Мұнай кен орындарының физикалық-химиялық Әдістері



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата27.11.2023
өлшемі3,18 Mb.
#129113
  1   2   3   4   5   6


МҰНАЙ КЕН
ОРЫНДАРЫНЫҢ
ФИЗИКАЛЫҚ-ХИМИЯЛЫҚ
ӘДІСТЕРІ 
С А Л Т А Н А Т М А Р А Т О В Н А


WARDIERE INC.
2022
Company
 ЕРІТІНДІЛЕРМЕН ЖӘНЕ ГАЗДАР
АРҚЫЛЫ ЖОҒАРЫ ҚЫСЫМДА
ҚАБАТТАН МҰНАЙДЫ
ЫҒЫСТЫРУ
Қабаттан мұнайды сумен ығыстырудың толығымен болмауының ең басты себебі, олардың
сулануы ығыстырушы және ығыстырушы сұйықтықпен үйлеспеуі нәтижесінде осы
сұйықтықтардың бетінде беттік бөлік және мұнайды кеуекті ортадан капилярлы кеуектер
пайда болады. Сонымен қатар қабаттың суланған аймақтарында жыныс түйіршігінің
бетіндегі мұнайдың толығымен ығыстырылмауы, мұнайдың ауыр компоненттерінің
адсорбциялануының нәтижесінде болатын жыныс коллекторларының
гидрофобизациясымен түсіндіріледі, сондай-ақ ығыстырып отырған сұйықтық пен
ығыстырушы тұтқырлықтың әртүрлі айырмашылығының болуы, оның өзі су-мұнай
байланыс кезіндегі гидродинамикалық тұрақсыздығының пайда болуына әкеліп соқтырады,
яғни мұнай түйіршіктері немесе тамшыларының құралуына себеп болады.
Қабаттан мұнайды ығыстырғыш еріткіш ретінде спирттер, эфирлер,
күкіртсутек және т.б. қолданылады. Бірақ бұлар қымбат заттар болып
табылады. Ауа, су, кейбір жағдайларда табиғи газ бен көміртек қос тотығын
пайдалану арзанға соғады. Сонымен бірге, қарапайым қабат жағдайларында
су мұнаймен араласпайды, қабатқа ауаны айдау басқа процесс қабатішілік
жанумен мұнайды ығыстыруды ескеруіміз қажет. 


50 және 60-жылдардың басында қабаттан мұнайды ығыстыру үшін мұнаймен
араласатын заттар ретінде көмірсутекті еріткіштерді – сұйытылған пропан, газ
конденсат, бензин және қабат бойымен су немесе құрғақ газбен қозғалатын тығын
немесе жиек түріндегі, т.б. еріткіштерді қолдану ұсынылған
Зертханалық тәжірибелердің көрсетуі бойынша қабаттан мұнайды онымен араласатын
еріткіш-заттармен ығыстыру үдерісінде ығыстыру коэффициенті 100%-ға дейін жетуі
мүмкін. Егер қабатқа құрғақ газбен ығыстырылатын еріткіштің жиектерін пайдаланса,
мұнайды ығыстыру коэффициенті бұрынғыша жоғары болып қалады, бірақ газ-еріткіш
байланысында тұрақсыздық байқалып, жиек айтарлықтай тез жоғалады да, еріткіш
қабаттан құрғақ газбен бірге алынады. Осылайша, құрғақ газды еріткішжиегін
ығыстырушы зат ретінде қолданған жағдайда ығыстыру процесі мен қабатты ұстау
коэффициенті төмендейді.


Көлбеу қабаттарда құрғақ газбен жоғарыдан төменге қарай ығыстырылатын еріткіш
жиегімен мұнайды ығыстырғаннан кейін оның бұзылулары елеулі болмайды және
қабаттан мұнайды ығыстыру үдерісі әсерлі болады. Бұл қарапайым, жоғары емес
қабат қысымында жүреді. Егер қысым жоғары болса, құрғақ газ бен көмірсутекті
еріткіштің араласуы тиімдірек жүреді, ал кейбір физикалық жағдайларда
шектелмеген араласуға дейін барады. Қабат қысымының одан әрі қарай жоғарылауы
физикалық жағдайларда еріткіштің жиегі тіпті, артық болып кетеді, өйткені мұнай
мен газ арасында құрғақ газ бен мұнайдан бөлінген көмірсутектердің толық араласу
аймағы, кейін көмірсутектер мұнайдың өзімен араласу аймағы пайда болады.
Мұнайдың көмірсутектермен толық араласуы жағдайында қабаттардан мұнайды
құрғақ газбен ығыстыру үдерісі қабаттардан жоғары қысымдағы газ бен мұнайды
ығыстыру деген атқа ие болды
Мұнайдың түзілуі мен мұнай мен еріткіштің ығысу аймағы өсуі үдерісі, газдың
циклдік айдалуы секілді молекулярлық және конвективті диффузиямен ескеріледі.
Бірақ соңғы жағдайда майлы газ қабаттан құрғақ газбен ығыстырылады. Бұл
газдардың тұтқырлығы іс жүзінде бірдей. Егер мұнай еріткіштің жиегімен
ығыстырылса, негізінен мұнайдың тұтқырлығының еріткіштікіне қарағанда көбірек
болуы себепті, қабатта бұл сұйықтықтардың араласу процесіне, демек жиектің
керекті мөлшерінің түзілуіне мұнай мен еріткіштің тұтқырлықтарының
айырмашылығы айтарлықтай әсер етеді
Қабаттан еріткіштің сумен ығыстырылуын ескермей мұнай мен еріткіштің араласу
үдерісін қарастырайық. Ең алдымен, еріткішті қабаттан сумен ығыстыруды
ескермей, мұнай мен еріткіштің араласу үдерісін қарастырайық


Тереңдік манометрінен басқа ұңғыманы зерттеуде тереңдік
термограф, шығын өлшегіш және тереңдік құрама аспаптар
«Поток» аппараттары қолданылады. Мұнай өнімін алу үшін қазіргі
заманғы механикаландырылған құралдарды орнатуда, олардың
агрегатын құратын әрдайым бірқалыпты әсер ететін өлшегіш
жүйелер жер бетіне ақпарат жеткізеді. Сонымен бекітілген
параметрлер – тереңдікте агрегаттан тұратын қабаттық емес
өлшегіш. Атап өтетін болсақ, түпте өлшенбейтін қысым
ұңғымаларында зерттеулер жүргізуге болады, оның құбыр
қысымымен динамикалық деңгей өлшемі ұңғымадағы қатты
импульсінің пайда болуымен өндіріледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет