Мысы бойынша тапсырмалар



бет1/8
Дата22.11.2022
өлшемі37,3 Kb.
#51727
түріМонография
  1   2   3   4   5   6   7   8

«АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ»
ПӘНІ БОЙЫНША


СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СӨЖ)

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР


СӨЖ №1


Тақырып: «Монография, оқулықтар мен оқу құралдарына (гуманитарлық бағытындағы оқулықтардың ерекшеліктеріне) сараптама жазу» (Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша 100-кітап)»
Тапсырманың қысқаша мазмұны: «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жалпы саны 100 оқулық аударылды. Оқулықтың әрқайсысы 10 мың дана басылыммен шығарылып, жаңа оқу жылында еліміздегі 130 жоғары оқу орнына таратылды. Электронды нұсқалары «Қазақстанның ашық университеті» мен «Қазақстанның ашық кітапханасы» порталдарына орналастырылып, интернет арқылы еркін қолданысқа берілген.
Қазіргі заманауи кездегі материалдарды пайдалана отырып, ғылыми үрдісіне қатысты әдебиеттер мен интернет ресурстарымен танысып, талдай отырып баяндама жазу.
Жұмыстың мақсаты: студенттердің білімдерін жетілдіру және болашақта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуға баулу. Ғылыми тұрғыда ойлау және сөйлеу қабілетін арттыру.
Өткізу түрі:студенттер өз таңдауы бойынша талдау жасау.
Бағалау түрі: 20 – балл.
Өткізу уақыты: 3-шы апта.
Әдістемелік нұсқау: № 1 тапсырма материалдарын, сондай-ақ қосымша оқулықтар мен оқу құралдарын, тарихи әдебиеттер мәліметтерін, сонымен бірге интернет материалдарын пайдалана отырып әр студент жеке орындайды.
Бағалау критериі: Максималды балл алу үшін тапсырма толық орындалуы тиіс, жауаптары мазмұнды, әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, мысалдармен және өз уақытында орындалуы тиіс.
1-тапсырма: «Өнер тарихы» авторы Эрнст Гомбрих»
Жұмбақ бастаулар – тарауы бойынша мысалдар келтіріп, баяндау. Керемет нәрсе – әр шығарманың қандай мемлекеттен екенімен қоса, авторлардың еңбегіне сол кездегі мемлекеттің саяси-әлеуметтік жағдай себеп болғаны қатар қарастырылған.
Мәңгілік өнер – тарауы бойынша тарихи оқиғаларға мыслдар келтіру. Бұл жерде бейнелеу өнері болғанда, кескіндеме, мүсін, сәулет өнерінің ерекшеліктерімен солардың шығармаларына жауап беріледі.
Шіркеу өктемдігі – тарауы: жалпы бейнелеу өнерінің дамуына діннің әсері, әсіресе, христиан дінінің әсері туралы толығырақ айтылған.
Әсемдік әлем – таруы бойынша - көп жерде араб өнері айтылмайтын, ал бұл кітапта мұсылман өнері жайлы мағлұматтар берілген.
Әлемді бағындырушылар - тарауы бойынша ұлы тұлғаларды мысалға келтіре отырып баяндама жасау.
Сарай маңындағылар мен қала тұрғындары – тарауы бойнша халықтардың әлеуметтік жіктелістеріне баға беру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет