «кәсібилік», «кәсіби дайындық», «кәсіби бағыт», «кәсіби білім» ұғымдарына анықтыма берілген. Мысалы, «кәсібилік – белгілі бір мамандыққа сай ... қолданылатын сөз», «кәсіби дайындық – нақты бір іс-әрекет аумағындағы жұмысты орындауға қажет арнайы білім, білік және дағды жиынтығы».
Педагогикалық энциклопедияда «кәсіби дайындық – нақты бір мамандық бойынша жұмысты жемісті орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы білім, білік және дағды, сапа, еңбек тәжірибесі және тәртіп нормаларының жиынтығы» ретінде қарастырылады.
«Педагогикалық шеберлік – педагогикалық іс-әрекетті жоғары деңгейде меңгергендік; арнайы білім, білік және дағды, педагогтың оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін тиімді басқаруға және мақсатты педагогикалық әсер етуге қажет тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері».




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет