Міржақып Дулатұлы Қазақтан шыққан талапкер



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата21.12.2023
өлшемі261,12 Kb.
#142426
  1   2


БАҚЫТСЫЗ 
ЖАМАЛ 
Міржақып Дулатұлы 


Қазақтан шыққан талапкер, 
Бұл кітапты қарап көр. 
Таратуға халыққа оқып. 
Боларсыздар себепкер. 
Дазая, 1910. 
CӨЗ БАСЫ 
Мир-Якуб - төмендердің аласасы, 
Сөзімнің бар ма, жоқ па тамашасы. 
Жылтырап тесік моншақ жерде қалмас, 
Қазақша бір роман жаза салшы. 
Үш жүзге біздің қазақ бөлінеді
Осылай шежіреден көрінеді. 
Саны көп, сапасы жоқ һәммеден бос, 
Ғылымға мойынсұнбай ерінеді. 
Шет шығып сахарадан баспас қадам, 
Болады бүйтіп жүріп қашан адам? 
Бейхабар ғаламдағы хикматтан, 
Тұтқындай қапастағы күні қараң. 
Болмайды кемшіліксіз һешбір халық, 
Бәрінен кейін қалған қазақ анық. 
Басқа жұрт біз секілді жалқау емес
Ғылыммен қараңғыны етер жарық. 
Шығып жүр һәр халықтың талаптысы, 
Болмай ма талаптанған әлі-ақ кісі. 
Қазақта жазылмайтын бір ауру бар - 
Келмейді мінін айтсаң жаратқысы. 
Кеудесін мырза десең көтереді
Бардай-ак құрт ауруы жөтеледі. 
Шегінер халық пайдасы деген іске, 
Деп айтшы осы сөзді бекер еді? 
Оқуға емес жұрттың бәрі құмар
Оқығаны романды не деп ұғар? 
Демеймін жалпақ жұрттың бәрі кеще, 
Мағынасын түсінетін бар да шығар. 
Сонда да жұрттың бәрі біле бермес
Сөз болар жақсы-жаман бәрі кеқес. 
Мақсаты романның- халық түзетпек, 


Жазылған еріккеннен ертегі емес. 
Жамалдың жайын жаздық бұл кітапта 
Бақытсыз бір қыз екен осы шақта. 
Біреуге хас нәрсе емес һәм болған іс, 
Жайылған бұл бір ғұрып һәр қазақта. 
Айырсын оқушылар мағынасын, 
Жай ғана хикая деп қарамасын. 
Көрген кім шариғаттан деген сөзді: 
«Қор етіп әйел халқын аямасын». 
Сатады қызды қазақ мал орнына
Алмайды халал жұпты жар орнына. 
Әйелді хайуанға қисап етіп, 
Тұтады өзін ерлер хан орнына. 
Байқашы өзің-өзің отчет беріп, 
Бақытсыз Жамал қызды оқып көріп. 
Қазақтың һәр жерінде бар емес пе, 
Хисаплап уақиғаны көрсең теріп? 
Бұл сөзді оқып көрер колына алған, 
Иншалла, хақиқат-дүр, емес жалған. 
Тыйылып мыннан бірі қиянаттан, 
Көрсе екен ғайібләрін һәркім қылған. 
Қазақша роман жоқ басылған көп
Бұл күнде халық ішінде шашылған көп 
Кәдәри-хәл білгенімше мен де жаздым
Тілеймін болса екен деп асырған көп. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет