Құмкент. Жанкент



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата27.01.2022
өлшемі0,91 Mb.
#24438
  1   2   3   4   5


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Отырар 

 

 

Талғар 


 

 

Түркістан 

 

 

 



 

 

 

Аспара 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меркі 


 

Құлан 


 








 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Құмкент. Жанкент 

 

 

Тараз 


 

 

Суяб. Сайрам 

 

 

 



 

 

Баласағұн 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сарайшық. Сауран



 

Алматы 


 



10 


11 

12 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Отырар 

 

           Отырар  –  қазақ  жеріндегі  ең  көне  қалалардың  бірі.  Ежелде 



Отырар  қаласының  орнында  Фараб  немесе  Бəрəб  атты  үлкен  қоныс 

болған. «Бəрəб» – ежелгі түркі сөзі. Ол «сулы қоныс» деген мағынаны 

білдіреді,  себебі  шаһар  Арыс  пен  Сырдария  өзендерінің  қосылған 

тұсында  орналасқан.  Ежелгі  Отырар  немесе  Фараб  қаласының  орны 

Оңтүстік  Қазақстан  облысының  оңтүстік-  батысында,  темір  жол 

бойында  болған.  Отырардың  орнында  бұл  күндері  басы  бүтін  жалғыз 

қалған  құрылыс  –  Арыстан  баб  ғимараты.  Алғашқы  көне  дəуірдегі 

ескерткіш қираған соң, бұл – соның орнына салынған ортағасырлық 

əсем  өрнекті  ғимарат.  Арыстан  баб  –  Отырар  жеріне  алғаш  келген 

білімпаздардың  бірі.  Ол  туралы  жазылған  нақтылай  деректер  жоқ. 

Əйтсе де, «Арыстан баб – əрі ақын, əрі жұлдызға қарап адам тағдырын 

болжайтын  көріпкел...  Жылына  бір  мəрте  Меккеге  барып,  əулие- 

əмбиелерге  мінəжат  қылған»  деген  деректі  оқимыз.  Арыстан  баб  – 

Қожа  Ахмет  Иасауидің  ұстазы,  Баб-Атада  жатқан  Ысқақ  бабтың 

замандасы,  əулие  болған  адам.  Арыстан  баб  мазары  Сайрамдағы 

Əбділəзіз  баб,  Баб-Атадағы  Ысқақ  баб  ескерткіштеріне  ұқсайды. 

Ежелгі  Отырар  қыштан  салынған  тамдары  бар,  көшелері  кең,  керуен 

кіріп-шығатын  қақпалары  бар  көрікті  қала  болған.  Қала  халқы 

қолөнермен айналысқан. Осы қалада əлемнің екінші ұстазы Əбу Насыр 

туған.  Əбу  Насыр  əл-Фараби  жас  кезінен  зерек,  алғыр,  білімқұмар, 

дарынды  бала  болып  өскен.  Ол  –  көптеген  тілдерді  білген,  кітап 

оқығанды,  музыканы  жақсы  көрген,  бүкіл  өмірін  ізденумен  өткізген 

ғұлама адам. Əл-Фараби – əр түрлі халықтарды танып-білуден, тілдерін 

үйренуден  жалықпаған  дана.  Қайда  жүрсе  де,  туған  жерін  ешқашан 

ұмытпаған. Ол Аристотель еңбектерін араб тіліне аударған. 

 

 



Талғар 

 

          Алматыдан  шығысқа  қарай  25  км  жерде,  Іле 



Алатауының  бөктерінде,  Талғар  өзенінің  оң  жақ 

жағалауында  ежелгі  Талғар  қаласы  орналасқан.  Х 

ғасырдан  бастап  ол  «Талхиз»  деген  атпен  белгілі. 

Қаланың  орталық  бөлігі  мұнаралы  бекініс  дуалымен 

қоршалған. Бекініс дуалының қазірде сақталған биіктігі – 

5 – 6 м, қалыңдығы – 15 – 17 м. Қалаға солтүстік-шығыс 

жəне  оңтүстік-батыс  тараптан  кірер  екі  қақпа  бар. 

Құрылыс орындарының қалдықтары бекініс сыртында да 

көптеп  сақталған.  Қаланың  жалпы  аумағы  –  28  гектар. 

Қаланың  іргетасы  б.з.  ІХ  ғасырында  қаланып,  ХІ  –  ХІІ 

ғасырларда  гүлденген.  ХІІІ  –  ХІV  ғасырларда  қала 

күйрей 


бастаған. 

Қала 


орнынан 

зергерлердің, 

көзешілердің  шеберханалары  табылды.Олардан  қыш 

ыдыс  күйдіретін  пештер  аршылып,  зергерлер  мен 

ұсталардың, көзешілердің, ершілердің құрал-саймандары 

шықты.  Қалада  теңге  шығаратын  орын  болған. 

Гүлденген  кезеңінде  Талғар  Іле  өңірінің  əкімшілік-

мəдени  орталығы  болған.  Талғар  қазбалары  бүкіл  Іле 

өңірінің отырықшылық өмірі жайында құнды мəліметтер 

береді. 


 

Түркістан 

 

            Түркістан  –  бабаларымыздың  көне  қаласы.  Ол  Қаратау 



мен    Сырдария  өзендерінің  ортасында,  Ұлы  Жібек  жолының 

бойында орналасқан. Ежелгі қалаға тырнадай тізілген қоңыраулы 

керуендер Батыстан да, Шығыстан да келіп жататын болған.

 

Ерте 



заманда, қала Шабғар деп аталатын. Мұсылман діні орныққаннан 

бастап  қала  Иасы  деп  аталған.  Ақын  Қожа  Ахметтің  Иасауи 

болатыны осы тұс. Моңғол жаугершілігінен кейін қала Түркістан 

атанды. Түркістан – «түріктер мекені» деген сөз. қоса, отырықшы 

да  өмір  сүрген. 

Отырар,  Тараз,  Түркістан  секілді  қалалар  салған. 

Қалаларда  шəкірттер  оқитын  медреселер  ашқан.  Сондай  бір  ғажайып 

медресе-мектеп Түркістанда болды. Медресенің бас мұғалімі ақын Қожа 

Ахмет Иасауи еді. Ахмет өзін «Иасауилік құл қожа» деп атаған. Ол көне 

қала – Исфиджабта (кейінгі Сайрам) дүниеге келген. Бала кезінен алғыр, 

зерек  өскен  Ахмет  ақын,  діни  ғұлама  жəне  түркі  халықтарының  рухани 

көсемі  болады.  Бала  оқыта  жүріп,  «Даналық  кітабы»  деген  кітабын 

жазады.  Кітапқа  кісінің  таза  жүруі,  өтірік  айтпауы,  адал  болуы  туралы 

ақыл  сөздері  енеді.  Осы  сөздерін  ақын  «хикмет»  деп  атаған.  Ұзақ 

өмірінде төрт мыңдай хикмет жазған. Əзірге бізге жеткені – жетпіс қана. 

Ата-бабаларымыз көне  заманнан  Түркістан  топырағына  барып,  тəу  етіп, 

қасиет  тұтқан.  Хандар  таққа  отырған  кезде  Қожа  Ахмет  ақынның 

басында  тұрып  ант  берген.  Өлген  кезде  ол  кісілерді  осы  жерге  əкеліп 

қойған.  Көне  Түркістан  топырағында  сексен  бір  хандар,  билер, 

батырлардың  сүйегі  жерленген.  Жас  жеткіншек,  сендер  ата- 

бабаларыңның  ерлік  жолын,  тасқа  басылған  сөзін  іздесеңдер,  осы  көне 

Түркістаннан  табасыңдар.  Өйткені  тарихы  терең  Түркістан  қышпен, 

таспен жазылған кітап секілді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет