Модуль Материалдар кедергісі ДӘріс тақырып Негізгі ұғымдыр мен гипотезалар. Ішкі күш факторлары, кернеу және деформация



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#21578
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
§ 4. Сыртқы күштер (жүктемелер

 

Жұмыс жағдайында машиналар және қондырғылар сыртқы күш әсеріне 



ұшырайды.  Олар  қадалған,  тең  таралған  күштер  және  моменттер  түрінде 

болулары мүмкін. Сыртқы күштер түрлері: 



1.Әсер ету орнына байланысты: 

а)беттік  – дене бетіне әсер ететін (мысалы, ыдыстың қабырғасына судың 

немесе газдың қысымы); 

б)көлемдік  –  дененің  кеңістіктегі  кез  келген  нүктесіне  әсер  ететін  

(мысалы, инерциалық, магниттік). 

2. Күш әсер ететін ауданның мөлшеріне байланысты:  

а) қадалған (мысалы, дөңгелек қысымы); 

б)  -  аудан  бойынша  тең  таралған.  Жүктеменің  қарқыны  Н/м

2

,  т/м



2

 

өлшенеді. 



-  ұзындық  бойынша  тең  таралған.  Жүктеменің  қарқыны  q    әрпімен 

белгіленіп, Н/м, т/м өлшенеді. 



3. Әсер ету мерзімінің ұзақтығына байланысты: 

а) тұрақты жүктеме (салмақ күші); 

б) уақытша (поездың көпірге әсері). 

Айнымалы күштер статикалық және динамикалық болып екіге бөлінеді. 

Статикалық  күштердің  әсер  ету  жылдамдығы  уақыт  аралығында  өте  аз 

шамаға өзгереді (0-ден 2 мм/мин),  динамикалық күштер әсері тезірек өзгеріп 

қосымша инерция күштерінің пайда болуына жағдай туғызады. Динамикалық 

күштерге  инерциалық,  соққы,  айнымалы-қайталанбалы  күтер  жатады. 

Сондықтан  динамикалық  жүктемелерде  инерциялық  күштерді  ескермеуге 

болмайды. 

Сыртқы  күштерге  тек  берілген  күштерден  басқа  тепе-теңдікті 

қамтамасыз ететін байланыс реакцияларыда жатады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет