Міржақып Дулатұлы XX ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат



Дата10.04.2023
өлшемі24,75 Kb.
#81305

Міржақып Дулатұлы
Міржақып Дулатұлы XX ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында қанат
жайған демократиялық қозалыстың, елдің елдігі, еркіндігі, мәдени өркендеуі үшін күрескен жаңа бағыттын ең ірі өкілдерінін бірі болды. Сондықтан
оның поэзиясынан, барлық шығармаларынан тынымсыз
іздену, ілгері ұмтылу сарыны, күрес рухы бірден-ақ күшті сезілді.
Ақыннын алғашқы өлен жинағы «Оян, қазақ!» болған. Бұл сөз жалпы жұртқа жар салғандай болып жаңа дәуірдің қуатты үніндей естілді. Осы кітаптын Оян, казак, деген атынын өзі халыкты надандықтын шырмауынан кұтылып, э
әділеттік үшін, өнер-білімге, мәдениетке жету үшін күресуге шакырған күшті ұран болып естілді, солай кабылданды. Акынның озат идеяларга толы
өлендері көпшіліктін назарын тез аударып, кітап ел ішіне кейіннен тарай бастады. М. Дулатов патша үкіметінін, саясатын әшкерелеп, зансыздыққа, халыққа қысым жасаушылыққа қарсы шыкты. Қазақ жастарын окыту, мектеп ашу қазақша газет-журналдар шығару қажеттігін айта отырып, М. Дулатов орыс тілін, медениетін игеруге де ерекше мен берді. Елді өнер мен білімге ұмтылуга шақыру идеясы Абайдан, Абай заманынан басталды. Алайда, осы идеянын жана коғамдық жағдайда кенірек, жаңаша мағынаға ие болып, Оян, қазақ! деген сөзді ұлттық ұранға айналуы осы кез - XX ғасырдың басы болатын. Міржақып әдебиет, мәдениет ісіне қазақ даласында жана демократиялық, ағартушылық қозғалыс бел алып, кен өріске шыға бастаған тұста араласа бастады. 1905 жылы орыс революциясы Ресейде таптық күрес, саяси қозғалыстын күшейе түскенін айғақтады. Патшалық үкімет Ресейдің шет аймактарындағы, сонын ішінде Қазақстандағы демократиялық қозғалысқа, әсіресе, азаттық ансау идеясынын өріс алуына жол бермеуге тырысты. 1905 жылдын өзінде-ак, қазақтың ұлттық интеллигенциясынын өкілдері ұйымдаскан саяси-әлеуметтік күшке айналып, халык муддесіне бірден-бір сәйкес деп саналған тілек-талаптарды патша үкіметінін алдына ашык коюта шейін барган. Дулатов Міржакып 1885 жылы 25-қарашада Торғай уезіндегі Майкара болысынын 3-інші аулында туған. 1935 жылы 5-қазанда айдауда, лагерьде жүрген кезінде ауырып, қайтыс болады. Әкесі Дулат қарапайым іскер, қол шебері етікші болган. Міржақып 8 жаска толған кезінен бастап екі жылдай ауыл молдасынан сабақ алады. Одан сон ауылдағы орыс мектебінде, ал 1897 жылы Торгайдағы орыс-қазақ мектебінде оқиды. 1904 жылы ол Омбы қаласында жасырын ұйымға қатысады, қазақ интеллигенциясынын алдынғы қатарлы өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновпен жақын танысып, араласа бастады. 1905 жылы орыс революциясы кезінде Қарқаралыда ереуілшілердің арасында болады. 1907 жылдан бастап онын бірлі-жарым өлен, макаласы да жариялана бастайды. Міржакып Дулатов бірден-ақ қазақ халқынын арман-мүддесін терең түсіне білетіні, қазақ, қоғамында жаңадан өріс алып келе жаткан демократияшыл идеялардын жаршысы екенін айкын танытты.
Міржақыптын Серке газетінін (Ульфат газетіне қосымша) 1907 жылы басылган «Біздін максатымыз» атты мақаласы кешірім жасауға
болмайтын саяси үгіт деп саналып, бұл газет конфискеленсін деген шешім
қабылданады. Оның осы мақаладағы пікірлері Оян, қазақ!
кітабында әсіресе айкын, әсерлі айтылады. Оян, казак! 1909 жылы тұңғыш рет жарык, көріп, кітап 1911 жылы екінші рет жарияланады. Осы жылы патша үкіметінін бақылау орны Оян, қазақ! елді бұзатын, дүрліктіретін, революцияға үндейтін кітап деп тауып, М. Дулатовты
камауға алады, кітапты таратута, окуға үзілді-кесілді тыйым
салынсын деген сот шешімін шығартады. Кітаптын қолдан-қолга тарап жүрген қаншама данасын таптырып, жойып жіберуді катты қадағалайды. Оян, қазақ! кітабын окығанда Міржақыптың халықтын мұн-
мұктажын өз мұңындай көретіні әр сөзінен айқын сезіліп тұрады. Ақын өзінін халык алдындағы жауапкершілігін толық, сезінеді. Ол өз замандастарына, козіі ашық зиялыларға тарих, коғам кандай міндет жүктеп отырғанын анық анғартады, халықты ескіліктен, зоблық-зомбылықтан, қанау-езушіліктен кұткаратын күшті кұрал оқу-білім, өнер, тылым, адал еңбек, әділдік, адамгершілік үшін күресу екенін ұға білді.Міржақып Дулатов патша үкіметінін қазақ даласын билеу ісін жүргізудегі саясатынын, кемшіліктерін, кер-тартпа сипатын айкын анғарды. 1916 жылы оғиғаны, 1917 жылғы акпан көтерілісі мен Казан төнкерісі кезіндегі саяси-әлеуметтік жағдайды көріп, дұрыс бағалай алды. Осындай үлкен тарихи оқиғалар болып жаткан кезендерде алдынғы қатарлы қазақ зиялыларынын, коғам қайраткерлерінің күресі елдің азаттығын сақтап қалуга бағытталды. Сол дәуірдегі тарихтың уакыттың өзі қазақ қоғамынын алдына тарткан, күн тәртібіне койған ең маңызды, түбегейлі мәселе кандай еді десек, халық мүддесін көздеген озат ойлы қазақ зиялыларынын қоғамдық саяси күрестегі алдына койган негізгі максаты елдін азаттырын қорғап қалу, сол үшін ұлттық мемлекет құру болатын дер едік. Ел берекелі, беделді болу үшін, халықтын
ұлттық, мәдениетін өркендету үшін алдымен азаттық, бостандық
керек, ерікті ел, болу керек екенін олар жаксы түсінді. Қазақ еліне автономия
беру мәселесін ашық койған Әлихан Бөкейханов 1917 жылы акпан
төнкерісінен кейін бұл үміттін ақталмайтынын байқап, ұлттық партия кұру ісіне кіріседі. Біз, Алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт
автономиясын тікпек болдык, - дейді Әлихан Бөкейханов, бірак ол ниет к
қолдау таппады дей келіп: Мен сонан сон қазақ Алаш партиясын ашуга кірістім, - дейді. (Мен кадет партисынан неге шыктым? деген макаласында.
Казак, 1917. N°256). Міне, сөйтіп қазақ интеллигенциясынын алдынғы
қатарлы өкілдері Алаш партиясын кұрып, Алаш-
орда үкіметін орнаткан кезде Міржакып Дулатов алаш туын
көтерген Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсыновтардың қатарында
болды. Ақынның Алашқа атты өлені реквием (казалы жыр) деп аталғанымен, оны тек өткен заманды аңсау мәселесімен құрылған демесек
керек. Қазақтын бұрын өздері ақ киізге көтөріп сайлайтын хандары, әділ билері, ел намысын қорғай алатын батырлары болган кең сахарада малын
бағып, еркін көшіп-қонып жүрген дәуірі артта қалды дей отырып, Міржақып ол заман өкінгенмен енді қайтып келмейді, сондықтан уакыттын, қоғамдық жадайдын өзгергенін түсініп, соған сәйкес әрекет қылып, қазақ, көшін оңға бастайтын адамдар қажет деген ойын аңдатады. Міржақып ақындық, жазушылық, еңбегін журналистік қызметімен ұштастыра білді. 1911 жылы Айқап журналында, 1913-1918 жылдарда Қазақ газетінде қызмет етті. Ол
қазақ, газетін шығаруға бас редактор Ахмет Байтұирсыновпен бірге аянбай ат салысып, осы газеттін жарық көрген алғашқы күндерінен бастап оның, бетінде әдебиет пен мәдениетке, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелеріне арналан макалалар жариялап отырды. Сөйтіп, ол талантты публицист, әр түрлі әлеуметтік, мәдениеттік мәселелерді толғайтын макалалардың, очерк, фельетондардын авторы ретінде жұртшылыкка кеңінен танылады.
Халыктың тағдырын ойлап, толганып, елдің бірлігін арттыру, заманның ынғайына қарай әрекет кылу, талаптану, адал қызмет қылу, жастарға білім беру, ғылым үйрету, мұсылманшылық, орыс тілі , өнерін білу секілді аса маңызды қоғамдық мәселелерді қозғайтын өлеңдерінен азамат ақын, жалынды публицист, батыл күрескер, қажырлы қоғам қайраткерінін тұлғасын көз алдымызға анық елестете аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет